Нухов А. А. Тексерген: арнайы пәндер оқытушысы Мажитова. Ж. М



Дата06.01.2022
өлшемі30,91 Kb.
#13761

МЕББМ "Жоғары Инженерлік-Технологиялық Колледжі"

Тақырыбы: Таңдауға сұраныс құру.


Орындаған:ПОВТ-11 тобының студенті

Нухов А.А.

Тексерген: арнайы пәндер оқытушысы Мажитова.Ж.М

Орал қаласы - 2020жыл

Кіріспе

Microsoft Access - бұл ақпаратты басқаруға, анықтама, есеп және талдау үшін ақпаратты сақтауға көмектесетін құрал. Microsoft Access сізге үлкен көлемдегі ақпаратты талдауға және байланысты деректерді Microsoft Excel немесе басқа электрондық кестелік бағдарламаларға қарағанда тиімді басқаруға көмектеседі. Бұл мақалада сіз Access бағдарламасын қашан және қай кезде тиімдірек етуге көмектесетіндігіңізді көрсетесіз.



Microsoft Office Access немесе MS Access анықтамасы Microsoft корпорациясының бағдарламалық жасақтамасының бөлігі болып табылатын Microsoft жасаған дерекқор екенін айтады. Негізгі мақсаты бойынша, MS Access - бұл реляциялық деректер базасы (мәліметтерді өзара байланысты өрістермен байланысты кесте түрінде ұйымдастыру).

MS Access - бұл икемді және қолдануға оңай мәліметтер базасының бірі. Кодтың бір жолын жазбай-ақ көптеген қосымшалар жасауға болады.Өте күрделі нәрсе үшін MS Access қуатты бағдарламалау тілін - Visual Basic қосымшасын ұсынады



Microsoft Access бағдарламасы ол – кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруа-шылықтар бір-бірі турла мағлұмат алу үшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толты-рып, құжаттар дайыднап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады. Microsoft Access бағдарламасы қазіргі кезде компьютерлік технологиялардың құрал ретінде кеңірек пайдаланылуы. Бұл бағдарлама қазіргі таңда компьютерді осы бағытта пайдаланудың нақты мысалдары көп емес. Бұл бағдарламаны оқушыларға оқыту жүйесіндегі көптеген сатылардан біртіндеп меңгеру арқылы жүргізіледі. Microsoft Access бағдарламасы кеңінен қолданылатын бағдарлама. Ол өнідіріс орындарында, баспа-кітап шығару салаларында, оқулықтар жасауда, сауда-саттық айналымында есептік жүйелерді орындауда ерекше рөлді атқарады. Microsoft Access бағдарламасы жоғарғы оқу орындарындағы оқушылар үшін кеңінен пайдалану да бірнеше ұтымды жақтары бар. Оқу процесінде білімін жетілдіру, ақпарат құралдарын енгізу, есте сақтау операциялары бойын-ша барлық мағлұматтарды енгізіп отыру, есептеу, сараптау, т. б. жүйелер үшін тиімді. Microsoft Access бағдарламасы көбінесе, баспа қызметерінде, жоба жасау, типография-лық және топографиялық, жалпы инженерлік саланың бәрінде де қызмет етеді. Сонымен қоса конструктілік тәсілдердерді орындау, кестелермен жұмыс жасау салаларын да қамтиды. MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компонеттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданыла-ды, осндықтан бұл компонеттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.). MS Access кіру жолы: пуск – все программы – MS Office – MS Access, яғни Кесте деректер қорының негізі болып табылады. MS Access-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі. Формалар-форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экран-да бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсе-теді. Шебердің көмегімен форманы, оған алдын-ала құрылған шоблонның біріне сәйкес ор-наластырып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруға, яғни форманың конструкто-ры көмегімен кез-келген күрделі дәрежедегі формаларды құруға болады.

Есесп берулер деректер қорында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады. Есеп беру-лер конструкторының көмегімен деректер тобын, өрістер тобын және есептелінетін өрістер-ді, оларды сәйкес жасайтын өз есеп берулерімізді дайындай аламыз. Сұраныс деректер қорынан ақпаратты алады, әрі мұнда деректер бірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін. MS Access-те сұранысты пішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген әдіс қолданылады. Визуалды ақпарат негізінде бұл әдісті қолдана отырып бір немесе бірне-ше кестелерден қажетті деректерді алуға болады. Деректерге қатынау беті MS Access немесе Mocrosoft SQL Server деректер қорында сақталған интернет немесе интернет арқылы жұмыс істеуге және оларды көруге арналған Web парақтың арнайы түрін ұсынады. Макростар жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған. Әрбір макрос бір немесе бірнеше макрокомандалардан тұрады, олардың әрқайсысының белгілі бір қызметі бар, мысалы, формаларды немесе есептерді баспаға жібереді. Енді MS Access терезелеріне шолу жасап кетейік және олардың мәзірлер қатарын қарастырып өтейік. Бастапқы терезесі:

Деректер қорын құрастырушы терезесінің түрі:

Мәзір қатары:

Тақырыбы: МББЖ Access Жоспар Кіріспе I. Бөлім . Даталогиялық жобалау туралы жалпы мағлуматтар. 1.1 Даталогиялық жобалаудың бастапқы деректері. 1.2 Даталогиялық жобалау нәтижесі. 1.3 Даталогиялық жобалауға қатынасы. 1.4 Деректер базасын құрамын аңықтау. 1.5 Жасанды идентификаторларды енгізу. II Бөлім. Даталогиялық модельдердің ерекшеліктері. 2.1 Іштей жазу құрылымы. 2.2 Сыртқы жазу құрылымы. 2.3 Желілік МББЖ тендес файлдармен даталогиялық жобалау. III Бөлім. Мәліметтер базасын жобалау « Жиһаздар» 3.1 Таблицалар 3.2 Форма 3.3 Сұраныстар Қорытынды Дереккөздер.

Кіріспе Мәліметтер базасында жобалау кезендері. Мәліметтер базасында белгілі – бір пәндік облыс туралы ақпарат көрінеді. Пәндік облыс (ПО) деп нақты зертеу үшін қызығұшылық білдіретін реалды әлемнің бөлігі аталады. Автоматтандырылған ақпараттық жүелердепәндік облыстың көрінісі мәліметтердің бірнеше деңгейлерінің модельдерімен ұсынылады. Модельдердің деңгейлерінің саны МББЖ – нің ерекшеліктеріне тәуельді болады. Әрі қарай біздер МББЖ — ге деректер базаларын жобалауда сұрақтарын қарастырамыз, құрылымдық деректер модельдерін қолдаймыз. Модельдер логикалық және физикалыһ деңгейде бөлек түрінде қолданатына қарамастан, методологиялық көзқарастан мөдельдердің деңгейлерін және деректер базаларының жобалау кезендерін бәрі – бір белгілеуге болады.

Деректер базасының даталогиялық моделі (ДМ). Даталогиялық модель логикалық деңгейдің моделі болып табылады және ол деректер элементтерінің логикалық арасындағы байланысты бейнелеп, олардың сақтау сыртқы ортаға да мазмұнына тәуельді болмайды. Осы модель информациялық бірліктер терминдеріне құрылады, нақты МББЖ рұқсат етілген, біздер деректер базасын жобалайтын ортада.ДЛМ құру кезеңі даталогиялық жобалау болып аталады. МББЖ тілімен деректер базасының логикалық құрылымын суреттеуді сызбанұсқа д.а. ДБ физикалық моделі . Даталогиялық модельдің сақталатын орнына байланыстыру үшін физикалық деңгейдің деректер моделі қолданылады(көп жағдайда физикалық моделі д.а.). Осы модель есте сақтау құралғыларды аңықтайды және деректерді сақтайтын жерде физикалық түрін ұйымдастырады. Физикалық деңгейдегі модель мүмкіндік нәтижелілігін есептеп құрылады, МББЖ суреттеуі бойынша. Деректер базасының физикалық құрылымын суреттеуді сақтау сызбанұсқасы д.а. Соған сәйкес ДБ жобалау деңгейі физикалық жобалау д.а.

Сұраныс – бұл іздестіруге қойылатын талап, мәліметтер қорында берілгендерді өзгерту және өңдеу болып табылады. Сұраныстарды өрістер көзі ретінде берілгендерге ену үшін формалар, есептер және беттерге қолданылады. Сұраныс Access-те мәліметтер қоры (МҚ) файлында сақталатын және бірнеше рет орындалатын обьект болып табылады.

Access-те сұраныстардың бірнеше түрі бар:

таңдалынатын сұраныстар;

параметрлі сұраныстар;

қиылысатын сұраныстар;

өзгертілетін сұраныстар (кестелерді құру үшін сұраныстар, өшіру, жаңарту, өрістерді қосу);

SQL сұраныстары (біріктіруге сұраныстар, серверге сұраныстар, басқарылатын сұраныстар, бағыныңқы сұраныстар).

Таңдалынатын сұраныстар қолданушы қойған талап бойынша кестелерден берілгендерді таңдау үшін қолданылады. Сұраныстың нәтижесі динамикалық кесте болып табылады.

Қарапайым сұраныс – таңдау жүргізу үшін бір базалық кесте қолданылатын таңдалынатын сұраныс. Қарапайым сұраныстар берілгендерді элементарлы өңдеу үшін қолданылады.

Күрделі сұраныс –бұл берілгендерді әртүрлі кестелерден және сұраныстардан, сонымен қатар әртүрлі мәліметтер қорынан бір жүйеге біріктіруге мүмкіндік беретін сұраныс. Мұндай сұраныста кестелер ішкі, сыртқы, рекурсивті байланыстар және қатынас бойынша байланысуларды қолдану арқылы бір бірімен байланыса алады. Бұл сұраныстың көмегімен кестені құруға, жаңартуға, өшіруге болады, әртүрлі сұрақтарға жауап алуға болады.

Ішкі байланыстар көбінесе таңдалынатын сұраныстарды құру үшін қолданылады. Егер кестелер «бірден-көпке» қатынасымен байланысса онда бұл байланысу бір кестенің алғашқы кілттік өрісінің мәніне және басқа кестенің сыртқы кілтінің мәніне негізделеді. Сұраныстың нәтижесі ретінде бағыныңқы кестедегі («көп» кесте) сәйкес өрістерден тұратын бас кестенің («бір» кесте) барлық өрістері түседі. Ішкі байланысулар динамикалық жинақтамада сәйкес өрістерді кестелердің біріктірілген өрістері ретінде бір өріс сияқты көрсетеді. Мұндай түрдегі байланысулар егер де кестелерде атаулары бірдей өрістер болса және типтері сәйкес болса, сонымен қатар өрістердің біреуі кілттік болса немесе байланысу Берілгендер схемасында анық берілген болса онда кестелер арасындағы байланыс автоматты түрде жүзеге асады.  «Келісімді типтер» көп жағдайда біртекті типтерді білдіреді. Бұл жерде Счетчик типінің ғана қатысы жоқ, ол ұзын бүтін өлшемінен немесе репликация кодынан тұрады және сәйкес өлшем бойынша сандық өрістермен байланыса алады. Access-те ішкі байланыстарды көрсету үшін INNER JOIN резервтелген сөзі қолданылады.

Бір кестенің барлық өрістерін және екінші кестеде байланысқан өрістер сәйкес келетін кейбір өрістерді біріктіру үшін сыртқы байланысуды қолданады. Access-те оң (RIGHT JOIN) және сол (LEFT JOIN) сыртқы байланысулар қолданылады. Кестелерде сол жақ сыртқы байланысуға негізделген сұраныстар бас кестенің («бір» кесте) уникалды кілттік өрісі бар барлық өрістерді бағыныңқы кестенің («көп» кесте) байланысқан өрістерінде сәйкес мәндердің болуына тәуелсіз көрсетеді. Кестелерде оң жақ сыртқы байланысуға негізделген сұраныстар көп кестенің барлық өрістерін бас кестеде олармен байланысқан сәйкес мәндер бар-жоғына тәуелсіз көрсетеді. Көп жағдайында кестедегі өрістер бір кестесіндегі байланысқан өрістері жоқ өрістерді әдетте тәуелді өрістерге жатады. Сондықтан да сыртқы байланысулар МҚ-ның қолдау жүйесінде кестелерден «тәуелді» өрістерді жою үшін және уникалды мәндері бар өрістерден тұратын жаңа кестелерді құру нәтижесінде берілгендерді дубльдеу үшін қолданылады.

Қолданылған әдебиеттер:



  1. Халықова К.З «Информатиканы оқыту әдістемесі» -Алматы, Білім, 2000 ж.

  2. Мұхамбетжанова С.Т. «Мектеп информатикасын оқыту әдістемесі» (7- 11 сынып материалдары негізінде) –Алматы,2006.

  3. Е.Қ.Балапанов, Бөрібаев Б., А.Б. Дәулеткұлов “Қолданбалы бағдарламадан 30 сабақ” Алматы “Шартарап”-1998.

  4. Информатикадан білім беру стандарты 9-11 кл, Алматы -1998.

  5. Лапчик М,П “Қолданбалы бағдалама оқыту әдістемесі”. Оқу құралы А, 1994.

  6. Лапчик М.П.,Семакин И.Г “Методика преподавания информатики”. Москва, Academia- 2005 г.

  7. Шафрин Ю. Информационные технологии. В 2-х ч. :Учеб.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет