Өмірге келген соң адам ата- ана таңдай алмайды, сол секілді ата анада балаларын таңдап ала алмайды. Ол өмірге келген сәттен бастап қалай бар солай жақсы көреді. Уақыты келгенде ол адам дүниеден өтерін біле тұрсада
Өмірге келген соң адам ата- ана таңдай алмайды, сол секілді ата анада балаларын таңдап ала алмайды. Ол өмірге келген сәттен бастап қалай бар солай жақсы көреді. Уақыты келгенде ол адам дүниеден өтерін біле тұрсада. Яғни біз дәл қай уақытта өмірден өтерімізді білмейміз сондықтан барынша жақсы дүниелер жасауға тырысамыз.
Осы өмірмен өлімге қатысты көрген дораманы айта кетсем: мен бір дорама көрген болатынмын ол жерде басты кейіпкер 9 ғасырдан бері тірі жүреді оның қасындағы жолдастары оның қасында болған барлық адамдар өмірден өтіп жатады. Ол адамда ақша бар, лауазым бар, ешқандай жері аурымайды, бірақ ол адам бақытсыз болады. Өмірі мән- мағынасыз болып көрінеді.Сондықтан өмірде өлім болмаса мағына жоқ дейді. Яғни өлім адам өмірін жақсы түрде, уақытын босқа құртуға болмайтындығын , уақытты артқа қайтара алмайтындығын түсіндіріп, адамды қысқа мерзімде өмір мәнін түсінуге және өзінің өмірін бағалауға үлкеен көмегін тигізеді.
Өмірдің мәніне келетін болсақ: Мен үшін де өмірдің мәні бақытты болуда. Жасаған ісіне өкінбеуде және сені қалай бар солай жақсы көретін адамдардың барын сезінуде. Адам не үшін өмір сүріп жатқанын анық білсе, мақсаты айқын болып өзіне не керек екендігін білсе және сол жолда нақты тұрса өзін әлдеқайда бақытты сезінетін еді.
Абай атамыздың сөзі бар “атаңның баласы болма адамның баласы бол” деген, яғни өмірге адам болып келген соң адам болып кету керек.