Неміс классикалық философиясындағы ақылдың транценденталдық негіздері



бет1/3
Дата19.05.2023
өлшемі101,08 Kb.
#94895
  1   2   3

Неміс классикалық философиясындағы ақылдың транценденталдық негіздері

Орындаған:Уралов.Б

Сартаев.А

Жоспар

  • Неміс классикалық философиясы - тарихи феномен
  • Классикалық ұғымы. Неміс классикалыц философиясының пайда болуының әлеуметтік-мәдени шарттары, ерекшеліктері.
  • И.Кант — классикалық неміс философиясының негізін салушы. И.Канттың гносеологиясы мен этикасы.
  • Гегель — неміс философиясының идеализмін салушы
  • Қорытынды

Априорлық

  • ақыл-ойда әуел бастан бар және дәлелдеуді керек етпейді. Мысалы, «Адам өмірі уақытпен өтеді», «Барлық дененің ұзындығы бар». Тек априорлық білім дәлелді және сенімді, жалпылық және қажеттілік қасиетіне ие бола алады. Ол априорлық білім түрлеріне біздің кеңістік пен уақыт туралы түсінігімізді жатқызды.
  • Бірлік, көптік, тұтастық, нақтылық, терістеу категориялары тәжірибеге дейін адам басында таза идея күйінде пайда болады деп жазды.

Транцендентальдық деген не?

  • Априорлық білімге байланысты адамның өзінің жеке эмпириялық тәжірибесінен шығу қабілеті туады. Осыдан, ол өзінің философиясын ─ транцендентальдық деп атады.
  • Транцендентальдық дегеніміз ─ логикалық ойлаудан, тәжірибеден тыс, заттың өзін емес, априорлы танып-білу мүмкіндігінің осы затты қандай деңгейіне дейін түсінуін айтады.

И.Кант деген кім?

  • Иммануил Кант (1724-1804) — неміс философиясының негізін қалаушы. Ой еңбегіне арналған өмірін өзі дүниеге келген Кенисберг (қазіргі Калининград) қаласында өткізген. Кенисбергуниверситетініңдін факуль-тетіне оқуға түсіп, діни пәндермен қатар философия, физика. математика пәндерінен лекцияларға қатысқан. Философияға кештеу, 45 жасында келді.

И.Кант- классикалық неміс философиясының негізін салушы

  • Кант зердені (ақыл-ойды) сынауға көшіп, адамның ақыл-ойының дамуын үш кезеңге бөліп көрсетті:
    • Бұл кезеңде ақыл-ойдың бүкіл әлемге әсері кушті болды, ол барлық ғылымдардың ғылымына айналды (Жаңа Дәуір философиясы).
    • Ақыл-ойдың қабілеттеріне деген сенбестік кезеңі (Д.Юм). Фило-софияның маңызы төмендеді.
    • Сыншылдық кезеңі — Кант философиясынан басталады. Ол ақыл-ойдың өмірдегі мәнін анықтауға ұмтылды, оны таным теориясының шең-берінен шығарып, практикалық ақыл-ойдың адамгершілік заңдарын қалыптастырудағы рөлін көрсетті.
  • Канттың осы соңғы ұстанымы оның адам туралы философиясынан айқын көрінеді. Ол өзінің философиясы туралы: «адамға аса қажет білім болса, ол мен оқытып отырған, адамға дүниеден өз орнын табуға көмек-тесетін ғылым және одан адам болу үшін не істеуді үйренуге болады» , -деп жазған болатын.
  • “Адам санасының мәселесін адам шеше алмайды ” И.Кант
  • Класикалық неміс философиясының Канттан кейінгі көрнекті өкілі болып объективтік идеализмнің негізін салушы Георг Вильгем Фридрих Гегель 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет