Оқыту мен тәрбиелеу жағдайларының оқушылар денсаулығына әсері



Дата10.12.2023
өлшемі2,73 Mb.
#136285
Байланысты:
ОФД 13 лек

  • Косауова Акерке Колдасыновна, а.ш.ғ.к., аға оқытушы
  • ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
  • Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы.
  • Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды. Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.
  • Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы және т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының және ұйқы ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, салауатты өмір салтын ұстануына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мән берген. Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Демі бардың — емі бар» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.
  • Қолайсыз факторларға халықтың барлық топтарының ішінде, қолайсыз факторларға, негізінен аналар мен балалардың организмдері өте сезімтал келеді. Балалардың денсаулығын қалыптастыратын негізгі факторлар мыналар:
  • 1. Ата-аналардың денсаулығы мен конституциясына әсер етуші (әсіресе аналарға жүкті болғанға дейін әсер ететін) факторлар;
  • 2. Генетикалық (тұқым қуалағыштыққа әсер етуші) факторлар;
  • 3. Ауаның, судың, топырақтың санитарлық-гигиеналық сипаты;
  • 4. Тамақтану жағдайы;
  • 5. Жанұя тұрмыстық факторлар: жанұяның құрамы, тұратын мекен жайдың сипаттамасы, орташа кіріс мөлшері, жанұя тұрмысы және сәбидің күтімі, жанұяның психологиялық климаты, зиянды әдеттердің (шылым шегу, арақ құмарлық т.с.с.) болуы;
  • 6. Сәбидің мектепке дейінгі мекемелерде болу жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаты.
  • Іс жүзінде өсіп келе жатқан организмдердің денсаулық жағдайы мен өсіп, дамуына ең көбірек әсер ететін әлеуметтік-гигиеналық факторлардың практикалық мақсатқа арнап шартты түрде жасалған жіктемесін (А.Г.Сухарев) қолдануға болады:
  • Қолайлы факторлар:
    • а) ең жақсы қимыл-қозғалыс тәртібі;
    • б) шынығу;
    • в) дұрыс, балансты тамақтану;
    • г) рационалды күн тәртібі;
    • д) қоршаған орта әсерінің гигиеналық нормаларға сәйкес болуы;
    • е) гигиеналық дағдылар және дұрыс тұрмыс-қалыпта өмір сүру.
  • Қолайсыз факторлар ("қауыптілік" факторлары):
    • а) қимыл-қозғалыс қажеттілігінің жеткіліксіздігі, немесе шамадан тыс жоғары болуы;
    • б) оқу-тәрбие процесстерінің және күн тәртібінің бұзылуы;
    • в) ойын, оқу және еңбек іс-әрекеттеріне қойылатын гигиеналық талаптардың орындалмауы;
    • г) тамақтануды ұйымдастырудағы кемшіліктер;
    • д) гигиеналық дағдылардың болмауы, зиянды әдеттермен айналысу;
    • е) жанұядағы және балалар ұжымдарындағы қолайсыз психологиялық климат.
  • НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет