Наурыз тойы құтты болсын!



Дата04.04.2023
өлшемі16,55 Kb.
#79315

1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
2 - жүргізуші: Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!

1 - жүргізуші: Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып,


Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

2 - жүргізуші: Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.


Олай болса, бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры Салтанат Аманжолқызына беріледі.
І жүргізуші:
Шашу, шашу көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл - көсір! ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.

2 - жүргізуші: Алқа - жұртым, той - думан,


Ортамызда ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық!
Ән «Наурыз көктем» Нысаналы Іңкәр

2 - жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,


Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн - Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
1 - жүргізуші: Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік де.
Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.
2-жүргізуші: Жай далаға алаша,
Наурыз келді тамаша.
Ағайлар мен апайлар,
Қуанып жүр балаша – дей келе ортаға мың бұралған бишілерімізді қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші: Жайнатамын бар гүлді.
Сайратамын бұлбұлды –
Төгілтіп ән-жырымды
Мейрам етем бұл күнді.
2-жүргізуші:Наурыз тойын әр қазақ асыға күтетіні белгілі. Ата-бабамыздың салтында арқан тартысып, алтыбақан құрылып, жауырыны жерге тимеген палуандар күш сынасып, түрлі ойындар ойналған. Осы себепті ата-баба дәстүрін дәріптеп бүгінгі думанды тойымызда ойындарымызды ойнатқымыз келіп отыр.(Арқан тартыс)
1-жүргізуші: Наурыз – гүл көктем
Сәнді еді арайлы
Күлімдеп күн көктем
Нұр шашып қарайды.
Бусанып жерім бай
Төсінде қалқып ән
Наурыз көңілді ән
Шаттығы шалқыған.
2-жүргізуші: Ән қосылсын сәніңе!
Ырысты боп жаңа жыл!
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа
Бас қосылып бойыңа
Аман-есен жетейік
Келер Наурыз тойына. Келесі кезекті өнерлі оқушысы Қазбек Әселдің әніне кезек берейік.
1-жүргізуші:
Ұлыс күні қазан толсаа
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алса
Сонда олжалы жол болар
(Бата беріледі)
2-жүргізуші:
Жұрттың тасып жігері,
Бір-бірімен жүздесіп,
Ет, су, қатық, жүгері,
Бидай, тары, тұз қосып,

Көже ішеді бір жасап,


Қауқылдасып, мақтанып.
Ақыны ойдан жыр қашап,
Күйші, әншісі шаттанып,

Көже ішеді тойғанша,


Қауқылдасып, шаттанып.
Айтылатын ой қанша?
Жас-кәрісі мақтанып.
Наурыз тойының негізгі дәмі наурыз көже. Қыстан қалған барлық тамақтан дәнді дақылдан жасалған ұл тамақты ішсең бір жылға дейін тоқ жүресің дейді.
1-жүргізуші:Иә, дұрыс айтасың Ақманат. Қазақ халқымыздың осындай дәстүрі қасиетті тойлары, ұлттық тағамдары жетерлік. Алайда ең құрметтісі наурыз көже. Қыстан жүдеп шыққан бір ауыл адамдары үйлеріндегі бар затын әкеліп ерекше бірлікпен сеніммен ынтымақтастықпен жасалған бұл тағам біз үшін қадірлі. Бұл наурыз тойдың түпкі мақсаты адамдарды бірлікке, татулыққа ынтымақсатыққа шақыру. Жыртықты бірге жамап, шаңырақты бірге құру қазақ халқының бойындағы асыл қасиетінің белгісі. Осындай жиылған үлкен думан тойда сіздерге тілейміз ден саулық, жұмыста табыс, бойларыңызға қайрат.
2-жүргізуші:Әрине, наурыз тойында жаулар дос болып, өкпелілер татуласып жаңа өмір бастау. Еліміз аман жұртының тиыш болсын ағайын. Бүгінгі тойымызды жабық деп жариялаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет