Мобильді құрылғылар
Негізгі ұғымдар:
Мобильді құрылғы – мобильное устройство – Mobile device
Смартфон – смартфон – smartphone
Планшет – планшет – Tablet
Дизайн – дизайн – design
Мобильді құрылғылар тұрмысымызға жақында ғана енді, бірақ өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Қазіргі адамның өмірін қандай да бір мобильді құрылғысыз елестету қиын. Қазіргі телефондар өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондардың қазіргі түрлері тек қоңырау шалып, смс-тер қабылдап қана қоймайды. Смартфондар әмбебап құрылғылардың орнын басып, шағын көпфункционалды компьютерге айналды.
Тапсырма
Мобильді құрылғылардың түрлерін ата.
Жалпы мобильді құрылғылардың сипаттамаларын дизайн, техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету деп бөлуге болады.
Дүкенге кірсең, сөрелердегі түрлі смартфондарға көзің түседі. Сен алдымен оның дизайнына назар аударасың, содан кейін ғана құрылғының техникалық сипаттамасын оқып шығасың.
Мобильді құрылғы брендтерінің көптеген жарнама науқандары «... сәнді дизайны» деп басталады.
Мобильді құрылғылардың бірнеше түрін бөліп көрсетуге болады. (1-сурет).
1-сурет. Мобильді құрылғылардың түрлері
Сұрақ
«Дизайн» деген сөзді қалай түсінесің?
Қалай ойлайсың, қолданушы мобильді құрылғыны таңдаған кезде қандай сипаттамаларға көңіл аударады?
Достарыңызбен бөлісу: |