I –нұсқа №1 10 сынып ҚГБ
Тапсырма
1.Суретте инерция құбылысына мысал келтірілген [2]
Дұрыс көрсетілген жауапты таңдаңыз
2.Кестеде физикалық шамалар және ережелері берілген. Кестедегі бос орынға дұрыс жауапқа сәйкес әріпті жазамыз. [3]
1.Масса
|
|
А. Денелердің жерге тартылуын сипаттайтын шама
|
2.Салмақ
|
|
В. Денелердің инерттілігінің өлшемін сипаттайтын физикалық шама.
|
3.Ауырлық күші
|
|
С. Жердің өзіне тартуы салдарынан дененің горизонталь тірекке немесе вертикаль аспаға түсіретін күші
|
3 . Суретте серіппеге ілінген жүк көрсетілген. Серіппенің ұзаруы 10 см, серіппенің қатаңдығы 400 Н/м. [3]
a)Серіпімділік күшінің пайда болу себебін түсіндіріңіз
в)Серіппімділік күшін анықтаңыз
4. Екі дененің теңдеулері x=10t+0,4t2 және x=-6t+2t2. Олардың кездесетін орны мен уақытын табыңдар. [2]
5. а) Биіктігі 80м көлбеу мұнарадан бастапқы жылдамдықсыз тасталған тастың құлау уақытын анықтаңдар. [2]
б) осы уақыттағы тастың жүрген жолы қандай? [2]
Жалпы балл: 14
II –нұсқа №1 10 сынып ҚГБ
«Денелердің өзара әрекеттесуі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау |
Орындау уақыты 20 мин
|
|
Тапсырма
Инерция құбылысы дегеніміз не? Қай елдің сөзі? Қандай мағынаны білдіреді? [2]
2. Кестеде физикалық шамалар және ережелері берілген. Кестедегі бос орынға дұрыс жауапқа сәйкес әріпті жазамыз. [3]
1.Масса
|
|
А. Күштің әрекетінен дененің өлшемдері мен пішінінің кез-келген өзгерісі
|
2.Салмақ
|
|
В. Денелердің инерттілігінің өлшемін сипаттайтын физикалық шама.
|
3.Деформация
|
|
С. Жердің өзіне тартуы салдарынан дененің горизонталь тірекке немесе вертикаль аспаға түсіретін күші
|
3. 320 Н күштің әсерінен амортизатордың серіппесі 9мм-ге сығылды. 1,6 кН жүктемеде серіппенің сығылуы нешеге тең болады? [3]
4. а) Үйкеліс күші дегеніміз не? Қандай түрлері бар? [2]
б) Сырғанау үйкеліс коэффициенті қандай әріппен белгіленеді?
5. 6 км/сағ жылдамдықпен жүзген салда перпендикуляр бағытта 8 км/сағ жылдамдықпен адам жүріп келеді. Адамның жағамен салыстырғандағы жылдамдығын анықтаңдар. [2]
6. .Бір нүктеге түсірілген қарама-қарсы күш векторлары 30H және 20H. Осы күштердің теңәсерлі күші неге тең? [2]
Жалпы балл: 14
Достарыңызбен бөлісу: |