Тәрбие сағатының жоспары
«Наурыз – құт, береке, молшылық!»
Мақсаты: оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық дүниетанымын, ұлттық киімін, тамағын, ұлттық ойындарын насихаттап көрсету.
Көрнекілігі: презентация
Мұғалім: Міне жаңа өмірдің, қайта басталатын күн есебінің басы, көктемнің көш басшысы ұлыстың ұлы күні наурызда келіп қалды.
Наурыз – қазақ халқы үшін береке-бірліктің, ел-жұрт, ағайын-туыс арасындағы татулықтың, ерен еңбектің, жаңарған тіршіліктің ұлы символы.
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата бабам тойлаған,
Наурызым, армысың!-дей отырып сіздерді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтаймын. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Бүгінгі Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесіне арналған
«Наурыз-құт,береке бастауы!» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!
Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл болсын! Ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге, Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын! Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз тойларыңыз құтты болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |