Нағыз махаббат
Армандап атыратын таңды,
Бөлейтін қуанышқа жанды,
Жүректе сақталатын мәңгі,
Нағыз махаббат, нағыз махаббат.
Жаныңды батыратын мұңға,
Жетелеп шақыратын шыңға,
Сан түрлі салатын да сынға,
Нағыз махаббат, нағыз махаббат.
Рэп
Шаттанып шарқұрамын,
жанымды қуаныш кернеп,
Әдемі келбетіңмен
әдемі тауып өрнек.
Дәл осы сәт,
дәл осынау келбет.
Жүрсің сен ғана,
жанды тербеп.
Уақыт өтсе де зулап,
Өткен күндер өшіп,
Асау жүрегім тулап,
Жүремін жалын кешіп.
Жаным тыңда сөзімді,
Сүйсең егер тек мені
Көктемімсің көңілдегі,
Көркемімсің көгімдегі
Шырағымсың сенімдегі,
Шуағымсың өмірдегі
Қолыңды создыратын күнге,
Сезімді толтыратын гүлге,
Қосылып жүре алмайтын бірге,
Нағыз махаббат, нағыз махаббат.
|
Басыңды соғатын да тауға,
Көңілді айналдырған бауға,
Ыстық от сыйлайтын да қанға,
Нағыз махаббат, нағыз махаббат.
Махаббатым ау,
Махаббатым ау.
Махаббат - ол сағыныштың түндері,
Сан жүректің алып ұшқан күндері.
Баға жетпес бақытының жолында
Қиындықпен қолы жетпей жүргені
Махаббат - ол биік арман аңсаған,
Жылап өткен бұл өмірден қанша адам.
Күйіп жанып сүйгеніне жете алмай,
Ғашық жүрек зарын айтып шаршаған.
Көктемімсің көңілдегі,
Көркемімсің көгімдегі
Шырағымсың сенімдегі,
Шуағымсың өмірдегі
Армандап атыратын таңды,
Бөлейтін қуанышқа жанды,
Жүректе сақталатын мәңгі,
Нағыз махаббат, нағыз махаббат.
Жаныңды батыратын мұңға,
Жетелеп шақыратын шыңға,
Сан түрлі салатын да сынға,
Нағыз махаббат, нағыз махаббат.
|