Нұрғалиев Құмаш Нұрғалиұлы



бет1/3
Дата04.10.2022
өлшемі28,49 Kb.
#41229
  1   2   3

Авторлық мектеп - педагогтардың (немесе бір педагогтың) өздері жасаған білім берудің педагогикалық тұжырымдамасына негіздеп құрған мектебі, училищесі, сыныбы.[1]
Авторлық мектептер - автор немесе авторлық ұжым жасаған жетекші психологиялық-педагогикалық концепцияға негізделген экспериментальды оқу-тәрбие мекемелер. Оқу процесін өзіндік ерекшелікпен құруға, білім беру мекемесінің жаңа құрылымын құруга, педагогикалық еңбек ақыны ерекше төлеуге, бірінші кезекте материалды-техникалық жабдықтауға құқық беретін авторлық мектептер статусы. Статусын арнаулы қоғамдық - мемлекеттік экспертиза өткізгеннен кейін білім беру басқармасының сәйкес органы береді.[1]
Нұрғалиев Құмаш Нұрғалиұлы (1925 – 1988) – педагог, КСРО Халық мұғалімі (1981), 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
Алғаш Қатонқарағайдағы Сұлтанмахмұт Торайғыров ұстаздық еткен Шыңғыстай мектебінде білім алған.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетiнiң тарих факультетін бітірген (1955).
1946 –1957 ж. мұғалім, Марқакөл ауданындағы Сорвенка ұжымдық мектебінің директоры
1957 жылдан өмірінің соңына дейін Боран орта мектебінің директоры қызметін атқарды.
Құмаш Нұрғалиұлы - Жауынгерлік Қызыл Ту, Ұлы Отан соғысының I дәрежелі ордені, 5 медальмен, Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған, сонымен қатар «КазКСР-ның еңбегі сіңген мұғалімі», «ҚазКСР-нің халық ағарту ісінің үздігі», «КСРО ағарту ісінің үздігі», «КСРО Халық Мұғалімі» атақтары мен КСРО Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарына ие болды.
Өзі негізін салып, білім берудегі озық технологиямен жабдықталған бірден-бір білім ордасы ретінде атағын күллі Кеңестер Одағы көлемінде мәшһүр болған Боран ауылындағы орта мектепке Нұрғалиев Құмаш есімі берілген (1992 22 ақпан). Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігінің шешімімен 1995 жылдан Өскемен қаласындағы №43 мектепке Халық Мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің есімі берілді. Қазірде Өскемен қаласында Құмаш Нұрғалиев атынлағы кәсіптік колледж бүгінгі еңбек қоғамына қажетті білімді мамандар даярлауда қарымды еңбек етуде.
1991 жылы қазан айында Өскемен қаласында мемлекеттік тілде оқытатын алғашқы мектеп ашылды. 1994 жылы мектепке халық ұстазы Құмаш Нұрғалиевтің аты берілді. 2008 жылы мектепке гимназия статусы берілді
Боран ауылындағы оның авторлық мектебін қазір баласы, педагогика ғылымдарының кандидаты Талант Құмашұлы басқарады. Түлектерінің 30 пайыздан астамы жоғары оқу орындарына грант арқылы түсіп, көптеген мектеп бітірушілер "Алтын белгіге" ие болды. Мектеп ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде білімді ақпараттандырудың педагогикалық идеясын жүзеге асырып, теледидар-техникалық студиясы арқылы ауыл эфиріне шыға алады. "Қашықтан оқыту" жобасы бойыншабұл мектеп Юнеско зерттеу институтының арнайы мәртебесіне ие болған. Құмаш Нұрғалиұлы туралы толығырақ "Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиев. Педагогикалық әулет" атты кітаптан оқуға болады. 
II. Қ.М.Нұрғалиевтың негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі
Идеясы: Боран мектебін білімдар әрі бала жүрегіне сезімтал ұстаздар ордасына айналдыру, жаңалыққа ұмтылуды мақсат ету, жаңалық үшін ғана емес, жалпының игілігі үшін жұмыс істеу. Жаңашыл ұстаздың басына тән басты қасиеттер: ерен ерлігі, жауапкершілігі, еңбекқорлығы, турашылдығы, біліктілігі, талап қойғыштығы, ұйымдастырушылық қабілеті, адамгершілігі, педагогтың ізденімпаздығы, шығармашылығы. Еліміздің таңдаулы мектептерінің бірі Боран мектебі мыңға жуық оқушы оқыған ауылдық жердегі аралас мектеп болған. Мектеп жанындағы оқу өндірістік кешенінде 9-10 сыныптағылар екі жыл ішінде жүргізуші, тракторшы, электрик мамандықтарын алып шыққан. Мектептің бүкіл оқу тәрбие жұмысы техникалық құралдарды қолдануға негізделіп, барлық 40 кабинеттің техникалық орталығы республикамызда тұңғыш рет осы мектепте жасалып, мыңдаған дыбыстық фонограммалардың, диафильмдер, диопозитивтердің, кинофильмдер мен кино-фрагменттердің, магнитофон жазбаларының үлкен қоры жинақталған орталық телестудиясы болған. Студиядағы операторлар да, режиссерлар да 7-сыныптан жоғары оқитындар болды. 
Мектеп жанында зәулім спорт залы, екі дене шынықтыру залы, ән-күй, саз кабинеті мен бөлмелері 200 орындық жиын залы, 200 орындық кинотеатр, медициналық кабинет, 240 орындық асхана жас буынның игілігіне айналған. Сол кездегі совхоз малшыларының балаларына арналған 60 орындық интернат үйі, толық жабдықталған өнер бөлмесі (көрмесі), екі оқу залы жұмыс істеген. Қазақтың ұлы ағартушыларына, көрнекті педагогтарға арналған стенділер, мәңгі от алаулары тұрған жауынгерлік даңқ залы тәрбие орталығына айналған. Ұжым барлық пәндер бойнша толық үлгерімге жетіп, құқық тәртібін бұзу оқиғасы кездеспеген. Жыл сайын мектеп бітірушілердің көбі совхоз өндімнде қалып, жөндеу, көгалдандыру, т.б. мектеп жұмыстарын оқушылар атқарған. Мектеп директоры – Қ.Н.Нұрғалиев: "Мектепті алға бастыруды анық ойласақ, істі кадрдан бастауымыз қажет. Келешектің адамын қалыптастыру, еңбекке баулу, адамгершілікті дамыту, Мұның бәрі сегіз қырлы бір сырлы дейтін маұғлімдердің олдарынан келетінін үнемі ескеріп отырғанда ғана жақсы ұстаз бен жас шәкірт арасында мәңгі үзілмес алтын жолі тартылады. Ол мұғалімнің оқушыға сенуі, оқушының мұғалімді сүюі" - деп оқу-тәрбие процесін, ізгілендіру идеясын қолдаған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет