Негізгі мектеп оқушыларының информатика пәні бойынша оқу жетістіктерін бағалау жүйесін дамытудың маңызы Шахизада Жансая Жаңалыққызы



бет1/2
Дата19.04.2022
өлшемі21,24 Kb.
#31487
  1   2

Негізгі мектеп оқушыларының информатика пәні бойынша оқу жетістіктерін бағалау жүйесін дамытудың маңызы

Шахизада Жансая Жаңалыққызы

shahizada.zhansaya@mail.ru

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Жаратылыстану инститиуты Информатика және ақпаратттық коммуникациялық технологиялар кафедрасы Инф-20-1 М(п) оқу тобының магистранты

Ғылыми жетекші - Тілеубай Сәрсенкүл Шайкамалқызы

Аннотация: Компьютерлік технология арқылы көрнекілік принципті жүзеге асыруға болады. Информатика пәні бойынша оқушылардың жетістіктерін бағалау.

Кілттік сөздер: Информатика, бағалау, білім беру сапасы, информатика пәні бойынша әдістеме, жетістіктерді дамыту



...Адамзат үшін XXI ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ,

ал осы технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және

жетілдіру-бүгінгі жас ұрпақ,сіздердің еншілеріңіз.

Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында.

Н.Ә.Назарбаев

Қазір жаһандану жаңалықтары күн сайын емес сағат санап тұрмысқа еніп, қолданыс аясы кеңейе түсуде. Қоғамның қай саласын алсақ та, дамудың даңғыл жолына түсіп, өзгеруде. Әлемдік үдерістің басты тетігі - сандық технология болып отыр. ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың дәуірі екенін ескерсек, талассыз жаңіғыру жолында мол ізденіс, терең білімнің қажеттігін ұмытпауымыз қажет.

Дөңгелеген дүниенің бәрі кішкене смартфонға сыйып тұр емес пе? Уақыт пен мүмкіндіктің мекеніне айналды. Ақын М.Шахановтың «Компьютер басты жарты адамдар» өлеңінде жаппай компьютерлендірудің зияны туралы айтады. Адам баласы қанша білімді, техниканы меңгерген шебер бола берсін оны халқының рухани болмысына ұштастыра алмаса болашақ үшін қиыны сол. 2018 жылы болған әлемдік экономикалық форумда Alibaba Group интернет бизнес тобының негізін қалаушы Джек Ма: «Адамзат, техниканы дұрыс пайдаланып, өз кәдесіне асыруға тырысуы керек. Компьютер күннен-күнге жетіліп келеді әрі ол ешқашан ақпарааттарды ұмытпайды. Техникадан асып түсемін деп ойламаңыз» деген тұжырым жасаған болатын. Бүгінгі ұрпақ –ертеңгі болашақ. Олардың алған білім мен тәрбиесі бір-бірімен мазмұндас болса ғана еңбегіміздің жемісті болары сөзсіз. Заман ағымы балалардың жаңашыл тұрғыда дамуына назар аударуды қажет етіп отыр. Білім беру кезінде оқушының тұлғалық дамуын ғана емес, олардың оқу әрекетерінің сапалы әрі нәтижелі болуын қадағалау маңызды. Оқушының білімін, жетістігін бағалау – жұмыстың нәтижелігін анықтау болып табылады. Көптеген педагог – ғалымдардың тәжірибесіне сйенсек күнделікті бағалауды ұсынады. Себебі мұғалім оқушының әрекетін күнделікті бағалау арқылы, жүйелі жұмыс қалыптастырады. Жан-жақты зерттеп, қабілетін толық аша алатындай мүмкіндік алады. Сондай-ақ оқушы ертеңгі тапсырманы ықыласпен орындап, қызығушылығы арта түседі. Бағалау үшін қажетті сөйлеу, жазбаша орындалатын жұмыс түрлерін қолдануға болады. Жаңартылған білім мазмұнында бағалаудың жаңа сипаты пайда болды.Бұл мақсатта оқушының дайындық деңгейін анықтау, алған ақпараттарды оқушының өзіне талдату, меңгерту процесінде кездесетін қиындықтарды жою және оқушыны ынталандыру, ата-ана-оқушы-мұғалім арасындағы байланысты орнату мәселелерінің тиімді ұйымдастырылуы өте маңызды. Бағалаудың бұл түрі «критерилды бағалау» деп аталады. Уақыт өте келе бағалау түрі оң нәтиже беріп, қолдану аясы кеңейді. Осы мақсатта:

-оқушының жұмыс нәтижесі негізігі үлгімен салыстыру;

- оқушының тек қана жұмысы бағалау;

- білім берудің сапасы артады;

-оқушының жеке қабілеттерін анықтау сияқты артықшылықтарын мойындағанымыз жөн.

Меніңше бағалаудың қай түрін алсақ та ең алдымен баланың материалды меңгеруіне, меңгерген білімді сыни ойлау тұрғысында жеткізе білуіне баысмдық берген дұрыс. Одан кейінгі қалыптастырушы бағалау жүйесінде күнделікті білімді пысықтай отырып, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты орнату, ал қорытынды бағалау белгілі бір тақырыпты немесе модулді қорытындылау барыснда оқушының меңгерген материалын бағалауды көздейді. Бағалау мәселесі сөз болғанда «бақылау» терминінің қатар жүруі шарт. Осы екі әрекетті бір нәрсе деп шатастырып алмауымыз қажет. Бақылау – оқушыны нәтижеге бағыттау, бағытына болжам жасап отыру. Ал бағалау – оқушының жұмысының нәтижесімен таныса отырып, бағасын қою. Сабақ кезінде ынталандыра отырып бағалаудың рөлі зор. Баланың пәнге деген ынтасының артуына, зейінді болуына , шығармашылық әрекеттерді жоспарлауға, күшті не әлсіз жақтарын байқауға көмектеседі.

Информатика пәнінің артықшылығы компьютерлік технология арқылы көрнекілік принципті жүзеге асыруға болады. Себебі компьютер оқыту құралы ретінде көрнекі құрал сипатында да қолданылады.

Балалар тек қана сурет салып қоймай кеңістіктегі фигураларды кескіндей алуға мүмкіндік алады. Зерттеуші психологтардың айтуы бойынша кеңістік ұғымын елестете білу, оны компьютерде бейнелеу оның сауаттылығын арттырып, ерекше икемдерін қалыптастырады. Осы мақсатта шығармашылық тұрғыда бағалаудың да өз алдына орны ерекше.

Менің ұстанымымда бағалаудың жоғарыдағы түрі өте ыңғайлы. Себебі шығармашыл оқушы білім білігінде бәсекеге қабілеттілік таныта алады. Информатика пәні жартылай шығармашылықпен байланысты. Сондықтан да оқушының ой, іс еркіндігі, қабілетті болуы, сыни тұрғыда өзін басқара алуы және бағытын айқындай білуі шарт.

«Бес саусақ», «Баспалдақ», «Білім ағашы» сияқты рефлексиялар арқылы баланың қай сатыда, қандай деңгейде тұрғанына ортақ шешім қабылдап, әділ бағалауды ұсынар едім. Оқушыны күнделікті бағалап отыру – оны ынталандырудың алғышарты болмақ. Жұмысының нәтижесін көріп, бағасын алу арқылы оқушы одан әрі ізденуге бетбұрыс жасайды. Мұның өзі біз дәлел келтірген «шығармашыл тұлғаның» қалыптасу сатысы болмақ. Оқушыларға объективті баға қою үшін бағалау үшін белгілі бір критерийлер қажет. Сонымен қатар, білімді бақылаудың әр түрлі түрлерін қолдану және әртүрлі деңгейдегі тапсырмалардың бағалау критерийлерін жасап, оқушылардың білімін оқытудың әртүрлі кезеңдерінде бақылап отыру керек. Осылайша бақылау бағалау әдістерін санамалап көрейік:



Тест тапсырмалары

өткен тақырыптар бойынша тест тапсырмалар жасалады және бағалаудың балл түріндегі критерийі беріледі. Тест тапсырмаларының орындалу нәтижесін мұғалім немесе оқушының өзін-өзі немесе өзара бағалауына болады.

Карточкалар бойынша бағалау

әрбір бақылау жұмысы үшін оның қиындығына байланысты бағалаудың балл түріндегі критерийі жасалады. Мысалы: Әрбір дұрыс жауап үшін «+», егер жауап толық емес емесе жартылай дұрыс емес болса, «±», ал қате жауап үшін «-» қойылады. Әрбір «+» үшін 1 балл, әрбір «±» үшін – 0,5 балл, әрбір «–» үшін – 0 балл қойылады.

Зертханалық жұмыстар

Бұл ретте оқушылар өткен тақырыптар бойынша зертханалық жұмыстарды орындайды. Соңында бір бірінің жұмыстарына баға беріп, қорытынды жасайды.

Рейтинг сипаттағы тексеру жұмыстары

Оқушылар есептердің күрделілік деңгейін өздері бағалайды және оларды жеке ерекшеліктерін ескере отырып таңдайды.

Диктант түріндегі бақылау жұмыстары

Өткен тақырып бойынша негізгі анықтамаларды білуге арналған бірнеше сұрақтар құрастырылады. Осындай жұмысты орындау кезінде мұғалім сұрақ қояды, ал оқушылар жауап жазады. Әдеттегідей, баллдық жүйеде бағаланады.

Компьютерде орындалатын тест тапсырмалары

Бұл жұмыс тест тапсырмаларын компьютерде сауатты әрі сапалы орындауды үйретіп алған соң ғана жүргізіледі.

Шығармашылық жобаны қорғау

Бірнеше тақырыпты немесе бір тарауды аяқтағаннан кейін оқушылар сол бойынша жоба (постер) қорғайды. Бұл кезде жобаның мақсатын түсіндіреді. Екі үш оқушыны комиссия мүшесі етіп сайлап, жұмыстарды бағалауға болады

Рефераттарды қорғау

Мұғалім алдын ала тақырыптарды оқушыларға ұсынады. Бұл жұмыс шығармашылық жұмыстар ақпараттық шығармашылық жұмыстар санатына жатады. Балалар реферат қорғау арқылы көптеген ақпарат көздерімен танысады, ізденеді, коммуникативтік байланыс жасауды үйренеді.

Тақырыптар бойынша кроссвордтар

Бір тақырыпты немесе тарауды қорытындылау ретінде ұйымдастырылады. Оларды жауаптарды табылған сөздердің пайызына байланысты балл түрінде бағалауға болады. Мысалы: 90 – 100% дұрыс жауаптар «5» бағасына сәйкес келеді; 70 - 89% - «4» бағасына сәйкес келеді; 50 – 69% - «3» бағасына сәйкес келеді. Ойын түрінде болғандықтан балаларға бақылаудың осындай тәсілі қатты ұнайды.

Жалпы бағалауды тым әсірелеп, қатаң жүргізудің пайдасы аз болады. Себебі оқушының әр жауабы, ізденісі қарапайым тұрғыда бағалануы тиіс. Жоғарыда көрсетілгендей бағалаулар шығармашылық сипатта болуы тиіс. Сондай ақ бағалаудың біржақты болуы нәтижесіз болады. Оқушылардың өзін өзі немесе бірін бірі бағалауы арқылы мұғалім болжамды түрде бағалауы орынды. Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеруге, мысалға, «Компьютерлік графика» тақырыбы бойынша, бүкіл сыныпты қатыстыруға тырысу керек. Оқушылардың графикалық редакторда жасаған барлық суреттерін бір компьютерлік бумаға орналастырып, әрбір файлдың атауын кодпен жасырып қоюға (мысалға, 01, 02, 03, …) болады. Оқушыларға баға қою үшін арнайы дайындалған файлдар атауы бар кесте таратылып беріледі. Осылайша, жұмысты қараған кезде олар кімнің жұмысын тексеріп отырғанын білмейді, яғни олар үшін бәрі бірдей. Тәжірибе көрсеткендей, тексерудің осындай тәсілінде баға қоюдағы оқушылардың пікірі өте объективті болып саналады.Бақылаудың ұсынылып отырған түрлері білім сапасының артуына алып келеді. Оқушылардың білімі мен біліктілігін бақылаудың дәстүрлі түрлері мен жаңа түрлерін ұштастыра отырып, бақылау жүйесін дұрыс ұйымдастыру және бағалаудың айқын критерийлерін жасау оқыту үдерісін тиімді басқаруға әсер етеді, сонымен қатар оқушылардың білімді меңгеру мотивациясын артары сөзсіз.

Қ.Р. Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы жолдауында: « Адами капитал –жаңғыру негізі екендігін басты айтып , оқушыларға білім беруде цифрлық ресурстарды дамытып, орта мектеп пен колледждер мен жоғары орындары үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеоколлекцияларын интернетте орналастыру керек. Бұл барлық қазақстандықтарға оның ішінде шалғайдағы елдімекен тұрғындарына озық біліммен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашады» - делінген. Бірнеше ғасыр бұрын:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет