Новый документ



Pdf көрінісі
Дата31.12.2021
өлшемі19,7 Kb.
#21483


Ертегілер

Екі дос

Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға

келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп

жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.

Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге

етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата

қалады.

Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю

кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына

келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.

Сонда досы:  «Досына қауіп-қатер төніп тұрғанда қашып кеткен

адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.

Ақ тышқан мен нәресте

Алыстағы бір ауылда жесір қалған жүкті әйел өзіне серік болсын деп

таудағы жаралы ақ тышқанды (күзен)асырап алады. Ақ тышқан әйелдің

қасынан бір сәтте деайырылмапты. Қаншалықты үй жануары болмаса

да, барынша тіл алғыш болады. Бірнеше ай өткен соң әйел босанады.

Жалғыз басты әйел үшін барлық қиыншылықтарға төтеп беруге және

баласын асырап бағуға тура келеді. Күндердің күнінде баласын үйіне

тастап, біраз уақытқа сыртқа шығуына мәжбүр болады. Алайда үйде

нәресте мен ақ тышқан қалады.

Арада біраз уақыт өткен соң әйел үйіне оралады. Есіктің алдында

аузы-басы қанға боялған ақ тышқанды көргенде зәр-иманы қалмай,

аласұрып, ақ тышқанға бас салады. Сөйтіп, тышқанды өлтіріп тастайды.

Дәл сол мезетте ішкі бөлмеден нәрестенің дауысы шығады. Анасы

жүгіріп барып қараса, бөлменің ішінде бесікті, бесіктің ішіндегі

нәрестені және нәрестенің қасында паршаланып жатқан жыланды

көреді…


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет