Өлшеу нәтижесінде пайда болатын статистикалық заңдылықтар



бет1/5
Дата16.10.2023
өлшемі3,11 Mb.
#116245
  1   2   3   4   5
Байланысты:
MEX-1



1 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

ӨЛШЕУ НӘТИЖЕСІНДЕ ПАЙДА

БОЛАТЫН СТАТИСТИКАЛЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАР




1.1. Жұмыстың мақсаты: тікелей өлшеу нәтижесін өңдеу әдістерімен танысу.
1.2. Қысқаша теориялық кіріспе
1.2.1. Өлшеудің қателіктері және оны классификациялау.
Физикалық бір шаманың шын мәні x0 болсын. Бұл шаманы өлшесек, әдетте, x0 - ден басқа нәтиже аламыз. Егер өлшеу саны көп болса, олардың нәтижесі тек қана x0-ден де емес, өзара да бөлек болады. Өлшеу нәтижелерін x1, x2, x3, … xn деп белгілейік. Онда
xi = xi - x0 (i=1, 2, … n) 1.1)
айырмасы өлшеудің абсолюттік қателігі деп аталады. Оның өлшем бірлігі өлшеніп отырған шаманың өлшем бірлігімен сәйкес келеді. Қателікті қасиеттеріне байланысты жүйелік, кездейсоқ және ағаттық деп бөледі.
Бір шаманы қайталап өлшегенде тұрақты болып қалатын, немесе белгілі заңдылықпен өзгеретін қателіктің бөлігін – жүйелік қателік деп атайды. Мысалы, өлшегіш сызғыштың шкаласы біркелкі емес, термометр капиллярының әр бөлігіндегі диаметрі әртүрлі, таразының екі басы теңгерілмеген, ток жоқ кезде амперметрдің стрелкасы нөлде тұрмауы мүмкін. Кейде бұл қателіктерді ескеріп өлшеу нәтижесіне түзету енгізуге болады (мысалы, ток жоқ кездегі амперметрдің стрелкасының көрсетуінің нөлден айырмашылығын ескеруіміз керек).
Жүйелік қатені эксперимент арқылы анықтауға болады. Ол үшін берілген нәтижені басқа әдіспен алынған өлшеу нәтижесімен, немесе дәлірек өлшеу құралдарымен алынған нәтижемен салыстыру қажет. Әдетте жүйелік қателікті өлшеу құралдарының белгілі қасиеттеріне сүйеніп өлшеу шарттарын талдау арқылы теориялық түрде шамалауға болады.
Ағаттық – тәжірибе (өлшеу) жүргізуші адамның салақтығының салдары. Мысалы, өлшеу нәтижелері қате жазылуы мүмкін, прибордың көрсетуі дұрыс жазылмауы мүмкін т.с.с. Егер ағаттық байқалса, оның өлшеу нәтижесін есептеуге енгізбеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет