Нұр-Сұлтан қаласы №67 гимназия 4 «А» сынып оқушысы Айдосқызы Мадина Қарттарым – асыл қазынам «Қарты бар үй – қазыналы үй» деп бекер айтылмаған. Бірінші қазан – халықаралық қарттар күні. Біздің мемлекетіміз қарттарды қатты құрметтейді. Оларға үлкен құрмет көрсетіп, жан-жақты қамқор болады. Қазақстанның өсіп-өнуіне , өркендеуіне үйіміздің төрінде отырған ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің үлесі үлкен. Біз сияқты ұрпақты тәрбиелеп, өз ақылдарын айтып, өсіп келе жатқан жастарға өз баталарын беріп отырады. Осы орайда, мен өз әжем жайында да жазып кеткім келеді. Менің әжем балаларды тәрбиелеуде , білім беруде үлкен үлес қосқан Ұлағатты Ұстаз болған кісі. Қазіргі сәтте зейнеткерлік демалыста. Үйде менің сабағыма, ағылшын тілін жетік білуіме үлкен үлес қосып жатыр. Мен әжемді мақтан тұтамын, өте қатты жақсы көремін!