”Оқитын мектеп - оқитын ұлт” Осыдан екі жыл бұрын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халыққа "Оқитын мектеп- оқитын ұлт" жобасын ұсынған еді. Білім министрінің бұл бастамасы қолдау тауып еліміздің түкпір-түкпірінде әдеби кітаптар оқудан әртүрлі іс-шаралар өткен. Осы жерде тәуелсіз Қазақстанның бір азаматшасы ретінде өз пікірімді айтсам, мен бұл жобаны қолдаймын. Алайда өзімнен алып қосарым біз тек қана көркем әдебиетті ғана оқып қоймай ғылыми кітартарды да оқи алсақ нұр үстіне нұр болар еді. Нақтырақ айтқанда жаңа технология, ІТ саласына арналып жазылған еңбектер шет тілінде, ал оқиын десең бұл саладан бірде бір қазақша кітап таппайсың. Кітап - білім бұлағы. Ол ертеңгүні бізді мақсатымызға жетуге септігін тигізеді. Оған мысалға миллиардер Илон Маск. Бірде Илон Масктен "Сен ғарыш саласында оқыған жоқсың. Сонда зымыран жасауды қалай үйрендің?" деп журналист сұрағанда "кітап оқу арқылы үйрендім" депті. Сондықтан сөз соңында айтарым, "оқитын мектеп- оқитын ұлт" жобасының аясында ІТ саласына қатысты қазақ тілінде кітаптар көбірек шықса екен.