Жоспар: 1. Ганьсудан Шаньдуньға және хэбейден хунань мен Цзянсиға дейінгі жерде бытыраңқы ел ораласты.
2. Солтүстік Қытайда Инь тайпа одағынан бөлініп шыққан Шань қалалық қоғамын біріктірді.
3. Қытай иероглифтерінің ең ежелгі түрі болғандығы көрсетілген.
4. Аньян түбінен көлемі мен жерлеу заттары бойынша бір-бірінен қатты ерекшеленетін қабірлерді көреміз.
5. Шань қоғамы дамып келе жатқан қола ғасырында өмір сүрдгені туралы білеміз.
6. Шань дықтар мекендеген Орта Қытай жазығы б.з.д. ІІІ–ІІ мыңжылдықтарда егіншілік үшін аса қолайлы болдығанын білеміз.
7. Бұл өркениетен бөлек түрлі дамыған өркениеттер болды бірақ Шань өркениеті ең дамығаны болды деген қорытынды жасауға болады.
Б.з.д II мыңжылдықтың екінші жартысында ганьсудан Шаньдуньға және хэбейден хунань мен Цзянсиға дейінгі ұлан ғайыр территорияда өзендердің жағалауларында бытырап жатқан ерте қалалық қоныстар пайда бола бастады. Бұл қоныстардың тұрғындары протомемлекеттік құрылымдарды қалыптастырған қола индустриясын жасаушылар болды. дуалдармен қоршалған мұндай «қалалар» (көлемі шамамен 6 шаршы шақырым) белгілі бір жоспармен соғылды, оларда сарайлар типіндегі монументалды құрылыстар, қолөнер кварталдары, қола құю шеберханалары болды. жерлеу заттарындағы айырмашылықтар бұл қоғамдардағы мүліктік және әлеуметтік теңсіздіктің дәлелі болаалады. Соғыс тұтқындарын жаппай өлтіру және құрбандыққа шалу бұл қоғамдардың сипатты ерекшелігі болып табылады. Бір немесе бірнеше территориялық қауымдардың (қалалардың) аумағында өркениеттің алғашқы ошақтары пайда бола бастады. Қауымдардың бірігуін шаруашылық қажеттіліктері де (мыс., су тасқынымен күрес үлкен ұжымның күшін қажет етті), және соғыс жағдайлары да (көрші тайпалармен соғыс, протомемлекеттердің өзара қырқыс соғыстары) талап етті. Алайда бұл алғашқы ерте таптық бірлестіктердің пайда болуының ең маңызды себебі барған сайын күшейіп бара жатқан мүліктік жіктеліс болды. Бұл территориялық қауымдар мемлекеттік құрылымның пайда болуының алаңына айналып, оны айналасында қоршап жатқан көптеген ру-тайпалық ұйымдардан принципті түрде ажыратты. Солтүстік Қытайда Инь тайпа одағынан бөлініп шыққан Шань «қалалық қоғамы», б.з.д. II мыңжылдықтың соңғы ғасырларында айтарлықтай ірі, этникалық жағынан біртекті емес, тұрақсыздау бірлестікті басқарды. Оның билеушісі «ван» деп аталды, ол ең жоғарғы әскери билікті қолында ұстады, сонымен бірге жоғарғы абыз қызметін атқарды. «Шан» қаласы мен қауымы жөнінде біз, Аньян қаласы маңынан табылған Қытай территориясындағы ең ежелгі жазба эпиграфикалық ескерткіштерден білеміз. Бұл құрбандық малдарының сүйектері мен тасбақа қабығына жазылған архаикалық пиктографиялық жазбалар. Бұл жазуды ғалымдар Қытай иероглифтерінің ең ежелгі түрі деп есептейді. Бұл рәсімдік-дінимәтіндерден қоғамдық қатынастар жөнінде көп мәлімет ала алмаймыз, оның мәліметтері өте күрделі әрі қарама-қайшылықты,тілі өте ежелгі болғандықтан тарихшылар арасында үлкен айтыстар туғызып отыр.Бал ашу жазбалардың уақыты – б.з.д. хІІІ–хІ ғғ. болып табылады, шамамен осы уақытта Аньян қаласы маңынан ашылған үлкен қалалық қоныс та жатады. Осы қоныстар кешені ауқымынан қамал-бекіністер, қолөнер кварталдары табылды. Аньян түбінен көлемі мен жерлеу заттары бойынша бір-бірінен қатты ерекшеленетін қабірлер танылды. Олардың ең кішілері –қару-жарақ пен қола ыдыстарсыз таяз ғана шұңқырлар түрінде болса, ең ірілері – он метрден де тереңге кеткен айшық тәрізді жер асты қабірлері түрінде кездеседі. Соңғылары – кесінді пирамидаларға ұқсас монументалды алып құрылыстар (олардың саны оннан астам, олардың ішіндегі ең ірісінің ауданы 380 шаршы шақырым) болып табылады. Шан қоғамы дамып келе жатқан қола ғасырында өмір сүрді. Оған орнықты отырықшылық, қалалар, қолөнердің егіншіліктен бөлінуі тән болды. Шан дықтар мекендеген Орта Қытай жазығы б.з.д. ІІІ–ІІ мыңжылдықтарда егіншілік үшін аса қолайлы болды, оған өзен аңғарларының құнарлы топырағы, тұрақты жаңбыр сулары мен субтропикалық климат ықпал етті. Астық дақылдарынан шандықтар сұлы, бидайдың әртүрлі түрлерін, тарының екі түрін (қара және сары) , жеуге жарамды дәндері бар сора өсірді. Астықтан бөлек, шандықтар бау-бақша дақылдарын, жібек шаруашылығы үшін қажет тұт ағаштарын өсірді. Өнім бүтіндей жаңбыр суына тәуелді болды, бұл жөнінде бал ашу жазбаларында тікелей дәлелдер бар. Шандықтар күріш дақылын игерген-игермегендігі толық анық емес, егер игерген күннің өзінде, ол да жаңбыр суымен өсірілген, өйткені шандықтар ирригацияны білмеді. Археологиялық қазбалар да, балу ашу жазбалары да шандықтарда қолдан суарудың іздерін көрсете алмайды. Сондықтан да қытай өркениетінің қолдан суғару жүйесіне негізделген егіншілер өркениеті ретінде пайда болуы туралы теорияны деректер жоққа шығарып отыр. Оған қоса, бірқатар ғалымдар шан қоғамының негізін егіншілік емес, малшаруашылығы құрағаны жөнінде пікір айтады. Малшаруашылығы, «бал ашушылар қоғамының» шаруашылық өмірінде шынында да, маңыздырөл атқарған. Бір мезгілде құрбандыққа шалынған ірі қара малсаны бірнеше жүз басқа дейін жетіп отырған. жайылым үшін текетірестер шандықтардың көршілерімен соғыстарының себептерінің бірі болды. Шан-Инь қоғамының сипаты жөнінде ғалымдар әртүрлі пікірлер айтады. Бірқатар тарихшылар оның протомемлекет болғандығын, басқалары қала-мемлекет типіндегі алғашқы мемлекеттік организм болғандығын айтты. Ал ғалымдардың бір бөлігі құлиеленушілік қоғамдық құрылымының маңызды факторы болған дамыған мемлекеттік ұйым болды деп есептейді. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Қытай территориясында Шан- Инь дәуірінде әр түрлі этностарға жататын ерте таптық қалалық өркениеттер ошақтары қалыптасты, соның ішінде өз жазуы бар Шан өркениеті ең дамығаны болды деген қорытынды жасауға болады. «Шан қаласы» «қала қоғамдары» коалициясын басқарған.Олардан алым алып отырды, бағынудан бас тартқан жағдайда,оларға қарсы жорық жасап отырған, алайда көрші «қалалар»шандықтарға өздері де шабуыл жасап отырған тәрізді.
1. Амусин И.д. Рукописи Мертвого моря. – М., 1960.
2. Амусин И.д. Кумранская община. – М., 1983.
3. Амусин И.д. Проблемы социальной структуры древнего Ближнего Вос-
тока (І тыс. до н.э.) по библейским источникам. – М., 1993.
1. Антонова Е.В. Очерки культуры древних земледельцев Передней и
Средней Азии: Опыт реконструкции мировосприятия. – М., 1984.
2. Белова г.А. Египтяне в Нубии. М., 1988.
3. Берлев О.д. Трудовое население Египта в эпохи Среднего царства. М.,
1972.
4. Берлев О.д. Общественные отношения в Египте эпохи Среднего цар-
ства. М., 1978.
5. Бикерман Э. хронология древнего мира: Ближний Восток и античность.
М., 1975.
6. Вейнберг И.П. Рождение истории: Историческая мысль на Ближнем
Востоке середины І тысячилетия до н.э. М., 1993.
7. горелик М.В. Оружие древнего Востока. Іү тысячелетие – Іү век до н.э.
М., 1993.
8. государства и социальные структуры на древнем Востоке. М., 1989.
9. грантовский Э.А. Происхождение мидийского государства. – Советское
востоковедение: Проблемы и перспективы. М., 1988.
10. дандамаев М.А. Политическая история Ахеменидской державы. М.,
1985.
11. древние цивилизации. Под общей ред. г.М. Бонгард-Левина. М., 1989.
12. дьяконов И.М. Языки древней Передней Азии. М., 1967.
13. дьяконов И.М. Архаические мифы Востока и Запада. М., 1990.
14. дьяконов И.М. Пути истории. М., 1995.
15. жак К. Египет великих фараонов: История и легенда. М., 1992.
16. жұмағұлов Қ.Т., Қартабаева Е.Т. Таяу Шығыстың ежелгі мемлекеттері.
Оқу құралы. – Алматы, 2007.
17. жұмағұлов Қ.Т., Қартабаева Е.Т. Таяу Шығыстың ежелгі мемлекеттері.
Электронды оқу құралы. – Алматы, 2007.
18. История древнего Востока. Под ред. В.И.Кузищина. 2-е изд. М., 1988.
19. История древнего Востока: Зарождение древнейших классовых об-
ществ и первые очаги рабовладельческой цивилизации. Ч.1. Месопотамия. М.,
1983. Ч.2. Передняя Азия. Египет. М., 1988.
20. История Востока. Т. 1. Восток в древности. М., 1999.
21. Картер г. гробница Тутанхамона. М., 1959.
22. Кинк х.А. Как строились египетские пирамиды. М., 1967.
23. Коростовцев М.А. Писцы древнего Египта. М., 1962.
24. Коростовцев М.А. Религия древнего Египта. М., 1976.
25. Лурье И.М. Очерки египетского права хүІ-х вв. до н.э. Л., 1960.
26. Массон В.М. Первые цивилизации. М., 1989.
27. Межгосударственные отношения и дипломатия на древнем Востоке.
М., 1987.
28. Мелаарт жд. древнейшие цивилизаций Ближнего Востока. М., 1982.
29. Монте П. Египет Рамсесов. Повседневная жизнь египтян во времена
великих фараонов. М., 1989.
30. Савельева Т.Н. хромовые хозяйства древнего Египта времени древнего
царства. М., 1992.
31. Шампальон ж.Ф. О египетском иероглифическом алфавите. М., 1950.