Семинар Cеминар сабағының тақырыбы: Қабылдау жөніндегі психологиялық зерттеулер Сабақтың жоспары: Қабылдау жөнінде жалпы ұғым Қабылдаудың түрлері мен қасиеттері Қабылдау иллюзиялары



бет1/5
Дата18.10.2022
өлшемі68 Kb.
#43964
түріСеминар
  1   2   3   4   5
Байланысты:
6-семинар


7-семинар
Cеминар сабағының тақырыбы: Қабылдау жөніндегі психологиялық зерттеулер
Сабақтың жоспары:
1. Қабылдау жөнінде жалпы ұғым
2. Қабылдаудың түрлері мен қасиеттері
3. Қабылдау иллюзиялары


Сабақ мақсаты: Студенттерге қабылдау, қабылдаудың негізгі ерекшеліктері жайлы түсінік беру.
Қысқаша теориялық мәліметтер:


Қабылдау деп материалдық дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер ету нәтижесінде, сол заттар мен құбылыстардың ерекшеліктері мен қасиеттерінің миымызда толық бейнеленуін айтамыз.
Қабылдау- ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдау бір анализатордың ғана қызметі емес, бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі.
-Қабылдаудың тұтастығы:
-Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.
-Қабылдаудың мағыналылығы – қабылдауда объектінің аты сөзбен берілсе, қандай нәрсе болса да оңай және тез қабылданады.
-Қабылдаудың таңдамалылығы- толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз қабылдаудың таңдамалылығы делінеді.
-Қабылдаудың тұрақтылығы- сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдануын айтады.
-Қабылдаудың иллюзиясы – түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдаудағы иллюзия деп атайды.


Қабылдау дегеніміз –дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету нәтижесінде пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың тұтас қасиеттерінің адам санасындағы бейнесі. Мысылы, үйді, қаланы, ағашты, музыканы, суретті қабылдаймыз. Қабылдаудың құрамына әруақытта да түйсіктер кіреді, біз белгілі түсі, исі, түрі, температурасы және т.б қасиеттері бар заттарды қабылдаймыз.
Біз сонымен қатар заттар мен құбылыстарды кеңістік пен уақытта қабылдаймыз.
Қабылдаудың түйсіктерден айырмашылығы ол күрделі психикалық үрдіс болып табылады. Бұл күрделілік ең алдымен әрбір қабылдауда бірнеше түйсіктер қатынасады.
Қабылдау –заттар мен қабылдауға көру түйсіктері (жасыл, қызыл және басқа түстерді) , иіс түйсіктері , дәм түйсіктері (тәтті,ащы,тұщы), бұлшық ет қозғалыс түйсіктері ( қаттыны , ауырлықты түйсіну ) және т.б..
Түйсіктерге қарағанда қабылдаудың жүйке –физиологиялық амалдары өте күрделі.
Қабылдаудың физиологиялық негізі біздің сезім органдарымызға әсер ететін заттар мен құбылыстардың жекелеген ғана емес, тұтас, жиынтық, кешенді қасиеттерді шақыратын бас ми қыртысының анализдік –синтездік қызметі болып табылады.Қабылдаудың жүйке –физиологиялық амалы заттардың жиынтық қасиеттерінің әсерімен іске асатын уақытша байланыстар жүйесін ұйымдастыру.
Сондықтан да әрбір қабылдау түйсіктердің жай ғана жиынтығы емес, сонымен қатар заттың тұтас бейнесі: қабылдау күрделілігімен және сонымен қатар тұтастығымен ерекшеленеді.Қабылдаудың тұтастығы сол қабылданатын заттардың тұтастығымен анықталады.
Сонымен қабылдау –бұл бір ғана емас, бірнеше сезім органдарының, бірнеше анализатордың іс -әрекетінің нәтижесі. Бұл жағдайда кез –келген қабылдау органдарының бірі негізі болып табылады. Мысалы, суретті қабылдауда негізгісі көру органы, музыкалық концертті қабылдауда –есту органы.
Қабылдау түйсіктер сияқты, осы негізгі органдары бойынша көру, есту, дәм және т.б.түйсіктерге жіктеледі. Біздің өмірімізде негізгі рөлді атқаратын көру және есту қабылдаулары.Сонымен қатар аралас қабылдаулар болып бөлінеді. Олардың бірдей мәні бар, біреу емес, екі немесе үш сезім органдары жұмыс істейді. Аралас қабылдауға мысал ретінде дыбысты кинокартина теледидар немесе операны көру –есту қабылдауын айтуға болады.
Әрбір қабылдаудың құрамына түйсіктермен бірге бұрынғы тәжірибе және қалыптасқан білім кіреді. Сонымен қабылдау үрдісіне ес қызметі де қатысты.
Егер де қабылдау естің қатысынсыз іске асқан болса , қабылдау мазмұнсыз болған болар еді, барлық заттар мен құбылыстар әруақытта да жаңа белгісіз болып қабылданған болар еді. Естің арқасында заттардың біз бір –біріне ұқсас немесе өзгеше түрде қабылдаймыз.
Бұрынғы тәжірибемен қатар көптеген біздің қабылдауларымыздың құрамына қиял арқылы жасалған елестеулер кіреді. Қабылдаудың мазмұны кейде қабылданатын нысаннан да бай болып келеді.
Мысалы, біз бөлмеде отырғанда қыс кезінде қатып қалған, қырауытқан терезелерге жиі қараймыз, бізге тропикалық ормандарды көрген сияқты көрінеді. Кешке қарай немесе айлы жарық түнде бақтағы немесе ормандағы ағаштар кейде бізге өте ерекше фантастикалық түрде қабылданады. Қабылдауда қиял үрдісі ес үрдістері сияқты санамыз үшін еріксіз іске асады.
Қабылдаудың құрамына ойлау мен сөйлеудің қызметі кіреді. Ойлау мен сөйлесу ең алдымен қабылданатын заттың атынан байқалады. Бұл жерде қабылдаудың мазмұндылығы аңғарылады. Егер де қабылданатын зат бізге жаңа белгісіз болса, ондай ойлау сәті бұл не? деген сұрақтармен бейнеледі. Сонымен қатар бұл қабылдау үрдісіне ойлаудың қатысын көрсетеді.
Кез –келген қабылдау пікір арқылы іске асады. Мысалы: «бұл адам», «бұл кітап », «бұл үй» және т.б. Адамның қабылдауы –заттар мен құбылыстардың сезім органдарына әсер еткен жай бейнесі ғана емес, сонымен қатар бар тәжірибенің негізінде ой елегінен өткен, талқыланған бейнесі болып табылады .
Затты атай отырып, біздің қабылдауымыздың мазмұнына анықтамалық енгіземіз, басқа адамдар үшін қабылдауымызды белгілі етеміз. Әрбір сөзге адамдардың тарихи жинақталған тәжірибесі бекітілген. Сондықтан да қабылданатын затты атай отырып, біз қабылдаудың мазмұнына тек өзіміздің жеке тәжірибеміз ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тәжірибені енгіземіз. Айта кетуіміз керек, ойлау мен сөйлеудің арқасында қоғамдық сананың призмасы арқылы дүниені танып білеміз. Адам қабылдауы тарихи сипатта. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар басқаша, қоршаған дүниені қарапайым түрде қабылдаған болатын. Адам санасының тарихи дамуы нәтижесінде қоршаған дүниені дұрыс, өте терең және мазмұнды қабылдауды аңғарамыз.
Біздің қабылдауларымыз сөйлеудің қатысымен іске асады, қабылдаулардың физиологиялық негізі тек бірінші сигнал жүйесімен шектеліп қоймайды, сонымен қатар екінші сигнал жүйесінің жүйкелік байланыстары болып табылады. Қабылдауда бірінші және екінші сигналдар жүйесі қызметінің бірлігін көруге болады.
Қабылдануда эмоциялық көңіл –күй ерекше орын алады. Оған ең алдымен сол түйсіктердің сезімдік ырғақтары қабылдаудың құрамына кіреді. Оған қабылданатын зат туралы бұрынғы көңіл күйлері және ойлармен байланысты сезімдер жатады. Кейде қабылданатын заттарға бізде кездесетін эмоциялық жағдайларды енгізуге болады: қуанышты, көңілді, қайғы және т.б. Сондықтан да біз көңілді немесе көңілсіз пейзаж, қайғылы шөл дала, қуанышты, күлімсіреуді және т.б. қабылдаймыз.
Қабылдау үрдісіне зейін ерекше рөл атқарады, ол қабылдаудың белсенділігін арттырады, оның мынадай сапаларын дамытады. Зейін сияқты қабылдау да ерікті және еріксіз болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет