«Негізгі орта білім беру»



Дата14.05.2023
өлшемі14,66 Kb.
#92903




№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің
0111000-«Негізгі орта білім беру»
0111093-«Информатика мұғалімі» мамандығының
31 «И» топ білім алушысы
Давлетхан Нұрсұлтан Еркебұланұлына

Мінездеме
Давлетхан Нурсултан Еркебұланұлы 24.04.2023ж. - 05.05.2023ж. уақыт аралығында Алматы қаласы Түрксіб ауданында орналасқан №142 ЖББ мектебінде педагогикалық өндірістік практикадан өтті.
Практикадан өту барысында Нұрсұлтан өзін жақсы қырынан көрсетті. Ол информатика пәні бойынша толықтай орысша сабақтар өткізді. Күнделікті бақылау кезінде сабаққа дайындығымен келді, оқушылармен жақсы тіл табыса алды. Сабақтың барысында оның білімділік және шеберлік қабілетіне ие екендігі айқындалды.Нұрсұлтан сабақ барысында оқушыларды оңай қызықтыра, әрі ұйымдастыра алды. Тапсырмаларды орындау кезінде қызығушылық пен белсенділік танытып, қойылған талаптарды уақытылы орындай алды. Мектеп оның ішінде педагог мәртебесіне тән қойылатын талаптарды бұзған жоқ.
Нұрсұлтан өзін өз бетінше шешім қабылдай алатын білікті маман ретінде көрсетті. Практикаға белгіленген уақытан кешікпей келіп, жұмыс уақытының аяқталатын сәтіне дейін жауапкершілікпен өз жұмысын атқарды. Берілген жұмысты сапалы әрі уақытылы орындай білді. Нұрсұлтан келешекте білімді, өз жұмысын жақсы атқаратын педагог болатынына сенімдіміз.
Бағасы: «4».

Мектеп директоры:


Немертов Н.С.
Оқу-ісінің орынбасары: Ж.Т.Атаева
Практика жетекшісі: Б.Д.Шашауова

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет