Ол үшін қазақ тіліндегі академиялық басылымдар санын арттыру қажет



Дата03.11.2023
өлшемі24,04 Kb.
#122001

Тапсырма: Қазіргі кейбір студенттер өз ойын анық әрі нақты, жүйелі түрде ауызша немесе жазбаша форматта жеткізе алмайды? Сіз осы пікірмен қаншалықты келісесіз?

Жауабы:

Қазіргі уақытта кейбір студенттер өз ойын ауызша немесе жазбаша форматта нақты әрі жүйелі түрде жеткізе алмайды деген пікір бар. Мен бұл пікірмен толықтай келісемін және аталған мәселенің шешу жолдарын ұсынамын. Бұл эсседе келтірілген тұжырымдар мен ұсыныстар жан-жақты мысалдар келтіру арқылы талданады.
Оқу үдерісінде студенттер берілген тапсырманы орындау барысында өз ойларын жазбаша немесе ауызша түрде толыққанды жеткізе алмайды. Себебі, студенттер академиялық оқулықтар мен әдебиеттерді оқымайды. Оқыса да оқыған мәтіні бойынша ой қорыта алмайды. Сыни ойлау қабілеті өте төмен. Мысалы, ЖОО-да сабақ беретін оқытушылар студенттердің оқу үлгеріміне қанағаттанбайды. Қарапайым эссе тапсырмаларын да жаза алмайды. Академиялық жазылым курсының өтілмеуі себепті студенттердің ойы мен сөздік қоры өте жұтаң.
Бұл мәселені шешудің бірқатар тиімді жолдары бар. Атап айтқанда, барлық студенттерге академиялық жазылым курсын өткізу керек. Осы курсты өткізу барсында эссе және оның түрлерімен таныстыру арқылы олардың жазылым машығын дамыта аламыз. Сол кезде олар сыни тұрғыда ойлана алатын болады. Сонымен қатар олардың сөздік қорын байыту үшін академиялық әдебиеттерді оқытып, өз ойларын ортаға салатын диалог алаңдарын құру қажет. Бұл ұсыныстармен қатар басқа да ұсыныстарды қолдану арқылы мәселені тиімді түрде шеше аламыз.
Қорытындылай келе, студенттер өз ойын анық әрі жүйелі дұрыс жеткізе алмайды. Ал бұл мәселені тиімді шешу үшін академиялық жазылым курсын өткізуіміз керек және академиялық әдебиеттерді көп оқыту арқылы олардың сөздік қорын байыта аламыз.
Ол үшін қазақ тіліндегі академиялық басылымдар санын арттыру қажет.

Тапсырма: Ринат Зайытовтың айтуынша алаяқтардың 80%-ы намаз оқиды. Сіз осы пікірмен қаншалықты келісесіз?


Жауабы:

Айтыскер ақын, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың «алаяқтардың 80%-ы намаз оқиды» деген пікірі қоғамда қызу талқылануда. Әлеуметтік желідегі пікірлеге зер салсақ бұл пікірді қолдаушылар да, даттаушылар да бар. Ал мен бұл пікірмен толықтай келісемін және осы пікірді білдіруші шынайы намазхандардың діни наным-сеніміне нұқсан келтірмеді деп ойлаймын. Осы эссе барысында келтірілген пікірлер жан-жақты мысалдармен талданады.
Қазіргі таңда кей адамдар өзінің алаяқтық пиғылын жасыру мақсатында намаз оқитын адам бейнесінде көрінеді. Алаяқтықпен айналысқан кейбір адамдардың сыртқы бейнесі діни атрибутикалармен ерекшеленеді. Мысалы әйел адамдар хиджаб киюімен, ал ер адамдар сақал қоюымен көзге түседі. Сонымен қатар олар сөздік қорында діни диалектиканы көп қолданады. Әлеуметтік желілерде діни мазмұндағы ақпараттар мен контенттерді көп бөлісуімен де байқалады. Бұдан басқа да алаяқтық әрекеті үшін айыпты деп танылып сотталған азаматтардың көбісі намазхан кейпінде сипатталады. Әлеуметтік желіге шолу жасасақ көптеген мысалдарды келтіре аламыз. Ал бұдан байқайтынымыз алаяқтардың көбісі намаз оқу арқылы екіжүзді адамның кейпіне еніп, адамдардың сеніміне кіру арқылы өзінің арам ойын іске асырады.
Ринат Зайытов қоғамдағы резонансты пікірі арқылы шынайы намазхандардың діни наным-сеніміне нұқсан келтірмеді. Өйткені оның айтуынша ол кезіктірген алаяқтардың 80%-ы намаз оқитын сипатта көрінген. Бұл резонансты дауға себеп болған пікір айтылған сұхбатты толық көріп шығатын болсақ, ол жерден тікелей шынайы намаз оқитындардың 80 %-ы алаяқ деген ойдың айтылмағанын көреміз. Пікір иесінің ойын дұрыс түсінсек, шынайы намазхандарға тіл тигізбегінін байқаймыз.
Келтірген пікірлерімізді түйіндейтін болсақ, алаяқтардың кейбіреуі намаз оқитын адам сипатында көріну арқылы өз ойын жүзеге асырады және осы пікірді білдірген автордың шынайы намазхандарға тіл тигізбегініне көз жеткіземіз.
Дін бұзылмайды, дін – ұстанушыдан бұзылады.

Тапсырма: Қазақстанда тұрып жатқан өзге этнос өкілдері өзара қарым-қатынаста өздерінің ана тілінде сөйлеседі. Ал мемлекет құраушы ұлт – қазақ ұлтының кейбір өкілдері өзара қарым-қатынаста өзінің тілінде, яғни қазақ тілінде сөйлеспейді. Кейбір қазақтардың мемлекеттік тілде сөйлей алмауының себебін түсіндіріңіз?


Жауабы:



Біздің ел – көп этносты мемлекет. Бізде тұрып жатқан басқа этнос өкілдері өз-өздерінің қадірі мен бағасын түсінеді. Соның мысалы, олар өзара қарым-қатынаста өз ана тілінде сөйлеседі. Ал, осы мемлекеттің иесі – кейбір қазақтар өзара қарым-қатынаста қазақ тілінде сөйлесе алмайды. Оның бірнеше себептері бар. Атап айтқанда, отарлау саясатының салдары, мемлекетте ұлттық идеологияның жоқтығы, өз ұлтын танымайды және т.б. Осы эссе барысында аталған себептер түрлі мысалдар арқылы талданатын болады.
Тарихқа үңілер болсақ қазақ ұлты 300 жыл Ресей империясының, одан соң 70 жыл Кеңес одағының отарлау саясатының құрбаны болды. Бұл саясат өз кезегінде жемісін беріп үлгерді. Оның бірден бір дәлелі – кейбір қазақтар өз ана тілінде сөйлеуді намыс санайтын хәлге душар болды. Мысалы, орыстар көп шоғырланған ірі қалаларда тұратын кейбір қазақтар күн көріс қамы үшін орыс тілінде білім алып, орысша ойланатын жағдайға жетті. Қазір ол буын өкілдері өздері ғана орысша сөйлемей, өз ұрпақтарын да орысша тәрбиелеп, орыс мектептеріне беруде. Соның салдарынан қазақ пен қазақ орыс тілінде, яғни отарлаушының тілінде сөйлесетін жағдайдың куәсі болып отырмыз. Тәуелсіздік алғаннан кейін де деколонизация саясатының, яғни отарсыздану саясатын жүргізу мақсатында ұлттық идеология да қалыптасып үлгермеді.
Кез келген мемлекет өркендеп дамуы үшін өзінің тарихи, рухани түп тамырымен жалғасатын ұлттық идеологиясы болуы керек. 30 жылдан бері осы идеология бізде қалыптаспады. Сол себепті ұлттық идеологияның негізгі ұстыны – қазақ тілінің дербес мәртебесі заң жүзінде бекітілмеді. Оған мысал мемлекеттік тілмен қатар орыс тілінің мәртебесі туралы заң да Ата заңнан ойып тұрып орын алды. Ал бұл өз кезегінде қазақ тіліне деген қажеттілікті тудыруға кедергі жасауда. Осы заңды негізге ала отырып кейбір қазақтар бір-бірімен орыс тілінде сөйлеседі. Ұлттық идеологияның болмағандығы себепті кейбір қазақтардың ұлттық рухани санасы жаңғырмай, өз ана тіліне деген құрметі жоғалуда.
Ұлттық идеология қалыптаспағандықтан орыс тілінде сөйлейтін қазақтар өз ұлтының тарихын, салт-дәстүрін, рухани құндылықтары мен мәдениетін терең білмейді және оны білуге қызығушылық танытпайды. Демек өз ұлтын толық танымайды. Маргиналданған ұлт өкілі десек артық айтқандық емес. Олар үшін қазақ болу – тек домбырада ән салу, ет асып жеу, қазақы ою-өрнекпен бедерленген әшекей бұйымдарды тағу мен киімдерді кию, Наурыз тойын тойлаумен шектеледі. Ал шындығында қазақ болу – бұдан да тереңірек құндылықтарды бойға сіңірумен қалыптасады. Әлгі маргиналдардың көкірегінде қазақи құндылықтар болмағандықтан олар өзінің ана тілінде сөйлеуге қызықпайды.
Еліміздегі кейбір қандастарымыздың өз ана тілінде сөйлемеуіне түрлі себептер бар екенін түрлі мысалдарды келтіру арқылы талдадық. Ол себептерге отарлау саясатының ықпалы мен отарсыздану саясатын жүргізу мақсатында ұлттық идеологияның қалыптаспауы, маргинал қазақтардың өз ұлтын толық танымауы жатады.
Әрбір қазақ бір-бірімен қазақша сөйлесуі үшін қазақ болғанына мақтанатындай жалпыға ортақ ұлттық идеологияны мемлекеттік деңгейде қолға алуымыз керек.
Тапсырма: Қазіргі уақытта электронды темекі шегетін жасөспірімдер мен жастар саны күннен күнге артуда. Олардың аталған темекі түрлеріне деген тәуелділік деңгейінің өсуіне не себеп? Өз пікіріңізді эссе түрінде білдіріңіз.

Жауабы:

Бүгінгі таңда жастар мен жасөспірімдер арасында электронды темекі түрлеріне деген қызығушылық деңгейі артуда. Әсіресе жоғары сынып оқушылары мен студент жастардың электронды темекіні тұтынып жүргенін жиі байқауға болады. Аталған өнімге деген тәуелділіктің артуына көптеген себептер әсер етеді. Атап айтқанда, маркетингтік жарнаманың кең таралуы, тауардың қолжетімділігі, әлеуметтік бақылаудың жоқтығы, денсаулыққа зияны мен кері әсері туралы ақпараттандыру деңгейінің төмендігі және т.б. Эссе барысында аталған себептер мен оның салдары түрлі мысалдар арқылы талданады.
Электронды темекіге сұраныстың артуына маркетингтік жарнаманың ықпалы өте зор. Тауардың жарнамалық дизайны өте тартымды. Мысалы, сан алуан хош иістері мен жағымды дәмінің болуы, тұтынуға ыңғайлылығы, түрлі түсте безендірілуі және т.б. Осы сипаттамалардың әсерінен аталған тауарға деген қызығушылық деңгейі артуда.
Сонымен қатар жастардың бұл темекіге әуестенуінің тағы бір себебі – тауардың қолжетімді болуы. Өйткені электронды темекіні көптеген дүкен сөрелерінен көруге болады. Арнайы осы темекі түрлерін сататын дүкендер саны көп және оның бағасы да қолжетімді. Нарықтағы бір реттік электронды темекінің ең төменгі бағасы – 2000 теңге шамасында. Тауар бағасының арзан болуы жастардың бұл өнімге деген сұранысын арттыруда.
Жастар арасында аталған тауарға деген тәуелділік деңгейінің артуы – қоғамдағы әлеуметтік бақылаудың жоқтығы деп ойлаймын. Осы темекі түрін тұтынушы жастардың өзін-өзі іштей бақылаудың, бейресми бақылаудың (ата-анасы, туыстары, айналасындағы достары және т.б.) және ресми органдар тарапынан бақылаудың жоқтығының себебінен жастар мен жасөспірімдер бұл темекіні емін-еркін тұтынуда. Кейбір жастардың бойында өзін-өзі іштей бақылауға әсер ететін құндылықтар мен нормалар қалыптаспаған. Сонымен қатар ол жастарды тезге салып, қадағалап отыратын тәрбиесіне жауапты адамдардың өз функциясын дұрыс атқармауы. Осы бақылаудың жөнді жүргізілмеуінің себебінен аталған мәселе әлі күнге дейін қоғамда өзектілігін жойған жоқ.
Бұл мәселенің қоғамда кең етек алуының бірден-бір себебі – электронды темекінің зияны мен кері әсері туралы ақпараттандыру деңгейінің төмендігі. Әлеуметтік желілер мен ресми БАҚ-та, білім беру мекемелерінде бұл өнімнің денсаулыққа кері әсері туралы насихат жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмейді. Жастардың тәрбиесі мен денсаулығына жауапты тараптардың аталған өнім түрінен хабардарлық деңгейінің төмендігі аз.

Тапсырма: Студент жастардың сапалы білім алуы кез келген мемлекет үшін өте маңызды. ЖОО-да студенттердің сапалы білім алуына түрлі факторлар әсер етеді. Сіз қалай ойлайсыз, Қазақстандағы ЖОО-да студент жастардың сапалы білім алуына қаншалықты деңгейде жағдай жасалған? Олардың сапалы білім алуына қандай факторлар әсер етеді? Өз ойыңызды эссе түрінде білдіріңіз.


Жауабы:
Мемлекеттің дамуы – сапалы біліммен қаруланған жастарға тікелей байланысты. Бұл ретте сапалы біліммен жастарды қамтамасыз етуде ЖОО-лардың рөлі өте маңызды. Менің ойымша Қазақстандағы ЖОО-да студенттерге сапалы білім алуға мүмкіндіктер қарастырылған. Десекте, барлық ЖОО-да студенттерге сапалы білім алуға толықтай жағдай жасалмаған. Сонымен қатар студент жастардың сапалы білім алуына бірнеше факторлар әсер етеді. Осы эсседе аталған тұжырымдар түрлі мысалдар келтіру жан-жақты талданады.


Қазақстанда жоғары білім алып жатқан жастарға мемлекет тарапынан сапалы білім беру жолында түрлі жағдай жасалған. Заманауи білім беру стандарттарына сай ЖОО-лардың салынуы. Грант саны мен стипендия көлемі де жыл сайын артуда. Жоғары білім беру орындарының инфрақұрылымы жетілдіруде. ЖОО-лардың

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет