Қазақстан Респуликасында "оқушылардың сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 ж.ж. арналған іс-қимыл жоспары" енгізілген болаты. Бұл жоспар туралы "Ұлттық іс-қимыл жоспары тек нақты мақсатты - алған білімді іс жүзінде қолдануды айқындап қана қоймайды, сонымен қатар орта білім парадигмасын түбірімен ауыстырудың да негізі болады. Бұл дәстүрлі мектептен тиімді мектепке одан әрі ең заманауи баланың жеке адам ретіндегі рөліне негізделген және бүгінде алдыңғы қатарлы әлемдік тренд болып табылатын феноменалды мектеп моделіне көшу" - деп атап көрсеткен болатын ҚР Білім Ғылым Министрі. Осы кезеңнен бастап оқушылардың нәтижелерін бағалау жүйесіне қатысты әртүрлі көзқарастар қалыптаса бастады.