Оқытушы ф.ғ. к. Асылова Р. О



бет1/9
Дата31.12.2021
өлшемі283,64 Kb.
#23840
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Оқытушы ф.ғ.к. Асылова Р.О.

№10

Сұрақтар/тапсырма




Балл

Жинаған балл

1

Көркем әдебиеттегі типтік образдар
Образ, көркем образ - шындықты танып-білуде әдебиет пен өнерге тән ерекше эстетикалық категория. Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез келген құбылысты (көбінесе әдеби қаһарман бейнесін) Образ деп атайды. Мысалы: М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы халық Образы, Абай Образы - өнер мен халықтың немесе өнер мен сананың арасындағы арнайы байланысты негіздейтін эстетикалық категория. Көркем образда объективті-танымдық және субъективті-творчестволық бастау өзара бірлікте көрініс табады. Образ нақты шындыққа және ойлау процесіне байланысты айқындалады. Образ тек шындықты бейнелеп қана қоймай, оны жинақтайды. Жекелеген оқиғалар негізіне жалпылама түсінік беретін түйін жасайды. Әр суреткер жасаған образ шындыкты өзгеше, жаңа бір қырынан творчеств. тұрғыдан түсіндіруді мақсат етеді.
Образ - сөзбен баяндалған сурет. Көркем шығармадағы түп төркіні бейнеден, суреттен шыққан әрбір сөз бедерлі бейнеге, тірлікке, әрекетке ие болғанда образға айналады. Образдың мақсаты кез келген қарапайым құбылысқа немесе затқа жан бітіріп сөйлеу (Мысалы, Күлімсіреп аспан тұр, Абай). Кез келген образ заттық және мағыналық екі компоненттен тұрады. Осыған орай ол іштей заттық, жалпылама-мағыналық және құрылымдық деп үш түрге жіктеледі

Образ әдеби тек тұрғысынан үш түрге:



  1. эпикалық;

  2. лирикалық;

  3. драмалық болып бөлінсе, жасалу тәсіліне қарай юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, геройлық, т.б. болып бөлінеді. Көркемдегіш сөздер (эпитет, теңеу, метафора, т.б.) ауыз әдебиеті шығармаларында мол кездеседі. Образ - әр дәуірге, әр әдебиетке сай үнемі дамып, жаңарып отыратын категория.[1]

Қөркем бейне, яки әдеби қаһарман дейік, я болмаса шығарма геройы не кейіпкері немесе персонажы дейік, бәрібір, осылардын бәрі — бір-ақ ұғым — образ. Бейнелеу— образдылық болса, бейне — образ. Әдебиеттегі адам, сөздегі сурет, шығармада өмір шындығын жинақтау, адам мінезін даралау, сайып келгенде, осылардын, бәрінің сарқып кұяр сағасы біреу, ол — образ. Ал “образ — эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақты жасалған адам өмірінің әсем суреті”**

Біз енді осы образ дегеннін, өзін пайымдамақпыз. Образ жасау — тек таланттыға ғана тән әрекет. Ал “талантты жазушының әр образы — тип” дейді Белинский. Демек, біз тип туралы толғаймыз

Мұндай ұнамсыз типтер қазіргі қазақ әдебиетінде де бірқыдыру. Оларды дұрыс түсшу және байыптау үшін мәселеге кеңірек және теренірек қарай білу шарт. Әйтпесе, бүгінгі шывдықтан туған әдөби шығармалардан әлгідей жағымсыз образдар көре сап, “мұндай тип совет адамдарының арасында болуы мүмкін емес” дегендей түйіндер жасау — онша үлкен эстетикалық талғамды таныта алмаса керек. Мұндай тұрпайы социологизмнен сақ болған жөн




20




2

Лирикалық жанрға жататын өлеңдердің ерекшелігі

Лирика (гр. λυρικός - «лираның үнімен орындалады, сезімтал, лирикалық») — лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі.

Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Кез келген сезіну мен толғаныс Лирика тудыра алмайды, әлеуметтік-толғаныстар Лирика тудырады.



Эпика жанры баяндауға негізделсе, Лирикалық шығарма адамның түрлі құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасады. Әр халықтын Лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ Лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе мүңшер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ поэзиясында Шалкиіз, Махамбет толғауларында Лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет