Негізгі сұрақтар Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер



Дата07.01.2022
өлшемі16,71 Kb.
#18469

Негізгі сұрақтар

1. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер.

Қазақстан үшін ең маңызды мәселе көші-қон мен демографиялық үрдістер.Тәуел­сіздіктен кейінгі 30 жыл­ға жуық уақытта республика хал­қы­ның саны небәрі 12 па­йызға өскен. Нақты деректерге сүйенсек, 1991 жылдан бастап 2018 жыл­ға дейін Ресейден басқа ТМД мем­лекеттерінің халық са­ны 21,0%-дан 68,0%-ға дейін өсті. Ал көршіміз Қытай елінде 21,8% немесе 350 млн-ға өскен. Бұл өсім Қазақстан халқының саны­нан 20 есе жоғары. Яғни, Қытай 1991 жылдан бері Қазақстанға қарағанда халық саны едәуір артып келеді. Біздің ел үшін басты теріс фактордың бірі – елден көшіп кету. Қазақстан­нан басқа елге тұрақты тұруға кету­шілердің ішінде 43,8%-ын 15-тен 34 жасқа дейінгі жас­тар құрайды, бұл еңбек ресурстары­ның тұрақты азаюын сипаттайды. Қазақ халқы небір күндерді бастан кешті. Десе де, халқымыз бүгінгідей бақытты, бейбіт күнді ешқашан көрмеген шығар. Бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған байтақ даласы бізге мирас.Әдетте қазақтардың көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады. Сондықтан онжылдықтағы олардың қалалықтарға айналу қарқыны жоғары. Консулдық қызмет департаменті басқармасының соңғы мәліметі бойынша, әрбір үшінші қазақ шет елдерге тұрады. Алыс және жақын шетелдердегі жалпы қазақтың саны 6 млн 100 мың адам. Соңғы жолдауда демо­­графиялық жағдайды реттеу үшін бала тууды ынталанды­ру туралы айтылған. Халық саны­ның өсуін қамтамасыз ету таби­ғи өсімді арттыру және көші-қон ар­­қылы жүзеге асырылатынын ес­керсек, мүмкіндіктерді бір­жақ­ты қарауға болмайтыны айқын.

Біріншіден,мамандар жетіспеушілігі. Демек, шеттегі 5 млн-нан астам қазақ диаспорасы арасында қаншама білікті мамандар бар. Ел экономикасын дамытудың негізгі факторы белсенді халық, ол өндіруші және тұтынушы.

Екіншіден, шағын және орта бизнесті дамыту үшін оның ІЖӨ үлесін 2025 жылға қарай 35 пайызға дейін жеткізу көзделген. Бұл да қандастардың келуін ынталандыратын және экономиканың дамуына тікелей оң әсер беретін жағдай.

Үшіншіден, ауыл­дың әлеуетін толық ашу мәселесі стратегиялық тұрғыдан маңызды болып қала беретіні. Қандастардың барлығы дерлік ауылдық мекендерге орналасып жатқанын ескерсек, бос қалған қаншама ауылдарды дамытуға мүмкіндік бар.



Төртіншіден, солтүстік ай­мақ­тардағы ауылдарда мұғалім, дәрігер және ауыл шаруа­шы­лығы саласының мамандары жетіспейді. Осы тұрғыда шетел­дердегі қандастар арасында білік­ті маман, тәжірибелі азамат­тар қаншама. Қазір урбани­зация­лық үрдіс жалғасуда. Бұл ауыл мен қала дамуындағы аталған өзге­шеліктің салдары. Келген қан­дас ауылда орналасып малын өсіріп, егінін салып тіршілігін жақ­сартуды көздейді.

Сонымен басты қаралатын мәселе шет елде жүрген қандастарымызды елге орнату,олардың Қазақстандағы қызығушылықтарын ояту.Отанымыздың экономикасын көтеруде бірге атсалысып,өз үлесімізді қосу.Ұлттың мәдениетіміз бен жерімізді сақтай отырып,даму.




2. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы.

«Нұрлы көш» аса маңызды Қазақстанның мемлекеттік бағдарлама. Оның басты мақсаты этникалық көшіп келушілер мен шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын, қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу. Әртүрлі эксперттердің жобалауынша шет елдерде 3,5 - 4,5 миллионға жуық қазақтар тұрады. Этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы 1991 жылы басталды. 1991-2008 жылдары Қазақстанға 174,8 мың этникалық отбасы немесе 686 мың адам көшіп келді. Қазіргі уақытта 14 уақытша орналастыру орталықтары және 3 оралмандарды бейімдеу мен кіріктіру орталықтары жұмыс жасайды. Барлық оралмандар медициналық қызметпен, білім алумен және әлеуметтік көмекпен қамтылған. Оралмандар отбасының 78,4 % баспанамен, 81,4 % жұмыспен қамтылған. Жұмысы жоқтар саныын - 18,6 % құрайды. 2007 жылы Қазақстан Республикасы "Халықтың көші-қоны туралы" Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізінде 2008 жылдан бастап Қарағанды, Шымкент және Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ақсукент ауылында оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары өздерінің жұмыстарын бастады, бұл орталықтар оралмандарға құқықтық кеңестер, мемлекеттік тілге және қалауы бойынша орыс тілін оқыту, кәсіптік дайындау, қайта дайындау және біліктіліктерін арттыру секілді қызмет түрлерін көрсетеді. 2008 жылдың мамыр айынан бері оралман куәлігі жеке әлеуметтік код (СИК) беруге негіз болатын құжаттардың тізіміне енгізілді. Бұл оралған қандастарымызға азаматтық алғанша дейін жұмысқа тұруға мүмкіндік тудырды.Сонымен «Нұрлы көш» бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді жалғап, тиылып қала жаздаған көштің тиегін қайта ағытса игі. Алматы көші-қон комитетінің мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларына «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша қоныстандыру жүргізілмеуі де мүмкін. Өйткені тұрғын үй қымбат, бөлінетін жер телімі тапшы. Ал нарық бағасынан төмен қақпен, әкімдік тарапынан берілетін жалдамалы пәтерлердің мәселесі әзір шешілмейтін түрі бар. Бірақ «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Тұрғын жайлар жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй есебінен үлестіріледі. Этникалық қазақтар мен шетелде тұратын отандастарымызды сияқты, еліміздің тоқырау аудандарында тұратын қазақстандық азаматтарды әлеуметтік қолдау да, ең алдымен тұрғын үй сатып алуға тұрғын үй займын беруді қамтиды. "Нұрлы көш" жобасы елдегі көші-қон процестерін жүйелеуге бағытталған. Көші-қонды бақылауға принципті түрдегі жаңа тәсіл түрлі аудандардағы және тұтастай елдегі жұмыссыздық деңгейін реттеуді жүзеге асыра отырып, еңбек ресурстарын ұтымды таратып бөлуге мүмкіндік береді. Екінші жағынан, "Нұрлы көш" көші-қон процесіне қатысушылардың өздерінің экономикалық машықтары мен аумақтардың қажеттілігіне қарай ел аумағында оңтайлы және экономикалық тұрғыдан таратып қоныстандыруға тартылуын ынталандырады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет