Ол өзі өмір сүрген дәуірде өмірдегі байлық пен молшылық тек еңбек арқылы келеді және қалыптасады деп ойлаған. Ол еркіндікті аңсап, тәрбиедегі демократиялық бағытты еркін тәрбиені жақтады



Дата17.02.2022
өлшемі12,98 Kb.
#25762

Ол өзі өмір сүрген дәуірде өмірдегі байлық пен молшылық тек еңбек арқылы келеді және қалыптасады деп ойлаған. Ол еркіндікті аңсап, тәрбиедегі демократиялық бағытты - еркін тәрбиені жақтады. Еркін тәрбие еңбек тәрбиесінің жемісі - деді Омар Хайям. Оның өлең-дерін, бүгінгі педагогикалық тұрғыдан қарасақ адамды жан-жақты жетілдіруі басым. Аз сөзбен көп мағына беру, бір шумақ өлең арқылы тәрбиені, бірнеше түрін бір адам бойына енгізу идеясы көрініп тұрады. Мұнысы бейнелеп салыстыру арқылы адамдық, адамгер-шілік, ақылдылық, парасаттылық, мейірбандық элементтері ұштасып жатады. Бұларды молайтып, толық-тырып, жеке адам бойына, тәрбиенің әсіресе еңбек, адамгершілік, ақыл-ой, дене, патриоттық тәрбиені батыл енгізуді ұсынады. Ол философиялық көзқарастарында тәрбиені, еңбек тәрбиесін, тұлғаның адамгершілік сапаларын қалып-тастыратын тағылымы артық туынды деген.

Омар Хайямның төрт тағандарын зерттеушілер әр түрлі түсіндіреді. Біреулер мистикалық-бағытта десе, басқалары атеистік сарында ұғады. Дұрысы ол да емес, бұл да емес-деп Омар Хайямның өзі айтқандай, қазіргі оқушы оның өлеңдеріндегі өмірге құштарлықты, ақиқат-қа талпынысты, тіршіліктің мәнін, енжарлық пен екі жүзділікті ажырата білгенін қалайды. Омар Хайям өлеңдері қалыптасқан композицияның құрылымы бар, лирикалық шығарма. Оның стилі күрделі емес. Аз сөзбен көп мағына беру, бейнелеп айту арқылы автор өз ойын еркін жеткізеді. Оның тілі қарапайым. Омар Хайям тұнғыш календарь жасаған ғалым. Календарьдың көптеген түрлері бар, олардың әрқайсының дәлдігі әр түрлі. Тарихты халық жасайтындықтан, календарьды жасаушыда халық болып табылады. Ғұламалар Фараби, Хорезми, Бируни, Ұлықбектің тағы басқалардың календарь жөніндегі еңбектері уақыт есебін жүргізуді бір-талай тәртіпке келтірген. Календарьды түзеушілердің бірі Омар Хайям.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет