Ұлттық ТӘрбие пәнінен дәрістер



бет1/12
Дата27.04.2023
өлшемі64,38 Kb.
#87480
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ПӘНІНЕН ДӘРІСТЕР

Дәріс 1. Ұлттық тәрбие пәнінің мақсаты мен өзектілігі. Болашақ мамандардың ұлттық өзіндік санасы құрылымындағы «Ұлттық тәрбие» пәнінің нәтижесі


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Ұлттық тәрбие. Ұлттық тәлімдік мұраттың мінездемесі.
2. Қазақстанның қазіргі әлеуметтік жағдайында келешек маманның ұлттық тәрбиесінің мәні, мақсаты мен міндеттері. Ұлттық тәрбиенің көкейкесті мәселелері.
3. Болашақ мамандардың ұлттық өзіндік санасы құрылымындағы «Ұлттық тәрбие» пәнінің нәтижесі мен мақсаты. «Ұлттық тәрбие» пәнінің өзекті міндеті ретінде қазіргі заман жастарының ұлттық өзіндік санасы, тәрбиесіндегі, жаңа қазақстандық патриотизм, азаматтық пен әлеуметтік жауапкершіліктің қажетті шарттары.
4. Қазақстан Президенті Жолдауы мен стратегиялық құжаттарда «Қазақ елі – ұлттық тәрбие» ұлттық идеясының мәні.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Посткеңестік кезеңде Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған ұлттық идеяның сол немесе басқа стратегиялық ұлттық жобаларда және Жолдауларда студент жастарға, тұтас Қазақстан халықтарына ұлттық тәрбие берудің мақсаты мен міндеттерін анықтағанын дәлелдейді.
Материалдар мәліметтерінен, ұлттық идеяның үш құрауыштарының контекстінде (мәнмәтінінде) «Ұлттық тәрбие» пәнінің мақсаты: ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана мен әлеуметтік жадының, кәсібилік пен бәсекеге қабілеттілік рухының жоғары даму деңгейі бар; Қазақстан халқының тәуелсіздігін, қауіпсіздігін, тұрақтылығын, дамуы мен тұрмысын жақсарту жөніндегі белсенді де шешімді іс-қимылдарға дайын болатын, ұлттық мәдениеттің рухани құндылықтарын дамытып сақтауға жауапты, өзге мәдениеттер өкілдерімен сындарлы келісім құруға дайын мамандардың жаңа буынын, қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу екені айқындалды.
Осы мақсатқа сәйкес қазіргі заман жағдайында болашақ мамандарға ұлттық тәрбие берудің негізгі міндеттері төмендегілер болып табылады.

  1. Болашақ мамандарға (ұлттық қатыстылығына қарамастан) негізгі құрамдас бөліктері тарих, тіл, салт-дәстүр, өзіндік ерекшелік болып табылатын, әлем мәдениетінің табиғи бөлігі ретіндегі қазақ халқының ұлттық мәдениетіне терең ену арқылы ұлттық сана-сезім мен ұлттық рухты, сонымен бірге қазақ халқының ұлттық мүдделерін, ұлттық құндылықтары мен құнды бағдарларын ұғынып қабылдауды қалыптастыру.

  2. Мемлекет құраушы ұлт студенттерінде жеке ұлттық негіздерді, өз халқының қалыптасу мен даму тарихын ұғына білуді оның өткенімен, бүгінімен және болашағымен бірлікте және өзара байланыста ұлттық рух, жеңіс рухы, патриотизм рухы, тарихи сана мен әлеуметтік жады негіздері ретінде қалыптастыру.

  3. Болашақ мамандарда (ұлттық қатыстылығына қарамастан) Қазақстан халқы тарихы мен тағдырының дамуының басты қозғаушы тетігі ретіндегі, халық рухы күшті болған сайын оның мемлекеттілігінің болашағы да жоғары деген біріктіруші және нығайтушы негіздер ретінде ұлт рухын, бірігу рухын қалыптастыру, нығайтып дамыту.

  4. Студенттерде (ұлттық қатыстылығына қарамастан) қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, қазақ халқының, қазақ жерінде тұратын барлық халықтар мен ұлыстардың ұлттық сана-сезімінің базалық руханилығы мен бірігуінің өзегі ретінде, тұтастай алғандағы ұлт рухын дамыту негізі ретінде белсенді түрде үйренуге дайын болуды қалыптастыру.

  5. Студенттерде (ұлттық қатыстылығына қарамастан) бірге өмір сүріп жатқан халықтар мен ұлыстардың салт-дәстүріне, ұлттық мәдениеті мен тарихына қазақ халқының озық дәстүрлері негізінде (қонақжайлылық, барлық адамдарға қамқорлық, төзімділік) құрметпен қарауды қалыптастыру.

  6. Студенттерде (ұлттық қатыстылығына қарамастан): а) ұлттың жоғары қадыр-қасиет, патриотизм мен азаматтылық, төзімділік пен адамгершілік деңгейін, денсаулық пен салауатты өмір сүруді бағалай білуді; ә) мемлекеттің әл-қуатын дамыту мен қауіпсіздігін сақтауға жауапкершілікті мойынға алуды, туған жері қожайыны ретінде сезінуді; б) перманентті дербес өзін-өзі құрушы қызмет қажеттілігі мен дайындығына тұлғаның мәндік маңызын дамытып, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі танытуға қажетті шарт ретінде, жақсылық, ақиқат, сұлулық сияқты «мәңгілік» мұраттарды белгілейтін өмір, бостандық, ар, сенім, сүйіспеншілік, бақыт сиқты негізгі жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталған тұлға болуға тәрбиелеу.

  7. Этносаралық,конфессияаралық және мәдениетаралық диалогқа дайын болуды айқын білдіретін жан-жақты парасатты, перманентті жетілген және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру . Жоғарыдағы айтылғандарға сәйкес «тәрбие», «этникалық тәрбие», «көпмәдени тәрбие», «ұлттық тәрбие» ұғымдарының мәнін анықтауға тоқталамыз. Осы ұғымдардың мәнін ашу «Ұлттық тәрбие» ұлттық идеясының үш маңызды құрауыштарының контекстінде (мәнмәтінінде) ұлттық тәрбие берудің жоғарыда белгілеп көрсетілген міндеттерінің маңызын анықтауға мүмкіндік береді.

Қоғамның дамуы мен сақталуы ұрпақ тәжірибесін үздіксіз берумен байланысты. Оны жаңа ұрпақ материалдық және рухани құндылықтарды дамытуда өз үлесін қоса отырып, меңгереді және қолданады, байытады және жетілдіреді. Мұндай байланыс пен сабақтастық ТӘРБИЕ арқылы жүзеге асырылады. Тәрбие – бұл қоғамның тарихи және мәдени тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа берумен байланысты қызметі. Тәжірибені адамға таныс білім, білік, ойлау тәсілі, адамгершілік, этикалық, құқықтық нормалар және т.б. деп түсінуге болады. Яғни адамзаттың рухани мұрасының тарихи даму үдерісіндегі жасалғанның барлығы. Адамзат есейген сайын әлеуметтік тәжірибе мазмұны бойынша күрделене түскен. Осыдан ТӘРБИЕ өмірдің және қоғамның дамуының маңызды факторы, сонымен қатар арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында тұлғаны қалыптастырудың мақсатқа бағытталған үдерісі. Француз философы К.А.Гельвеций XVIII ғасырда-ақ «тәрбие жетілген сайын халық бақытты болады» - деп жазған.
Тәрбиеге келесі ерекшеліктер тән:

  • 40-35 мың жыл бұрын адамзаттық қоғамның пайда болуымен қалыптасты және

барлық қоғамдық-экономикалық формацияға тән. Тәрбие содан бері, қоғам өмір сүріп жатқанда болады;

  • әлеуметтік құбылыс тек адамдарға тән. Жануарлар мінез-құлықтың дайын

сызбанұсқасымен туылады, оған тек қана нақты жағдайға бейімделу қажет. Ал адам әлем туралы дайын біліммен өмірге келмейді, оларды қоғамдағы өмір сүру үдерісінде меңгереді;

  • тарихи сипатқа ие. Бұл мақсат, мазмұн, құрал, формалар мен әдістер, қоғамдағы

өзгерістерге қарай өзгеретін саяси білімдерде байқалады;

қоғаммен бақыланатын және коррекцияланатын білім беру мекемелері арқылы жүзеге асырылады.
Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде – өсіп келе жатқан ұрпақты, оның қоғамның өндіріс күшінің маңызды элементі, өзінің өмірлік жолын жасаушы, тұлғалық және жеке дамуын қалыптастырудың, қоғам өміріне қатыстырудың, ендірудің күрделі және қарама-қайшы үдерісі. Сондықтан тәрбие сонымен бірге тұлғаның мәнді күштерін, өзінің табысты өмір сүруі мен тіршілігіне қажетті құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдар мен моральдық нормаларды меңгеруін және қабылдауын ашып көрсететін мақсатқа бағытталған, ұйымдастырылатын үдеріс ретінде қарастырылады.
Тәрбие түрлерінің әртүрлі жіктемесі бар:

  • мазмұны бойынша (адамгершілік, еңбек, ақыл-ой, физикалық, эстетикалық және

т.б.);

  • формасы бойынша: институциональдық белгісі (отбасылық, мектептік),

конфессиональдық (діни), арнайы оқу мекемесіндегі тәрбие (пенитенциарлы), тұрғылықты орны бойынша (мектептен тыс) және т.б.;

  • тәрбиенің объектісі бойынша (азаматтық, патриоттық, құқықтық, экологиялық, т.б.).

XX ғасырдың ортасы мен XXI ғасырдың басында әлемдік қауымдастықта жаһандану бағыты, мәдениетаралық өзара байланыстың кеңейтілуі, рухани және материалдық құндылықтар пайдасының өсуі, тұлғалық жекеліктің дамуы байқалды:

  • басқа адамға, нәсілге, дінге, әлеуметтік құрылысқа, тәрбиенің мұратына толерантты

қатынасын тәрбиелеу;

  • дербес адамгершілік жоғары сапа қасиеттерін тәрбиелеу;

  • адамдармен – басқа нәсіл, тіл, дін, этнос және т.б. өкілдерімен бірге өмір сүру

дағдысына тәрбиелеу;

  • басқа адамға көмектесуге дайындық және рақымдылық сезіміне тәрбиелеу;

  • әлем үшін тәрбиелеу.

Жоғарыда айтылғандардан мынадай ережелер мен тұжырымдар жасалады:
1. Қазіргі заман жағдайында болашақ мамандарға ұлттық тәрбие берудің өзекті міндеттерінің бірі олардың жоғары деңгейдегі ұлттық сана - сезімін қалыптастыру болып табылады.
2. Болашақ мамандардың жоғары деңгейдегі ұлттық сана – сезімін қалыптастыру «Ұлттық тәрбие» ұлттық идеясының үш маңызды құраушылары контекстінде (мәнмәтініде) жүзеге асырылуы тиіс:

  • этнос қалыптастырушы, этникалық сәйкестендіру мен этникалық әлеуметтендіруді

дамытуға бағытталған этникалық тәрбие есебінен жүзеге асырылады;

  • азаматтық, азаматтық сәйкестілікті дамытуға бағытталған көпмәдени тәрбие

есебінен іске асырылады;

  • жалпымемлекеттік, болашақ мамандардың бәскеге қабілеттілігін дамытуға

бағытталған зияткерлік тәрбие арқылы жүзеге асырылады.
Сондықтан көпұлтты Қуатты Күшті Қазақ мемлекетінің жақын болашақта қалыптасуы ұлттық тәрбиенің мәнін өзіне этникалық, көпмәдени және зияткерлік тәрбие, олардың бірлігін, өзара байланысын мен өзара шарттылығын таңдап алған «Ұлттық тәрбие» ұлттық идеясының үш маңызды құраушылары контекстінде (мәнмәтінінде) кеңінен түсінуді талап етеді. Кез келген қоғам тәрбиелік жүйені құра отырып, мақсатқа бағдарланған үдерісті жасауға талаптанады. Мақсаты – іс-әрекеттің идеалды үлгісінің нәтижесі. Тәрбиенің мақсаты тәрбие үдерісінің нәтижесі туралы алдын ала анықталған түсініктер. Осындай нәтиже тәрбиелік идеал/мұрат болып табылады. Сондықтан ұлттық тәрбиелік мұрат (идеал) – білімнің жоғары мақсаты, адам туралы адамгершілік (идеалды) түсінік, тәрбие, оқыту мен даму ұлттық өмірдің негізгі субъектілерін күшейтуге бағытталған: мемлекет, отбасы, мектеп, саяси партиялар, діни бірлестіктер және қоғамдық ұйымдар (А.Я. Данилюк, В.А.Тишков, А.М.Кондаков).
Қоғамның даму үдерісінде тәрбиелік идеал/мұрат өзінің нақты-тарихи мазмұнымен толықтырылады.Спартадағы тәрбиелік идеал – тамаша дайындалған әскер, әскери қауымның мүшесі. Сократтың пікірінше, тәрбиенің мақсаты – бұл өзін-өзі тану. Платонның шәкірті Аристотель тәрбиенің мақсаты – жанның жоғары жақтарының – ақыл мен ерік-жігердің дамуы деп есептеген. Сонымен бірге көп уақытқа дейін тәрбиенің мақсаты адамның алла берген табиғатынан деп түсініліп келді.
Ағылшын философы Д.Локк тәрбиелік идеал – жоғары білімді адам – джентльмен, іскерлік және кәсіпкерлік қасиеттерін меңгерген, басқа адамдармен қатынаста тәрбиелілігімен ажыратылады деп есептеді. Ресейде Екатерина II басқарған уақытта мемлекеттік қайраткер, педагог И.И. Бецкой жабық мекемелерде тәрбиеленетін жаңа адамдарды тәрбиелеу бағдарламасын жасады. Мұндай мекемелер кадет корпусы, бекзат қыздар институты болды.
Тәрбие мақсаттарының ішіндегі жаҺандық мақсаты – әр адамның жан-жақты және үйлесімді дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Тәрбиенің жетілген адам туралы ертедегі – дене әсемдігі мен рухани-адамгершілік құрылымның сәйкестілігін үйлестіру идеясы Ежелгі Грецияда пайда болды. Ол «калокагатия» (греч. kalos – тамаша, әдемі, agathos – мейірімді, адал) деген атқа ие болды, рухани және денеге қатысты әсемдік, әдемілік. Шынында, идеалды адам басшылық жасайтын топтан болуы керек деп есептеді, сондықтан олардың еңбекпен шұғылдануына жол берілмеді.
Танымал қытай педагогы Конфуций идеалды адам, қайырымды ер («цзюньцзы»), текті жерден шығуы міндетті емес, бірақ ол өзінде жоғары адамгершілік қасиеттерді өзі тәрбиелеуі тиіс деп есептеді. Мұндай адамға тән белгілер ізгілік, адамға сүйіспеншілік, әділдік, адамгершілік, үлкенді сыйлау және т.б.Конфуций шәкірттерінің өмірден нені қалаймын деген сұрақтарына: «Қариялардың тыныш өмір сүргенін, достардың адал болғанын, ал кішкентайлардың үлкендерге қамқорлық көрсеткенін» қалаймын деп жауап береді («Лунь юй»: путь Учителя, V, 26).
Ұлттық мұрат (идеал) – бұл интеллектуалды дамыған, шығармашыл, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде өзінің тағдырына ғана емес, көпұлтты Қазақстанның болашағына жауапкершілікті жете ұғынатын жоғары деңгейдегі ұлттық саналы рухани-адамгершіл тұлға, азамат және патриот.

Ағымдық бақылау бойынша сұрақтар:


1.Ұлттық мәдениеттегі қазақ халқының мұрасын меңгеру, қазақ ғылымының жетістіктері.
2.ЖОО-ның педагогикалық процесс жағдайында келешек мамандардың азаматтығы мен патриотизм, ұлттық өзіндік сана құрылымындағы әдіснамалық аспектілер.

Дәріс 2. Қазақ қалқының дамуы мен қалыптасу тарихы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет