Негізгі кейіпкерлер: Ерік, Айна, Таған және Еріктің анасы Нүрке



Дата05.03.2023
өлшемі21,91 Kb.
#71625
Байланысты:
О.Бөкей Атау кере


Оралхан Бөкей өзінің әдеби тіл байлығымен, ерекше суреттеуімен көзге түсетін xx-шы ғасырдың аса ірі майталманы, драматург, жазушы, журналист, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік және Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты атанған қазақ әдебитенің ең сүлей реалистік тұлғасы. Өз шығармаларына ауыл тақырыбы мен адами құндылықтарды мейлінше арқау еткен жазушының адам дүниесіне үңіле білуі бөлек бір өнер дермісің. Солардың бірі «Атау-кере» драмасы.Атау кере — адамның ақтық демі қалғанда ішілетін суы, «қолымнан ішкен соңғы дәмін болсын»-деп бақилық болғалы жатқан адамға су немесе сұйық ас ішкізген.
Негізгі кейіпкерлер: Ерік, Айна, Таған және Еріктің анасы Нүрке. Адамзат баласының тағдыр жолын тармақтап көрсеткен шығар шыңы биік еңбектердің топ жарғаны. Адами қасиеттер белең алған драманың өмір арпалыстарын терең қамтуы, үш-төрт қана адамның бойынан өрбиді. Шығармадағы ой астарлы, көркем-әдеби, саралы, зерттер зердесі мол.
Білімді, дүниетанымы кең, танымы терең, ЖОО-да қызмет еткен Тағанның өмірін өзгерткен шайтанның ащы суы болатын. Тағдыр тәлкегіне іліккен ердің осы бір сусынды көргенде өзін-өзі басқара алмайтындай халге жетуі өзгеден бұрын, бірінші өзінің сағын сындыратын. Тағанның дәл осы мешеу халінің үстінен түскен замандасы Еріктің ойы арам, пиғылы жаман еді. Бұрынғы адамгершілігінен тайғып, дүниеқор болып кеткен. Тіпті, байлыққа құныққан бейнесі нашақордан айырма таппайды, көзің шел басып, нәпсісіне ерік бере салатын оның Тағанды құлша жұмсауға деген сұм ойы еш кедергі емес. Арақтың құлына айналғаны болмаса, Тағанның санасы сарабдал емес.
Айна — Еріктің құдай қосқан жары. Жаны таза, көңілі пәк, сезімтал келген, балиғатқа толмаған баладай аңқау. Алматыдағы оқуын бітіріп, Ерікпен тағдырын қосқанымен, көңілі қаяу, жұбайына деген сенімсіздігі басымырақ. Дүниеқор болып кеткен Еріктің сол кейпі ерлі-зайыпты ретіндегі ішкі жарасымын алыстатып жатты. Нүрке кемпір-Еріктің емес, Айнаның анасындай болып кеткен орыс ұлтты әжей. Екі аяғынан айрылғанша бес уақыт намазын қаза қылмай, күйеуінің дініне адалдығын көрсеткен тағылымы биік тұлға. Ұлты басқа болса да жастайынан қазақтың шаңырағына келін болып түсіп, ерекше мінезімен оқшауланады. Оқу орнын бітіріп, мамандықтары бойынша кәсіп етпеген олардың омарташылықпен айналысқандарына 5 жыл. Еріктің үйге келуі сирек, бар шаруа жалғыз Айнаның мойнында. Шыдамдылық Айнаның бойына басқа қасиеттерден де биік дамыған болуы керек. Тағдырына наразылығын тек жалғыз қалғанда іштей ғана ойлайтын.
Жалпы, шығарма әр кейіпкердің мінез-құлық, іс-әрекет, рухани құндылық және адами қасиеттерімен ерекшеленеді. Яғни, әр кейіпкердің өзіне тән адами қасиеттерімен ерекшеленеді. Жүсіпбек Қорғасбек: «Оралханның жұрттың бәрі мойындаған бірінші ерекшелігі-шығармаларындағы асқақтық немесе романтикалық сарын.Екінші ерекшелігі-шынайы өмірге етене жақындығы…Үшінші ерекшелігі-шығармаларына бейтарап,жайбарақат оқиғаларды өзек етпеуі.Ширыққан,шиыршық атқан сюжеттерді алады. Кейіпкерлерді от пен суға салып алады»-деген болатын.
Араққа салынғанымен, Тағанның ішкі дүниесі бүлінбеген, титтей де бұзылмаған. Тек, Еріктің арам пиғылына тәуелді болып, Айнаның қолдауымен ғана ащы суды аузына алмауға серттескен күйі, адам кейпіне оралады. Шөп-желкені сусын етіп, тәнін тазартып, Ерікке қарсы гармониялары оянады. Еріктің кесірі, ашкөзділіктен туындайды. «Ақшаны көп табамын» деген нәпсі жолында будандастыру үшін Американдық араларды алдыртады. Ең өкініштісі, Нүрке кемпірдің дәл осы аралардың шағуынан ажал құшуы еді. Өлер алдында ақ сүтін ақтамаған ұлы Ерікке бір ауыз сөз жылылығын да, өсиеті тұрмақ, жылы көзқарасын көрсетпеді. Өзіне дем берген келіні Айна мен Мақажан ақынның немересі Тағанға айтар ауыз сөзі қастерлі.
Ащы суға берілген Тағанның бейнесі-қоғамдағы әділетсіздікті, құрдымға кетіп бара жатқан адамзаттық қүндылықтар мәселесін көтерген. Таған түзелгенінде:«БІЗ қатыгезденіп барамыз, БІЗ имансызданып барамыз,БІЗ айналайын анамыздың ақ сүтін ақтай алмай жүрміз,бір күнгі қызды-қызды қызыққа мастанып,көзімізді шел басты,көңіліміз көр,жігеріміз құм болып,құрдым дәуреннің әләуләйін кешіп жүрміз»-деп түйіндеді. Адамның түзелуіне қашан да жол бар, тек өзіңді басқаратын толық сана мен қолдау жеткілікті. Тәуелдімін деп тепкілену-сылтау ғана. Оралхан Бөкей ең соңында, өзеннің арғы бетіндегі ғашығына дету үшін Ерікті араға айналдырып, қыз қамшымен бір салғанда, оның жанын үзеді. Әйеліне мазаббат, анасына қайырым көрсетпеген Еріктің жанында араққа салынған Тағанның шоқтығы да, тұлға болмысы да биік. Таған мен Айнаның тағдыры бір арнаға тоғысып, бір ұлттың, жалпы адам баласының басындағы бар қасіретті жеңеді. Жазушы шығармасын саралап, адами құндылықтарға қарық болуға болады. Әр кейіпкер-әр тұлғалық қасиетті қамтиды. Жер қойнауына тапсырылғанына 28 жыл толған Оралхан Бөкейдің драматургиясы-әлемдік драматургияның үздік еңбегі. Оралхан азғантай ғұмырында сондай асқарлы биікке өзін де, елін де, туған әдебиетін де шығарып үлгерді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет