«ОҒƏК өлкетану ресурстары – жастарға» сериясының 3 басылымы



жүктеу 0.67 Mb.
Pdf просмотр
бет2/2
Дата22.12.2016
өлшемі0.67 Mb.
1   2

 

 

Мартбек Мамыраев 

(1908-1989) 

 

Мартбек Мамыраев Қарқаралы ауданының қазіргі М.Мамыраев ауылында 



1908 жылы туған. Табиғаттың бұла перзенті жасынан еңбекқор да алғыр болып 

өсті. 


1921 жылы жас Мартбек Қарағанды кенішіне келді. Кейінде жер астында 

көмір шапты. Арнайы оқу бітіріп электрмонтері болды, учаске механигіне дейін 

өсті. 1936 жылы  шахта  кəсіподақ  комитетіне,  кейінде  №3-бис  шахтасының 

партия ұйымына жетекшілік етті. 

Отанға  қауіп  төнген  шақта  ол  соғысқа  аттанды. 1942 жылдың  мамыр 

айынан бастап майданға кірді. Қазақ жігітінің алғашқы от кешіп, сынға түскен 

жері Сталинград түбіндегі шайқастар еді. Сол жерде жараланып, 1943 жылдың қыркүйігіне дейін 

емделді.  Қайтадан  қатарға  қосылып, 12-гвардиялық  атқыштар  дивизиясы  сапында  Димитров 

қаласын  азат  ету  шайқасына  қатысты.  Мартбектің  атқыштар  ротасы  əрқашан  алдыңғы  шептен 

көрінді. Бірде қалың оқтан жараланған рота командирі қансырап жатып, басшылықты Мартбекке 

тапсырды. Осы ұрыста көрсеткен ерлігі үшін М.Мамыраев Қызыл Ту орденімен марапатталды. 

Беті  қайтқан  жауды  түре  қуған  Мартбектер  Батысқа  бет  алды. 1943 жылғы  күзде  олар 

Днепрді  бетке  алып,  ұлы  өзеннен  өтуге  тиіс болды.  Немістер  төсеген  шағын  көпірдің  көмегімен 

Мамыраевтардың  расчеті  қарсы  жағаға  ілікті.  Сол  жерде  үш  түн  бойы  атысқан  жауынгерлер 

берілмеді. Ұрыс кезінде жараланған Мартбек қатардан қалған жоқ. Ержүрек жігіттер бірінен соң 

бірі  жараланды,  көбі  қаза  да  болды.  Бірақ  қару  күшін  іскер  пайдаланған  Мамыраев  кеңес 

əскерлерінің өзеннен жүзіп өтуіне жағдай жасады. Осылайша үлкен операция сəтімен аяқталды. 

Днепрден ұрыспен өту кезінде көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін гвардия аға сержанты, 61-

ші  Армияның 12-ші  гвардия  атқыштар  дивизиясының 32-ші  гвардиялық  аткыштар  полкінің 

пулемет расчетінің командирі М.Мамыраевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен 

1944  жылғы  ақпанның 15 жұлдызында  Кеңес  Одағының  Батыры  атағы  берілді.  Ол  Ленин 

орденімен, I дəрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған. 

Соғыстан кейін Мартбек Мамыраев Киров атындағы шахта партия ұйымын басқарды. Ленин 

аудандық  партия  комитетінің  бірінші  хатшысы  болды,  кеншілер  астанасы  атқару  комитетінің 

орынбасарлығына сайланды. Соңғы кезде ол химия-метеллургия институтында еңбек етті. 

Мартбек  ағамыздың  бейбіт  өмірдегі  еңбегі  де  лайықты  бағаланып,  оған  Құрмет  белгісі 

ордені, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасы берілді. 

Мартбек Мамыраев 1989 жылдың қараша айының 22 жұлдызында дүниеден өтті. 

 

Əдебиеттер: 

 

Совет  Одағының  Батыры  Мартбек  Мамыраевты  мəңгі  есте  қалдыру  туралы:  Қазақ  ССР 

Министрлер Кабинетінің қаулысы // Қаз. ССР. Үкіметтің қауылар жинағы. – 1991. - №12 

Мамыраев М. Ердік пен ерлік дастаны // Орт. Қазақстан. – 1981. –21 июнь 

Мамыраев М. Есте сақталады // Орт. Қазақстан. – 1966. – 9 мамыр 

 

*** 



Аманжолов Қ. Мартбек: [Толғаудан үзінді] // Қарқаралы. – 1992. – 8 тамыз. 

Əбдiрахманұлы А. Биыл - ұлы Жеңiске 55 жыл // Қарқаралы.- 2000.-15 сəуiр. 

Дүйсетаев С. Жақсының жақсылығын айт: Қарқаралыға еңбегi сiңген // Қарқаралы.- 2000.-25 

наурыз. 


Жанысбаев  С.  Ерлігі  ешқашан  ұмытылмайды: [Батыр  М.Мамыраевқа  ескерткіш  бюст 

орнатылғаны туралы] // Орт. Қазақстан. – 1991. – 5 қараша. 

Қаныбаева Р. Мартбек Мамыраевтың ерлігіне 50 жыл // Қарқаралы. – 1994. – 2 сəуір 

Қарағанды қырандары // Орт. Қазақстан. – 1990. – 1 сəуір 

Қойбағаров Х. Днепр батыры: Ұлы Жеңiстiң 58 жылдығы қарсаңында // Қарқаралы.- 2003.- 

26 сəуiр 

Қойбағаров Х. Толқынды Днепрдiң жағасында: Ұлы Жеңiске-55 жыл// Қарқаралы.- 2000.- 1 

сəуiр 


Қыныбаева Р. Батырдың есiмiн ұмытпайық: Дат, ағайын! // Орт. Қазақстан.- 2003.- 7 қазан.-5 

б. 


Лұқпан Е. Днепрдi кешiп өту. Донбасс пен терiстiк Кавказды алу: Ұлы Жеңiстiң 60 жылдығы 

қарсаңында // Орт. Қазақстан.- 2004.- 9 желтоқсан.-6 б 

Мамраев Мартбек // Совет Одағының қазақстандық Батырлары. - Алматы, 1969. – Т.2. – 23-

24 б. 


Мамыраев Мартбек // Қарағандылық Совет Одағының Батырлары. - Қарағанды, 1990.– 39-40 

б. 


Мамыраев  Мартбек // Қаһарман  қарағандылықтар.  Герои-карагандинцы.-  Қарағанды, 2000.- 

79-82 б. 

Омарбеков М. Өз қазағым, өз елiм: [Деректi əңгiме] // Қарқаралы.- 2001.-8 қыркүйек. 

Оразалин О. Жұлдызы жарқырап… // Орт. Қазақстан. – 1970. – 9 мамыр 

Сағындықов А. Азамат: Совет Одағының Батыры М.Мамыраев 70 жаста // Орт. Қазақстан.– 

1978. – 4 мамыр 

Сағындықов А. Мартбек Мамыраев: Арқа ардақтылары // Орт. Қазақстан. – 1990. – 1 сəуір 

Тұңғышбаев Қ. Ер ерлігі – ел жүрегінде // Соц. Қазақстан. – 1963. – 2 ақпан 

 

 

Қазыбек Нұржанов 



(1919-1945) 

 

Кеңес  Одағының  батыры  Қазыбек  Бейсенұлы  Нұржанов 1919 жылы 



Қарағанды  облысы,  Ақтоғай  ауданындағы  Ақтоғай  ауылында  туған. 

Қарқаралы педагогикалық техникумын бітіріп, Шет ауданында мұғалім болып 

істеді. 1939 жылы  Совет  армиясына  шақырылды. 5-ші  атқыштар  дивизиясы 

истребитель  дивизионын  барлаушылар  взводы  командирі,  аға  сержант 

шеніндегі  ол  Ұлы  Отан  соғысына 1942 жылы  көкек  айында  шақырылды. 

Волга  мен  Орел  түбінде  соғысып,  Зуш,  Десна,  Сож,  Днепр,  Друть,  Березин 

өзендерінен  өтті.  Оның  бүкіл  соғыс  жолы  ерлік  пен  даңққа  толы.  Қазыбек 

Нұржановтың  көзсіз  батырлығын  жəне  тапқырлығын  бағалап,  оған  барлау 

взводын басқаруды тапсырды. Друть өзеніне өтерде олар жаудың оғы астында бола тұрып, барлау 

жүргізіп, дұшпан танктерінің шабуылын тойтаруға жағдай туғызған бағалы мəліметтер жеткізді. 

Соғыс  барысында  ол  жауынгерлік  ерлігі  үшін  «Қызыл  Ту», «ІІІ  дəрежелі  Даңқ»  ордендері 

жəне «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.  

Қазақстандық  жауынгер  Волховск  қаласын  алардағы  ұрыста  қанаттан  тиіскен 

шабуылдауышы  топты  басқарды.  Ержүрек  жауынгер  Қазыбек  Нұржанов  шабуылдаушы  жаяу 

əскерді соңына ертіп, Волоховскіге бірінші болып кірді. Қала шетінде ол өте ауыр жарақат алды.  

СССР  Жоғарғы  Совет  президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы  Указымен  Қазыбек 

Бейсенұлы Нұржановқа қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының батыры атағы берілді. 

Қарағандының, Жезқазғанның бір көшесі Қ.Б.Нұржанов есімімен аталған. 

 

Əдебиеттер: 

 

Жанғожин  А.  Қарағандылықтар  Отан  үшiн  шайқаста:  Қазыналы  қарашаңырақ // Орт. 

Қазақстан.- 2003.- 30 желтоқсан.-8 б. 

Жетiбаева  Б.  Қала  төлқұжатындағы  есiмдер  Қазыбек  Нұржанов // Сарыарқа.-  Жезқазған 

2004.-19 наурыз.-2 б. 

 

11



Нұржанов Қ.Б. // Қарағанды. Қарағанды облысы. Энциклопедия.-Алматы, 1990.-428 б. 

Нұржанов Қ.Б. // Қаһарман қарағандылықтар. Герои-карагандинцы./ Қарағанды, 2000.-92-93 

б. 

Нұржанов Қ.Б. // Совет Одағының қазақстандық Батырлары.- Алматы, 1969.- 2-ші том- 111-



112 б. 

 

 



Амантай Дəулетбеков  

(1917-1943) 

 

Амантай  Дəулетбеков  Қарағанды  облысының  Жаңаарқа  ауданыны 



Түгіскен ауылының күн шығыс жағындағы «Ақкеңсе» деп аталатын жерде 1917 

жылы туды. Кеңес Армиясы қатарына 1939 жылы шақырылып, əскери қызметті 

Шығыста бастады. 

А.Дəулетбеков 1942 жылғы  жазда  өзінің  көптеген  қызметтес 

жолдастарымен  бірге  Брянск  майданына  жіберілді.  Ол 13-ші  Армияға  қарасты 

танктерді  бұзып-жоятын 1180-ші  полктің  артиллериялық  расчет  командирі 

болды.  А.Дəулетбеков  өзінің  жауға  қарсы  алғашқы  шайқасын  сол 1942 жылғы 

жазда  Орлов  облысындағы  байырғы  орыс  қаласы  Ливының  оңтүстігінде 

бастады. Фашистер ол кезде Воронеж жəне Сталинград бағыттырында шабуылға шыққан болатын. 

Ливны түбінде бүкіл жаз бойы кескілескен ұрыс жүрді. Амантай осы ұрысқа қатысушылардың бірі 

болды. 

1943  жылдың  қанқұйлы  жазы  еді. 6 шілдеде  Орел  мен  Курск  темір  жолдары  арасындағы 



Поныри  қалашығы  түбінде  кескілескен  ұрыс  басталды.  Поныри  түбінде 13-ші  армияның 307-ші 

дивизиясы  полктары  қорғаныста  тұрды.  Өлермен  жаудың  қарқыны  бір  толастамады.  Қаншама 

танктері  от  құшағына  оранғанымен  оның  орнына  жаңалары  келіп,  өршелене  алға  ұмтылды. 

Амантайлар  жау  əскерінің  қоршауында  қалды.  Осы  қысыл-таяң  шақта  зеңбірекшілер  командирі 

қоршауды  бұзып  шығуға  əрекет  жасайды.  Амантай  зеңбірек  жанына 2 адамнан  қалдырып, 

жауынгерлерді бастап танкілерге ілескен жаудың жаяу əскерлерімен қоян-қолтық ұрысқа шығады. 

Осы  оқиғаны  толығымен  сипаттаған  мəлімет  архивте  сақталған. 1080 артиллерия  полкінің 

командирі, подполковник Мац қол қойған осы бір құжатта Амантай басқарған расчеттің жаумен 

шайқастағы  ерлік  қимылы  былайша  баяндалады: «…ұрыс  екі  сағатқа  созылды.  Жау 13-ші  рет 

шабуылға шықты, бар ойы өз жолына кедергі болып тұрған Дəулетбеков расчетін құрту болатын. 

Бірақ Дəулетбеков жолдас жаудың бұл ойын жүзеге асырмады. Осы уақыт ішінде жаудың «Су-7» 

маркалы 10 танкі,  бір  ротадай  жаяу  əскері  құртылды.  Жау  одан  бетер  ызаланып,  батырдың 

зеңбірегін таптап кетпекші болды. Небəрі 4-ақ адамы қалған зеңбірек пен оның расчетін құртуға 

жау 14 рет  оқталды.  Біздің  жауынгерлердің  снарядтары  бітуге  айналды.  Танктер  мен 

автоматшылар  зеңбірекке 150 метрдей  жақын  келді.  Жаудың  дəл  тиген  снарядынан 

Дəулетбековтің  зеңбірегі  мүлде  істен  шықты.  Осындай  қысыл-таяң  шақта  Дəулетбеков 

табандылық  танытты.  Тірі  қалған 4 жауынгер  оның  командасы  бойынша  орындарынан  тұрып, 

жаудың  жаяу  əскеріне  қарсы  ұмтылды.  Оқтары  əбден  біткен  жауынгерлер  қоян-  қолтық  ұрысқа 

көшті. Осы жағдайдың өзінде Амантай 4 фашисті мұрттай ұшырды. Бірақ оның өзіне оқ тиді…» 

Əскери командование 1943 жылдың 9 шілдесінде жаумен арыстанша алысып ерлікпен қаза 

тапқан  жерлесіміздің  ерлігін  лайықты  бағалады.  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумінің 1943 

жылғы 24 желтоқсанындағы Жарлығы бойынша Амантай Дəулетбековке Кеңес Одағының Батыры 

атағы берілді. 

 

Əдебиеттер: 



 

Дəулетбеков А. // Қаһарман қарағандылықтар. Герои-карагандинцы./ Қарағанды, 2000.-30-31 

б. 

Дəулетбеков А. // Совет Одағының қазақстандық Батырлары. – Алматы, 1969.- 1-ші том- 221-



222 б. 

Жетiбаева Б. Түгiскеннен шыққын батыр: Совет Одағының Батыры Амантай Дəулетбековтың 

туғанына-85 жыл // Сарыарқа.- Жезқазған, 2002.- 10 шiлде 

 

12



Мұқышұлы Ұ. Амантай Батыр: Кеңес Одағының Батыры А.Дəулетбековтiң туғанына 85 жыл 

// Орт. Қазақстан.- 2002.- 4 желтоқсан.-7 б. 

Соболев А.Н. Ерлiкке тағзым ете беремiз: Курск иiнiндегi шайқасқа - 60 жыл // Сарыарқа.-

Жезқазған, 2003.- 8 тамыз 

 

 

Мүтəш Сүлейменов 



 

Мүтəш  Сүлейменов 1921 жылғы 10 қыркүйекте  Қарағанды  облысы  Нұра 

ауданының Казгородок ауылында шаруа отбасында туған. 

Қазақ  орта  мектебінде  оқып, 9 кластық  білім  алды. 1941 жылдың  мамыр 

айынан  Нұра  ауданының  Чкалов  атындағы  колхозында  есепші  болып  еңбек 

жолын бастады. 

1942  жылдың 12 қаңтарында  армия  қатарына  шақырылды. 1942 жылдың 

қазан  айынан 49-шы  Армиянының 139-шы  Рославск  Қызыл  Тулы 

дивизиясында, 2-ші  Беларусь  майданында  бағыттаушы  жəне 45-мм  зеңбірек 

орудиесінің командирі болды. 

Беларусь соғысында 1944 жылы Мүтəш ағамыз ІІІ дəрежелі Даңқ орденін иеленді. 

Кнышин  қаласы  жəне  оның  маңындағы  соғыста  М.Сүлейменов  басқарған  орудие  расчеты 

неміс фашистерінің үш пулемет орнын жəне жиырмаға тарта гитлершілерді жойып жіберіп, біздің 

жаяу  əскерлердің  одан  əрі  жылжуына  мүмкіндік  жасады.  Осы  соғыстағы  ерлігі  үшін  сержант 

М.Сүлейменов  ІІ  дəрежелі  Даңқ  орденімен  марапатталды.  Ол  Польша  жеріндегі  ұрыстарда 

көрсеткен ерлігі үшін 1945 жылғы 29 маусымда І дəрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 

1945  жылғы 9 мамырды,  Жеңіс  күнін  М.Сүлейменов  Берлин  төңірегінде  қарсы  алды. 1945 

жылғы 24 маусымда Москвада Қызыл алаңда болған Ұлы Жеңіс парадына қатысқан. 

Əскер  қатарынан  оралған  М.Сүлейменов  бейбіт  еңбек  жолын 1946 жылы  Нұра  ауданының 

қазақ орта мектебінде алғашқы əскери дайындық пəнінің мұғалімі қызметінен бастап, 1987 жылға 

дейін үздіксіз еңбек етті. 

1968 жылы Қарағанды педагогикалық институтының тарих факультетін сырттай бітірді.  

М.Сүлейменов  «Қазақ  КСР-і  білім  беру  саласының  озық  қызметкері», «КСРО  ағарту 

саласының  озық  қызметкері»  деген  құрметті  атаққа  ие  болды.  Қазақ  КСР-і  Жоғарғы  Кеңесінің 

Құрмет грамотасымен марапатталды. 

1990  жылғы 7-мамырда  КСРО  Президенті  М.С.Горбачевтің  Кремльдегі  Ұлы  Жеңістің 45 

жылдығына арналған қабылдауында болды. 

М.Сүлейменов Ұлы Жеңістің 40 жылығына жəне 50 жылдығына арналған Москвада Қызыл 

алаңда өткен парадтарға қатысқан. 

 

Əдебиеттер: 



 

Қазақстан  Республикасы.  Президент (1991 - Н.Ə.  Назарбаев).  Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттiк наградаларымен марапаттау туралы Қарағанды облысы бойынша: ҚР Президентiнiң 

Жарлығы// Орт. Қазақстан.- 2003.- 9 мамыр.-1 б. 

 

*** 


Алдашева  Р.  Сұрапыл  соғыста  медсанбаттың  сарбазы  болған..:  Жеңiстi  жақындатқандар 

Темiртау.- 2003.- 8 мамыр 

Ахметов Д. Ерлiк мəңгi жасайды: Жеңiске-55 жыл // Нұра.- 2000.-29 сəуiр 

Ахметов  Д.  Ерлiк  мəңгi  жасайды: [М.Сүлейменов  туралы] // Орт.  Қазақстан.- 2001.-26 

қыркүйек. Нұра.- 2001.-6 қазан 

Ахметов Д. Ұстаздардың ұстазы: Қалдырған iзiң мəңгiлiк// Орт. Қазақстан.- 2004.- 23 қазан.-

13 б. 

Əшiмұлы  Б.  Нұраның  бойындағы  нұрлы  мекен:  Мерейтой//  Орт.  Қазақстан.- 2004.- 13 



қараша.-8 б. 

Байтұрсын  Т.  Сексенiнде  де  сергек  мерейтой: [М.Сүлейменов  туралы]//  Орт.  Қазақстан.-

2001.-15 қыркүйек 

 

13



Бiлгiшбайқызы Ш. Еңбектегi əр күнiм - бiр несiбе // Нұра.- 2002.- 2 қараша 

Досжанов Қ. Абзал аға: [М.Сүлейменов туралы]// Нұра.- 2001.-25 тамыз 

Жанғожин  А.  Қарағандылықтар  Отан  үшiн  шайқаста:  Қазыналы  қарашаңырақ // Орт. 

Қазақстан.- 2003.- 30 желтоқсан.-8 б. 

Жанғожин А. Қаhарман қарағандылықтар Қызыл алаңындағы Жеңiс шеруiне қатысады// Орт. 

Қазақстан.- 2000.-6 мамыр 

Жұмағали С. Еңбегi бардың өнбегi бар // Орт. Қазақстан.- 2003.- 4 желтоқсан.-2 б. 

Қарағанды ендi əскери қала болады // Орт. Қазақстан.- 2002.- 4 қыркүйек.-11 б. 

Майдангерлер галереясы // Қарқаралы.- 2000.-6 мамыр 

Сүлейменов М // Қаһарман қарағандылықтар. Герои-карагандинцы.- Қарағанды, 2000.- 113-

114 б. 

Сыздықов  Б.  Қазақ  мектебi - ұлт  бесiгi:  М.Сүлейменов  атындағы  мектепке- 75 жыл // Орт. 



Қазақстан.- 2004.- 10 сауiр.-6 б. 

Сыздықов Б.О. Қазақ мектебi - ұлт мақтанышы М.Сүлейменов атындағы мектепке- 75 жыл: 

Мерейтой// Нұра.- 2004.- 17 сəуiр 

Халиолла  М.  Жалындап  жану  немесе  майдангер-ұстаз  Мүтəш  Сүлейменовпен  сырласу: 

[Эссе]// Орт. Қазакстан.- 2001.-5 мамыр. Нұра.- 2001.-5 мамыр 

 

 



Тиышбек Аханұлы Аханов 

 

Тиышбек  Аханұлы 1924 жылы 28 маусымда  Қарағанды  облысының 

Победа  совхозында  дүниеге  келген. 1941 жылы N1 ФЗО-ны  тамамдағаннан 

кейін  «Кировкөмір»  тресінің N31 шахтасында  электровоз  машинисі  болып 

жұмысқа түседі. 1942 жылдың басында өз еркімен комсомолдың шақыруымен 

майданға  атанады.  Мəскеу  түбінде 316–дивизия  құрамында  əскери  шұғыл 

дайындықтан өтіп, Клин, Ржевтегі ауыр ұрыстарға қатысады. 1944 жылы ауыр 

жарақатанып, госпитальде емделеді. 

Қарағанды мұғалімдер институтын бітіріп, N2 мектепте сабақ береді. 1947 

жылы  Қарағанды  облыстық  комсомол  комитетіне  хатшы  болады. 1948 жылы 

Қарағанды  қалалық  партия  комитетінде  кадр  бөлімінің  меңгерушісі  болады. 1977 жылы  Алматы 

ауыл  шаруашылық  институтын  бітіреді.  Қарағанды  қаласындағы  Киров,  Ленин  ауаткомдарының 

төрағасы,  Қарқаралы  аупарткомының  бірінші  хатшысы,  Қарағанды  облатком  төрағасының 

орынбасары,  облаткомның  еңбек  жəне  баға  бөлімінің  меңгерушісі  қызметтерін  атқарған. 1987 

жылдан республикалық дəрежедегі дербес зейнеткер. 

Еңбек жолын электровоз машинисінен бастаған Тиышбек Аханұлы ұйымдастыру қабілетінің 

арқасында  көзге  түсіп,  қоғамдық  өмірге  белсене  араласуымен  комсомол,  партия.  Кеңес 

органдарына жауапты жұмыстарға жоғарылытады жəне бірнеше орден мен медальдар игері. 

 

Əдебиеттер: 

 

Алпысбайұлы С. Қоғамның қайыспайтын қара нары // Орт. Қазақстан.- 2004.-26 маусым. 6 б. 

Нұралы С. Ардагерді ардақтады Баспасөз мəслихаты // Орт. Қазақстан.- 2004.- 1 шілде. 

 

 



Мəлік Имашұлы Имашев 

 

Имашев  Мəлік  Имашұлы 1922 жылы 22 қаңтарда  Шығыс  Қазақстан 

облысы,  Қатанқарағой  селосында  дүниеге  келеді.  Еңбекке  он  жасынан 

араласады,  мал  бағып,  жем-шөп  дайындайды.  Əке-шешесінің  ауруына 

байланысты үй шаруашылық жұмыстары яғни барлық ауыртпалық өз мойында 

болды. 


 

14

1941  жылыдың  қыркүйегінде 19 жасар  Мəлік  Имашұлы  əскерге 



шақырылып,  Киев  қаласынан  көшірілген  Талдықорған  қаласына  орналасқан 

ұшқыштар  училищесіне  жіберіледі.  Бір  жылдан  астам  ұшу  мен  соғыс  өнерін  меңгерген 60 



 

15

курсанттың  ішінен 25 оқу  үздігі  қатарында  майданға  аттанды.  Алғашқы  бомбалау  əуе  жорығын 



Мəлік  Имашұлы 1942 жылы 172-ші  əуе  полкында  Ржев  жəне  Вязьма  қалаларының  маңында 

орналасқан  жау  объектілерін  бомбалаудан  бастайды.  Одан  кейін 50-ші  армияның 432-ші  əуе 

бомбалаушы  эскадрилиясы  қурамында  əуе  шайқастарында  соғысқа  қатысады.  Соғысты 

Кеннигсберг  пен  Балтық  теңізінің  Пилау  жəне  Фишхаузен  теңіз  айлақтарын  қоршауға  алып, 

жауды бомбалап талқандаумен аяқтады.  

1947  жылы  ол  туған  жері  Қотанқарағой  селосына  жеңіспен  оралады.  Сол  жылы  аудандық 

партия  комитетінің  нұсқаушылығына,  жарты  жылдан  кейін  партия  комитетінің  меңгерушілігіне 

бекітеді. 1949 жылы  Мəлік  Имашұлы  Алматы  партия  мектебіне  түсіп  үздік  бітіреді. 1951 жылы 

Қарағанды  қаласына  жіберіледі.  Бұл  жерде  Қарағанды  қалалық  партия  комитетінде,  Киров 

аудандық,  Шет  аудандық,  Қарағанды  облыстық  партия  комитеттерінің  хатшысы,  Қарағанды 

облыстық кəсіподақтары кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарады.  

1973  жылы  Мəлік  Имашұлына  Одақтық  дəрежедегі  зейнетақы  тағайындалды.  Алайда 50-

жастағы  жас  зейнеткер  үшін  үйде  отыру  табиғатына  жат  еді.  Ол  облыстық  «Полиграфия» 

басқармасына  жетекшілік  етеді.  Облыста  баспахана  мен  баспагерліктің,  журналистиканың 

дамуына сүбелі өзіндік ерекшке үлесін қосты. Облыс полиграфия өндірісінің саласы сол кезеңде 

Қазақстанда ғана емес, Одақ көлемде алдыңғы қатарға шықты. 

Қарағанды  облысының  экономикалық  жəне  əлеуметтік  дамуына,  мəдениеті  мен  баспасөз 

ісінің өркендеуіне қомақты үлес қосқан талантты басшы-қайраткер. 

2001  жылы  «Шахтер-Испат-Кармет»  футбол  командасын  ұйымдастыру  жəне  қаржылық, 

шаруашылық жəне кадр мəселелерін шешуге кірісті. 

Бірнеше  медальдар  мен  ордендер  иегері.  Қазақстанның  полиграфия  жəне  баспа  ісіне  еңбегі 

сіңген қызметкер атағын алды, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 

 

Əдебиеттер: 

 

Имашев М. Бізді «Шахтер» арқылы таниды // Орт. Қазақстан.-2001. –11 тамыз. 

Имашев М. Қарағанды кеншілерінің көшбасшысы // Орт. Қазақстан.- 2001.- 20 қаңтар. 

Имашев М. Қаражат қайда жұмсалады? //Соц. Қазақстан. – 1990. –22 шілде. 

Имашев  М.  Халықтың  ұлы  ерлігі  ұмытылмайды:  Ұлы  Жеңіске –55 жыл // Орт.  Қазақстан.-

2000.-5 ақпан. 

 

*** 


Ақанов Т. Азамат сондай-ақ болсын: Мəлiк Имашұлы -80 жаста // Орт. Қазақстан.- 2002.- 26 

қаңтар 


Алпысұлы С. Қыран қиясы: [М.Имашев туралы]// Орт. Қазақстан.-2001.-15 желтоқсан 

Аманбаев  І.  Қоғамдық  мүдденiң  қажырлы  қызметшiсi:  Мəлік  Имашұлы - 80 жаста // 

Орт.Қазақстан.- 2002.-26 қаңтар 

Есмхамбетов А. Берерi сарқылмайтын, айтары азаймайтын адам: Мəлік Имашұлы - 80 жаста 

// Орт.Қазақстан.- 2002.-26 қаңтар 

Кəрiмов С. Жеңiске тағзым: 9 мамыр - Жеңiс күнi // Азия Транзит.- 2002.- N5.-2-3 б. 

Сексенұлы  С. “Олигархтарды”  демократиямен  үш  қайнаса  сорпасы  қосылмайды:  Газет 

редакциясында  өткен  "Дөңгелек  столға"  қатысатындар  осындай  ортақ  ұйғарымға  келдi // 

Орт.Қазақстан.- 2002.-10 сəуiр 

 

 



Тылда да тынымсыз еңбек етті. 

 

Соғыстың  қиын  қыстау  кезеңінде  елдің  тылында  аса  маңызды  өнеркəсіптік  база  болған 



Қазақстанның индустриалды жүрегі- Қарағанды облысына үлкен маңыз берілді. 

Соғыстың  алғашқы  күнінде – ақ  Қарағандының  шахталарында,  өнеркəсіп  орындарында, 

мекемелерде  жұмысшылар  мен  қызметшілердің  жиналыстары  болып  өтті.  №44/45  шахтаның 

бастығы, байырғы кенші Т.Күзембаев митингіде сөз сөйлеп былай деді: “Біздің əрқайсысымыз өз 

жұмыс  орнымызда  жақсы  жұмыс  істеп,  көмірді  бұрынғыдан  да  көп  беруіміз  керек.  Егер  қажет 

болса біз қолымызға қару алып, жауға қарсы аттануға əрқашан дайын болуға тиіспіз”. Қарағанды 



 

16

еңбекшілері ортақ Отанның абыройын, бостандығы мен тəуелсіздігін қорғап қалуға əзір екендігін 



білдірді. “Біреуіміз  үш  адам  үшін  жұмыс  істейік!  Көмір  де  қару.  Еңбекте  де  ұрыстағыдай 

болайық!” Қарағандылықтардың ұрандары осындай болатын.  

Ортақ Отанды қорғаушылар қатарына алынған кеншілердің лавадағы орнын əкелері, ұлдары 

мен  қыздары  басты.  Зейнеткерлер  забойға  қайтып  оралды,  шахтада  жұмыс  істеуді  жастар  мен 

əйелдер жедел үйрене бастады. 

Орталық  Қазақстан  еңбекшілері  алдына  қойылған  басты  мақсат - көмір  мен  түсті  металл 

өндіруді  арттырумен  бірге  қарағандылықтардың  іс-мақсаттары  майданға  жан-жақты  көмек 

көрсетуге  бағытталды.  Соғыс  жылдары  астық  жəне  басқа  негізгі  ауылшаруашылық  өнімдерін 

тапсыру жоспары толық орындалды. Егіс алқаптары 28 процент артты.  

Қарағандылықтар  арасында  қорғаныс  қорына  қаржы  жинау  жөніндегі  патриоттық  қозғалыс 

қызу қолдау тапты. Соғыстың алғашқы 5 айында Қарағанды қаласы бойынша 1904955 сом қаржы 

жиналды жəне майдан үшін жылы киім жинауға зор ынтамен қатынасты. Екі жарым жыл ішінде 

37  мың  шолақ  тон,  күрте,  бөкебайлар, 24 мың  пима, 10543 дана  іш  киім  мен 100 мыңға  жуық 

құлақшын,  биялай,  шұлық  даярланды.  Ленинград  майданы  мен  Нева  бойындағы  қаланың 

жауынгерлері үшін азық-түлік жинау айлығы кезінде (1942 жылғы мамыр-маусым) 20 вагон азық-

түлік  жөнелтілді. 1944 жылы  тағыда 10 вагон  азық-түлік  пен  сыйлық  жіберілді. 1942-1943 

жылдары аралығында майданға сыйлық тиелген 94 вагон жөнелтілді. 

Облыстың  əр  кəсіпорындарында,  барлық  ұйымдарында  майдан  сұраныстарын  мүлтіксіз 

орындау  жолындағы  ерлік  күрес  өріс  алды.  Ұлы  Отан  соғысы  қарсаңында  Балқаш  мыс  қорту 

зауыты салынып болды. Соғыс кезінде өндірістік алаңдарынан Кольчугин түсті металдар прокаты 

зауытының  жабдықтары  осында  орналыстырылды.  Молибден  рудасын  өндіру  басталды. 

Соғыстың  аяқ  шенінде  Балқаш  өнеркəсібі - елімізде  қорытылатын  қара  мыстың  үштен  бірін, 

молибден  өнімінің,  түсті  прокат  пен  вольфрамның  едəуір  бөлігін  өндірді.  Жезқазған  өнеркəсібі 

қағаз, жарылғыш заттар, сұйық шыны, карбид өндірісін, күрделі қосалқы бөлшектер мен жабдық 

шығаруды  игерді,  руда  шығару  үш  есе  өсті. 1944 жылы  желтоқсанда  Самарқан  поселкесінде 

(қазіргі  Теміртау)  Қазақ  металлургия  зауыты  іске  қосылып,  Қазақстанда  тұңғыш  болат 

балқытылды. 

Ауыл  шаруашылық  өнімдерін  өндіруде  облыс  шаруашылықтары  үлкен  үлес  қосты.  Мал 

шаруашылығын  дамытқаны,  сондай-ақ  жоспардан  тыс  астық  өнімдерін  қамтамасыз  еткені  үшін 

Қарағанды  облысы  жəне  оның  Осакаров  ауданы  Мемлекеттік  Қорғаныс  комитетінің  ауыспалы 

Қызыл Туымен марапатталды. 

Жау  басып  алған  аймақтан  көшіп  келгендерді  жұмысқа  орналастыру,  балаларын  бақшалар 

мен мектептерге орналастыру, майдангерлер мен қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсету, 

госпитальдарды қамқорлыққа алу жөнінде де тыңғылықты жұмыс жүргізілді. 

Азат  етілген  Донбастың  шахталарын  тезірек  қалпына  келтіруге  барынша  жан-жақты  көмек 

көрсетілді. Мəселен 1943 ж. жəне 1944 жылдың қысында, бүкіл донбастық қызыл эшалоннан кейін 

12  жыл  өткен  соң,  Донбасқа  шахта  жабдықтары,  техника  жəне  азық-түлік  тиелген 17 вагон 

жөнелтілді,  жұмысшылар  мен  негізгі  мамандықтардың  мамандары  аттандырылды.  Қарағанды 

облысының  еңбекшілері  Сталинградты,  Харьковты  жəне  басқа  азат  етілген  аудандарды  қалпына 

келтіру қорына бірнеше рет өздерінің бір күндік еңбекақыларын аударды. 

Адамдардың  отаншылдық  сезімін  күшейтіп,  жеңіске  деген  сенімдерін  нығайтуға  арқау 

болған əдебиет пен өнердегі Отан қорғау тақырыбы - қарағандылықтардың рухани өмірінде негізгі 

желіге  айналды.  Госпитальдарда,  əскерге  шақыру  пункттерінде,  дала  қостары  мен  шахталарда 

өнер  көрсететін  концерттік  бригадалар  құрылды.  Қарағандының  мəдени  өміріне  Леся  Украинка 

атындағы  Киев  драма  театрының,  Мəскеу  камера  театрының  көшіп  келген  ұжымы  да  белсене 

қатысты. 

1943 жылғы 13-шілде мен 14-тамызда Қарағандыда ақындар айтысы болып өтті, онда Доскей 

Əлімбаев,  Шашубай  Қошқарбаев,  Қайып  Айнабеков  сынды  бүкіл  республикаға  аттары  мəшһүр 

халық  ақындары  мен  композиторлары  өнер  көрсетті.  Еңбекшілерді  тылдағы  ерлік  еңбекке 

жігерлендіруде  айтыстың  үлкен  маңызы  болды. 1943-1945 жылдар  аралығында  Сарыарқаның 

суырып салма саңылақтарының сөз сайысын Балқашта, Жезқазғанда, Қоңыратта, көптеген аудан 

орталықтарында  болып  өтті.  Біздің  жерлесіміз,  əскери-тілші  Баубек  Бұлқышевтің 

публицистикалық  мақалалары  Отан  қорғаушылардың  рухани  бейнесін  сипаттады,  ол 1942-1943 

жылдары “Комсомольская Правда” газетінің беттерінде “Шығыстың ұлына хат”, “Өмір мен өлім 



 

17

туралы”  деген  жарқын  мақалаларды  жариялады.  Н.Тихонов  “қазақ  поэзиясының  інжу-маржаны” 



деп  атаған  Қ.Аманжоловтың  “Ақын  өлімі  туралы  аңыз”  деген  дастаны  қазақ  əдебиетінің  соғыс 

жылдары дүниеге келген тамаша туындылардың бірі болып табылады. 

Біздің  жерлестеріміз  шығарған  туындылар  күресіп  жатқан  халықтың  рухани  қазынасын 

құраған  жұмыстардың  қатарына  ілікті.  Мəселен,  Е.Брусиловскийдің  “Сарыарқа”  жəне 

В.Великановтың “Қазақ сифонияларында” Тəттімбет күйлерінің əуендері пайдаланылды. 

 

Əдебиеттер: 

 

Асанов С. Жауынгердiң жесiрi; Медициналық қызметтiң майоры // Сана.- Қарағанды, 2000.-



11 мамыр(N18).-4 б. 

Əбдiрахманұлы А. Биыл - Ұлы Жеңiске 55 жыл // Қарқаралы, 2000.-15 сəуiр 

Байсерiкұлы С. Есiмде менiң сол жылдар: Ұлы Отан соғысына - 60 жыл // Қарқаралы.- 2001.-

30 маусым 

Байсеркеев Л. Майданды демеген қуатты күш.- Алматы: Қазақстан, 1985.- 160бет: сурет 

Байтұрсын  Т.  Жөргекте  қалған  нəресте  əкесi  жерленген  бауырластар  қорымына  барып 

қайтпақ // Орт. Қазақстан.- 2003.- 21 маусым.-8 б. 

Бəшiмова Г. Бiздiң əке-шешемiз тылда соғысты // Орт. Қазақстан.- 2000.-10 мамыр 

Ел  мен  ердiң  жеңiсi:  Публицистикалық  мақалалар,очерктер,естелiктер / Құраст. 

М.Кеңбейiлов.- Алматы: Қазақстан, 1985.- 256бет: сурет 

Есеева  Б.  Қарт  майдангер  ортамызда:  Ұлы  Жеңiске-55  жыл // Абай  хабаршысы.- 2000.-29 

сəуiр 


Жанғожин  А.  Майдан  мен  тылдың  жауынгерлiк  сапында 40-жылдар: "Орталық  Қазақстан" 

газетiне-70 жыл // Орт. Қазақстан.- 2001.-13 маусым 

Жанғожин  А.  Сарыарқадан  майданға  сəлемдеме:  Қазыналы  қарашаңырақ  /Е.Лұқпан//  Орт. 

Қазақстан.-2004.- 1 қаңтар.-4 б 

Жанғожин А. Сұрапыл соғыс туралы ақиқат пен аңыз:// Орт. Қазақстан.- 2000.-26 сəуiр 

Жүнiсбеков Д. Қос ардагер // Қарқаралы, 2002.- 9 мамыр 

Қойбағаров  Х.  Оқ  тескен  газеттер:  Ұлы  Жеңiстiң 59 жылдығы  қарсаңында // Қарқаралы.- 

2004.- 1 мамыр 

Лұқпан  Е.  Едiл  бойындағы  ерен  ерлiк:  Ұлы  Жеңiстiң 60 жылдығы  қарсаңында / Е.Лұқпан, 

Ғ.Смағұлов// Орт. Қазақстан.- 2004.- 25 қараша.-7 б. 

Лұқпан Е. Майдан мен тылдың бірлігі  Ұлы Жеңіске-60 жыл // Орт. Қазақстан.-2005.-10 б. 

Лұқпан  Е.  Москва  үшiн  шайқас:  Ұлы  Жеңiстiң 60 жылдығы  қарсаңында / Е.Лұқпан, 

Ғ.Смағұлов// Орт. Қазақстан.- 2004.- 13 қараша.-7 б. 

Мұқанұлы М. Тəубелi тiлек// Мысты өңір.- 2004.- 16 желтоқсан.-6 б. 

Нұрмағанбетов  Б.  Ұлы  жеңiс  ерен  еңбекпен  келдi:  Тыл  майдангерi  Б.Нұрмағанбетовпен 

сұхбат / Сұхбаттасқан Ə.Текенова // Сана.- Қарағанды, 2000.- 26 қазан(N41).-4 б. 

Нұрмағанбетов  Ж.  Тылда  да  тынымсыз  еңбек  еттiк:  Кеншi  Ж.Нұрмағанбетовпен  əңгiме / 

əңгімелескен С.Сексенұлы // Орт. Қазақстан.- 2000.- 18 наурыз 

Семқұл  Б.  Ардақ  тұтар  ардагерлерiмiз:  Ұлы  Жеңiске-55  жыл // Орт.  Қазақстан.- 2000.- 3 

мамыр 


Смағұлов Ғ. Мылтықсыз майдан ерлерi // Орт. Қазақстан.- 2001.-9 мамыр  

 

 



Ұлы Отан соғысы жылдардағы қарағандылық майдангер жазушы, ақындар 

 

Өткен соғыс еліміз бен оның рухани келбетінде өшпес із қалдырды. Сұрапыл соғыстың қасіретті 



күндерін  еске  алғанда,  ең  алдымен  алапат  қырғында  құрбан  болған  жандар  тағдыры,  орасан 

қиындықтар еске түседі. 

Сол  жылдардан  бастап,  күні  бүгінге  дейін  көркем  өнерде,  əдебиетте  толассыз  үн  беріп, 

көрініп  келе  жатқан  тақырып – Ұлы  Отан  соғысы  тақырыбы.  Əсіресе  əдебиеттің  поэзия,  проза, 

драматургия  сияқты  кесек  жанрларында  жасалған  сурет,  бейнелер  айта  қаларлықтай  бедерлі. 

Мұның көпшілігі сол соғыс дүбірі кезінде жазылса, қалғандары кейін туындап, жарық көруде. 



 

18

Соғыс кезінде поэзия, əсіресе, оның ұсақ жанрлары: өлең, əн текстері, лирикалық толғаулар 



кең  өрістеді.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  көптеген  жазушылар  соғысқа  аттанды,  олар  өздерінің 

қаламдарын  мылтыққа  айырбастап  аса  ерлікпен  күресті.  Оқ  ортасында  жүріп  жазба 

жұмыстарымен де айналысқан. Солардың бірі Қасым Аманжолов.  

Отан  соғысы  кезіндегі  поэзияда  өзінің  идеялық  мазмұнымен  де,  көркемдік  маңызымен  де 

күрделі  шығарманың  бірі  болып  танылған  Қ.Аманжоловтың  «Ақын  өлімі  туралы  аңыз» (1944) 

атты поэмасы басқыншы зұлым жауға қарсы ең соңғы оғы қалғанша берілмей соғысып, ерлікпен 

қаза  тапқан  патриот  ақын  Абдолланың  батырлығы  суреттеледі.  Оның  неміс  фашистеріне  деген 

өшпенділік  ыза-кегі,  табандылық  қасиеттері  паш  етілген.  Бұл  кезеңде  Қ.Аманжолов  майданның 

нағыз  қызу  ортасында  болды.  Нəзік  те  жалынды  лирика  осы  тұста  туды. «Ұлы  Отан  соғысы 

туралы  жыр» (1943) , «Елге  хат» (1944), «Үстімде  сұр  шинелім» (1944) сияқты  жəне  басқа  да 

көптеген  өлең-жырларында  ақын  елге  төнген  қауіпті,  неміс  басқыншыларының  айуандық 

əрекеттерін,  бұл  тажалға  бүкіл  соғыс  жылдарын  қолына  қару  алып,  қатардағы  солдат  болып 

өткізеді. Қиыр Шығыстан сонау Батысқа дейінгі аралықты солдаттың «жаны сірі» етігімен басып 

өтеді. Қайда жүрсе де адалдықты, адамдықты, батырлықты паш етеді. 

Соғыс  кезінде  көркем  прозаның  публицистика,  очерк,  əңгіме  жанлары  көбірек  дамыды. 

Майдандағы армияның ерлік қимылдарын көрсететін очерк, əңгімелер ол кезде газет-журналдарда 

жиі  басылып  тұрды.  Майдан  оқиғасы  туралы  іле-шала  жазылған  очерк,  əңгімелер  майдан  мен 

тылға  дереу  тарап  отырды:  бұл  шығармаларда  Кеңес  Армиясының  қаһармандылық  ерліктері 

суреттеледі.  

Жазушы  Ə.Əбішевтің  бірсыпыра  əңгімелері  майдандағы  жауынгерлердің  өмірін  көрсетуге 

арналған.  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  жазылған  «Төлеген  Тоқтаров» (1944), «Саржан» (1945) 

повестерінде  кеңес  жауынгерлерінің  жеңіске  деген  нық  сенімі  мен  патриоттық  рухы  шынайы 

бейнеленеді.  Ə.Əбішіевтің  прозалық  көлемді  туындыларының  бірі – «Жас  түлектер» (1945) 

романы.  Онда  Қарағанды  кеніштеріндегі  соғыс  кезіндегі  жастардың  өмірі  мен  қажырлы  еңбегі 

суреттеледі. 

Баубек  Бұлқышевтың  тамаша  жазушылық  таланты  Ұлы  Отан  соғысының  ауыр  сын 

сағаттарында  ерекше  көрінеді.  Соғыста  ерлік  өліммен  қаза  тапқан  Б.Бұлқышевтің 

публицистикалық шығармаларында «Жауыздық пен махаббат» Отанға, туған жерге, халықа деген 

терең  сүйіспендік  мадақталады.  Оның  «Заман  біздікі»  дегең  жалынды  үні  барлық  жастарға 

арналады. 

1942  жылы 1 мамырда  «Комсомольская  правда»  газетінде  Б.Бұлқышевтің  «Өмір  мен  өлім 

туралы»  деген  өршіл  патриоттық  публицистикалық  мақаласы  шықты. «Өмір  сүргім  келеді», 

«Заман  біздікі», «Шығыс  ұлына  хат», «Тыңда,  Кавказ»  жəне  басқа  мақалалары  үнемі 

«Комсомольская правда» газет беттеріне жарияланды. 

 

 

«Есімізде отты жылдар белестері» əдебиеттерге шолу 



 

Уақыт  зымырап  өтіп  жатыр.  Уақыт  өткен  сайын  заман  өзгеруде,  бірақ  өткен  өмір  тарихы 

мəңгі есте сақталуда. Неше алуан соғыс дүниені дүр сілкіндірді, бірақ екінші дүние жүзілік соғыс, 

қаншама адамзатын қисапсыз қасіретке ұшыратқан өлімімен мəңгілік есте қалды. 

Біздің  еліміз  адамзат  баласы  басынан  өткізбеген  зұлматты  өткерді.  Соғыс  арифметикасы - 

қаралы арифметика. Əрбір секунд сайын бір адам, əрбір минут сайын он адам оққа ұшып жатты. 

Ал соғыс 1418 күнге созылды. 

Жеңіс елімізге оңай келген жоқ. Ұлы Жеңіс бабаларымыздың биік патротизм сезімі мен рух 

мықтылығымен келді. 

Біз,  қазіргі  заман  түлектері  дүниені  дүр  сілкіндірген  Ұлы  Отан  соғысын  мəңгілік  есте 

сақтауға  міндеттіміз.  Еліміздің  басынын  кешкен  қайғылы,  зұлматты  жылдар  тарихын  мəңгі  есте 

сақтауға əр алуан кітаптар көмектеседі. 

 

 

 



 

Сіздердің  қолдарыңызда  Ұлы  Отан  соғысының  ұрыс  даласында  қаза 

болғандардың, гитлершілердің қасап лагерьлерінде азаппен жан қиғандардың, 

соғыстың  алғашқы  айларында  фашистердің  айбарлы  танктерімен  құрқол 

алысқандардың қанымен жазылған қастерлі 3-томдық «Боздақтар» кітабы. 

 

19

Кітап  Ұлы  Жеңістің 50 жылдық  мерекесіне  арналады.  Бұл  кітапқа  Отан 



үшін жан пида болған қарағандылық жауынгерлер есімдері жазылған. 

Кітапты  даярлау  жұмысы  КОКП  Орталық  Комитеті  секретариатының 

1989 жылғы 17 қаңтардағы қаулысына сəйкес басталды. Қарағанды облыстық 

«Боздақтар»  кітабын  жасауға  Ұлы  Отан  соғысының  ардагері-  И.Е.Грунской 

жетекшілік  етті.  Ынтагер  жұмыс  тобы  құрылып,  ол  кітапты  даярлау  жөніндегі  барлық  қиындық 

пен қамқорлықты өз мойнына алды. 

Соғыстан  оралмаған  жауынгерлердің  аты-жөнін  қалпына  келтіру,  хабар-ошарсыз  кеткен 

дегендердің тағдырын анықтау үшін алда ұлан-ғайыр жұмыс тұрды. 

Осы жұмысты орындауға жұртшылық, мектеп оқушылары, студенттер, жастар ұйымдарының 

мүшелері қатыстырылды. 

Дегенмен, барлық жауынгерлердің тағдырын анықтау мүмкін болмады. Соңғы оқ атылғаннан 

бері өте көп уақыт өтті. Іздестіру жұмыстары жалғасуда. 

«Боздақтар»  кітабында  оқырмандардың  жауынгерлер  құрбан  болған  жорықтардың  сипаты 

жөнінде  қарапайым  болса  да  түсінік  алуы  көзделді.  Жауынгерлік  операциялар  туралы  қысқаша 

очерктен кейін осы операцияларда қаза болғандардың тізімі келтірілді. Онда қаза болған жауынгер 

туралы қысқаша болса да туған жылы, əскерге шақырылған жері, қай күні. қай жерде қаза болып, 

жерленгені көрсетілген. 

Кітап көпшілік жұртшылыққа арналған. 

 

«Қаһарман  қарағандылықтар.  Герои-карагандинцы»  атты  кітап 2000 

жылы  Қарағанды  маңызды  білім  беретін  «Болашақ»  институты  «Болашақ-

Баспа» редакциялық-баспа бөлімінен басылып шықты. 

Ұлы  Жеңістің 55 жылдығы  қарсаңында  жарық  көрген  кітап,  аты  айтып 

тұрғандай, отты жылдарда Отан үшін қан кешіп, ерлік пен батырлықтың үлгісін 

көрсеткен  ерекше  жандар - Кеңес  Одағының  Батырлары  мен  Даңқ  оденінің 

толық игерлері өмірбаянынан түзілген. Жалпы, Қарағанды топырағынан түлеген 

майдангерлер  ішінде  Кеңес  Одағының 32 Батыры,  Даңқ  орденінің 10 толық 

иегері болған екен. 

Кітапта осынау үркерей топтың өнегеге толы өмір жолы, ерлік істері жан-

жақты  баян  етілген.  Соғыс  жылдарының  сұрапыл  суреттерін.  Қан  құйлы  көріністерін  көз 

алдыңызға əкеледі. Сол кезеңге ойша оралғандай, сонарлағандай əсер береді. Жинақ сирек, тарихи 

фотосуреттермен, ескерткіштермен безендірілген. 

Кітаптың  өн  бойынан  ел  басына  күн  туған  зауал  заманда  құзғын  жауға  тайсалмай  қарсы 

тұрып,  ынтымақ  пен  бірліктің  үлгісін  танытқан,  бейбіт  өмірді  жанқиярлықпен  қорғап  қалған 

ардақты азаматтарға, ардагерлерге деген Құрмет. Тағзым лебі еседі.  

Кітап көпшілік қауымға арналған. 

 

Е.Лұқпанов пен Мағауия Сембаевтың «Жауынгер қыздар» атты очерктер 



жинағы  (Қарағанды, 1995) Батыстан  тиген  жауға  қарсы  тұрып,  перзенттік 

парыздарын  адал  атқарған  қарағандылық  жауынгер  қыздардың  майдандағы 

жəне бейбіт еңбектегі кейінгі ұрпаққа үлгі болар ұлағатты өмір жолдары нақты 

деректерге  сүйене  отырып  баяндалған  шығарма.  Бұл  кітап  соғысқа 

қатысушылардың ерлік істері жайынан нақты деректер беруімен құнды. 

Көзге елестетіп көріңізші: 17-ден жаңа ғана асқан, шағын бойлы, салмағы 

50  кило  да  тартпайтын  мектеп  шəкірті  анасын,  əпке-сіңілілерін,  бауырларын 

үйде  қалдырып,  əскер  қызметіне  кетіп  барады.  Отанды  қорғауға  жеке  үлесімді 

қосам дейтін жастық жалын осы болар, сірə! Əскери комиссариаттан майданға 

жіберуді талап еткен 50 ерікті қыздарымыздың бəрі де осынау ғажайып қасиеттің иесі. 

Осынау  құнды  да  сирек  кітап  авторлары  біздің  тамаша  жерлестеріміздің  соғыстан  кейінгі 

тағдырларын  зерттеуге  де  айтарлықтай  еңбек  сіңірген.  Олардың  біразы  қазір  де  Қарағандыда 



тұрып  жатыр,  тамаша  еңбек  жолдарынан  өткен,  өз  ортасында  зор  құрмет-беделге  ие  болған 

жандар шетінен. 

Осы  қарағандылық  жауынгер  қыздар  туралы  очерктер  циклін  жазуға  мұрындық  болған 

облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің редакторы, марқұм Тілеухан Жүсіпов. 

 

20

 



Бұл кітап жастарға жəне көпшілік оқырман қауымға арналған. 

Қасым  Аманжоловтың 90 жылдығына  орай  шығарылып  отырған  екі 

томдық  жинақ  Алматы  қаласынан 2001 жылы  жарық  көрді.  Бұл  жинаққа 

ақынның  таңдамалы  өлеңдері,  поэмаларымен  бірге  кезінде  мерзімді  баспасөз 

беттерінде  жарық  көргенімен  бұрынғы  кітаптарына  енбей  қалған  бірсыпыра 

өлеңдері енгізілген. 

Ақын  таланты  Ұлы  Отан  соғысы  майданында  толысты.  Ол  қазақ 

əдебиетіндегі  əскери  лириканы  туғызып,  қалыптастырып,  жетілдіру  жолында 

үлкен  мектептен  өтті.  Оның  өлеңдерінің  лирикалық  кейіпкері - қан  кешіп, 

қыршын  жастарды  асап  жатқан  соғыс-аждаһаның  аузында  жүрген  солдат. 

Ақын оның басынан кешкендері, сезімі, ойы, арқылы адамға тəн төзімділікті, 

қайсарлықты, ерлікті паш етеді.  

Солдат  бойындағы  қайсарлық,  қажыр,  төзімділік  сыры  оның  елге  хат  түрінде  жазған 

өлеңдерінің («Елге  хат», «Ғалияға», «Қалмақанға»  т.б.)  бəрінде  де  бар.  От  шайнаған  ақын-

солдаттың ішінде жанар таудай жыр жатқанын да осы хаттар жеткізеді.  

Бұл  тұстағы  эпикалық  поэзияда  аса  биік  бағаланатын  шығарма – Қасымның  «Ақын  өлімі 

туралы аңыз» атты поэмасы. Бұл - соғыстың қызу кезінде, майдан даласында туған шығарма. Оған 

Қасымның  ақын  жолдасы  А.Жұмағалиевтің  ерлік  өлімі  оқиғалары  себеп  болған.  Қасым 

кейіпкерінің  ерлік  ісін  лирикалық-романтикалық  сарында,  жалынды  ақындық  пафоспен,  үлкен 

сезімталдықпен жырлайды. 

 

Əлжаппар  Əбішевтің  «Замана  перзенттері»  кітабы 1961 жылы  Алматы 

қаласында қазақтың мемлекеттік көркем əдебиет баспасынан шықты. 

Бұл кітапқа драматург жазушының белгілі «Жас түлек» романы, «Саржан» 

повесі енді. 

Соғыс  жылдары  оқырмандарға  жол  тапқан  романдардың  бірі - «Жас 

түлектер»  романы.  Мұнда  Қарағанды  шахтерлерінің  ерен  еңбегі  əңгіме 

арқауына  айналған.  Жас  кен  инженерлері  Сəуле,  Нұрлан,  қарт  шахтерлер 

Мирон,  Тайман,  Қазыбек  т.б.  кейіпкерлер  арқылы  жазушы  кезең  шындығын 

көрсетуге  ұмтылады.  Яғни  тылдағы  еңбек  адамдарының  ерлігін  бейнелейтін 

материалдарды  өзіне  таныс  Қарағанды  шахтерлерінің  ортасынан  іздеді. 

«Саржан»  повесінде  кеңес  жауынгерлерінің  жеңіске  деген  нық  сенімі  мен  патриоттық  рухы 

шынайы бейнеленеді.  

Бұл  кітап  соғысқа  қатысушылар  мен  тыл  еңбеккерлерінің  ерлік  істері  жайынан  нақты 

деректер беруімен құнды. 

«Замана перзенттері» кітабы барлық оқырман қауымға арналған. 

 

Баубек  Бұлқышевтың  «Адамзатқа  хат»  шығармаларының  жинағы 

Алматы қаласында 1977 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрді. 

Б.Бұлқышевтың 

бұл 


кітабына 

оның 


бұрын 

жарық 


көрмеген 

шығармаларымен  қатар  газет-журнал  беттерінде  жазушының  көзі  тірі  кезінде 

жарияланған публистикалық туындылары топтастырылған. Бұл кітаптан «Заман 

біздікі», «Өмір  мен  өлім  туралы», «Тыңда,  Кавказ», «Өмір  сүргім  келеді», 

«Шығыс ұлына хат», «Жауыздық пен махаббат» сияқты мақалалары енгізілген. 

Б.Бұлқышевтың  отты  толғамдарын  оқығанда,  өрімдей  жас  жігіттің 

парасаттылығына,  туған  ел  мен  жерге  деген  соншалық  құштарлығына,  ерен 

махаббатына  тəнті  боласыз.  Баубектің  туған  елі  мен  жерінің  тағдырын  ойлап 

тебіренген телегей сезімі, ертеңді ойлап аласапыран күй кешуі оның алдымен ойлылығын, сосын 

батылдығын көрсетеді. Жазбаларынан оқып көрейік. 



 

21

«Менің  жастығым  адам  баласының  қызметіне  берілді.  Мүмкін,  мен  жастығымды  қайыра 



алмаспын.  Бірақ  ол  босқа  кетпейді,  менен  кіші  інілерімнің  еншісіне  тиеді.  Кейінгі  жастар,  жас 

інілерім,  сендер  бақытты  жансыңдар.  Сендер  соғыс  дегенді  білмей  өтетін  боласыңдар.  Біз 

жастығымызды сендердің бақыттарыңның жолына құрбан еттік. Сендер өмірде бақытты жасайтын 

боласыңдар». Бұл жолдарды Баубектің 1942 жылы сəуірдегі толғанысы деп білеміз. 

Жинақтан  отан  үшін  кеудесін  оққа  тосқан  батырларымыз,  қыршынынан  қиылған  қаншама 

боздақтарымыз туралы оқи аламыз. Алдыңғы толқын аталарымыз бен əжелеріміздің асқан ерлікке 

толы  жолы  кейінгі  ұрпаққа  үлгі  өнеге.  Бостандық  жолында  шейіт  болғандарға  тағзым  ету 

тірілердің борышы. 

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған. 

 

 



«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» викторина. 

 

 

Қарағанды облысы майданға қанша адам жіберді? 



(45 мыңға жуық адам) 

 

 



Кеңес Одағының батыры, өшпес ерлік көрсеткен батыр? 

(Нүркен Əбдіров) 

 

 

Қарағандылық  ақын, «Елге  хат»  өлеңінің, «Ақын  өлімі  туралы  аңыз»  поэмасының 



авторы. Қарқаралы ауданының бір кеңшары осы кісінің есімімен аталады. 

(Қасым Аманжолов) 

 

 

Біздің жерлесіміз, əскери-тілші, 1942-43 жылдары «Комсомольская правда» газетінің 



беттерінде  жарық  көрген  «Шығыстың  ұлына  хат», «Өмір  мен  өлім  туралы»  деген 

жарқын мақалалардың авторы. 

(Баубек Бұлқышев) 

 

 



1943 жылы болған ақындар айтысына қандай белгілі ақындар қатысты? 

(Доскей Əлімбаев, Шашубай Қошқарбаев, Қайып Айнабеков) 

 

 

1944 жылы Теміртау қаласында қандай өндіріс орны қосылды? 



(Металлургия зауыты) 

 

 



Қарағандылықтар майданға қандай көмектер көрсетті. 

 

 



Қарағанды-қаһармандарының есімдерін ата. 

 

 



 

22

Мазмұны: 



 

Оқырманға 



 

3

 

Олар Отан үшін шайқасты 

 



Нұркен Əбдіров 

 



Мартбек Мамыраев 

 

10 



Қазыбек Нұржанов 

 

11 



Амантай Дəулетбеков 

 

12 



Мүтəш Сүлейменов 

 

13 



Тиышбек Аханов 

 

14 



Мəлік Имашев 

 

14 



Тылда да тынымсыз еңбек етті 

 

15 



Ұлы Отан соғысы жылдардағы қарағандылық ақын, жазушылар 

 

17 



«Есімде отты жылдар белестері» əдебиеттерге шолу 

 

18 



«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» викторина 

 

21 



 

 

 



 

 

Құрастырушы:  Өлкетану  бөлімінің  кітапханашысы 



С.О.Телпекбаева 

 

Басып шығаруға жауапты: Н.В.Гоголь атындағы ОҒƏК 



директоры Ж.К.Шаймұханбетова 

 

Қарағанды  облысы  Ұлы  Отан  соғысында:  Əдістемелік-библиогр.  материалдар / 

Қарағанды  обл.  ғылыми-əмбебап  кітапханасы;  Құраст.:  С.О.Телпекбаева.-  Қарағанды:  б.ж., 

2005.22 б.: сурет.-(ОҒƏК өлкетану ресурстары – жастарға; 3 бас.). 

Таралымы 40 дана. 

 

©Қарағанды  облыстық  Гоголь  атындағы  ғылыми-



əмбебап кітапханасы, 2005 ж. 

©Телпекбаева Сандуғаш Орынбайқызы, 2005 ж. 



 

 

 



 

Document Outline

  • Олар Отан үшін шайқасты
    • Мүтәш Сүлейменов

Каталог: saryarka -> history
saryarka -> АҚтау бекінісінің АҚыры: Аңыз және дерек • Мәдени мұра
saryarka -> Алғы сөз «Өлкетану əдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы»
saryarka -> Өлкетану бөлімі
saryarka -> ТҰрсын жұмаш періште жыр кітабы
saryarka -> Күн көріс үшін жүргенде жоқпын өмірде Жетпеді даусым жаратқан жалғыз
saryarka -> Бірінші бесжылдық жылдарында Қазақстандағы өнеркəсіптің дамуы, темір жол
saryarka -> Қ а з а қ сср ғ ы л ы м а к а д е м и я с ы м. О. ӘУезов атындағЫ
history -> 1. Қазығұрт Қазығұрт (Қазықұрт) қазақ еліне


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет