Наурыз батасы



Дата28.03.2023
өлшемі13,59 Kb.
#76954

Наурыз батасы
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мерекесін ұйымдастыру және өткізу іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылдың 16 наурызы күні №126 орта мектебінде «Наурызым -берекем!» атты бата-тілек сайысы өтті. Оған 1-4 сыныптардан 14 оқушы қатысты. Шараға мектеп директоры қатысып, барша көрермендерді Наурыз мерекесімен құттықтады. Әділқазы алқасының шешімімін 2-сынып оқушысы Жансұлтан Темірбекұлы, 4 ә-сынып оқушысы Ақжүрек Қасымханұлы жеңімпаз атанды. Бастауыш сыныптар бірлестігі мұғалімдері бата сайысына қатысқан балаларға ұлттық нақыштағы сыйлықтарды сыйлады.

Наурыз фестивалі өтті


Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 17 наурызы күні «Көктем шақырады» тақырыбында 8-9-10 сынып оқушыларының қатысуымен өнер фестивалі өткізілді. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған шарада ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер қойылып, халық әндері айтылды. Арқан тарту, асық ату, қол күресі ұлттық ойындары ойналды. Жеңімпаздарға «БАҚ» шаруа қожалығының төрағасы Серік Әбжалиев Тынтайұлының демеушілігімен сыйлықтар табысталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет