Өмірхан Әбдиманұлы Шоқан Шортанбаев


Бернияз Күлеев (1899-1923)



Pdf көрінісі
бет36/84
Дата06.01.2022
өлшемі3,36 Mb.
#13091
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   84
 
Бернияз Күлеев (1899-1923). Бернияз Күлеев 1899 жылы бұрынғы 
Торғай  облысы    Ақтөбе  уезіне  қарайтын  Бөрте  болысының  бесінші 
ауылында  (қазір  Орынбор  облысының  Бөрте  ауданы)  Бекен  деген 
шаруаның отбасында дүниеге келген.  
ХХ  ғасырдың  басында  жасаған  қазақтың  ағартушылық-
демократтық аңсардағы көптеген ақын-жазушылары ұлы Абай бастап 
кеткен  рухани  көшті  абыройлы  жалғастырады.  Міне,  осы  көштің 
бұйдасын  берік  ұстанғандардың  бірі  –  Б.  Күлеевтің  поэзияда  Абай 


дәстүрлерін    жалғастырушы  талантты  ақын  екендігі  дау  туғызбаса 
керек.  
Б.Күлеев  –  ерте  жанып,  ерте  сөнген  талант.  Көп  жылдар  бойы 
Б.Күлеев поэзиясына дәуір шаңы ерте қонып, жарқырап көріне алмай 
көбіне  тозаң  басып  жатты.  Дәуірдің,  заманның  қытымыр  қабағы, 
саясаттың  ызғары  Б.Күлеев  поэзиясының  өз  сұлулығымен  жарқырап 
көрінуіне  ерік  бермеді.  Сондықтан  да  ұзақ  жылдар  бойы  ақынның 
жарқын  жырлары  өз  оқырмандарымен  емін  -  еркін  тілдесе  алмай, 
сырласа алмай пұшайман күй кешті. Ақын поэзиясының рухани өрісі 
шектеулі болды.  
Б.Күлеев  өмірі  мен  шығармашылығына  қатысты  деректерді 
өздерінің  зерттеу  еңбектерінде  ғалымдар  Ы.Дүйсенбаев,  Т.Кәкішев, 
Б.Кенжебаев, 
Ә.Дербісалин, 
К.Шәменов, 
Х. 
Сүйіншәлиев, 
Ө.Әбдиманұлы,  С.Жәмбек  және  т.б.арнайы  келтіріп  өтеді.  Ақынның 
замандасы  Мерғали  Ешмұхаметұлы  естелігіндегі  деректерінде,  ақын 
ерте 14 жастан бастап-ақ өлеңдер жаза бастаған. Жеңіл-желпі айтысқа 
түскен.  Бірақ,  ақынның  көп  өлеңдері  өзінің  көзі  тірісінде  баспасөз 
беттерінде жарық көрмеді. Бернияз тек өлең ғана жазбай, қалам күшін 
басқа  жанрларда  да  байқап  көрсе  керек.  Ақынның  1917  жылы 
жазылған  «Шын  сүйіскендер»  атты  бес  перделі  драмасы  болғанға 
ұқсайды.  Бұл  деректі  өзінің  «Садақ»  атты  эссе  кітабында  әдебиетші-
ғалым  Т.Кәкішев  келтіреді.  Ақын  өлеңдерінің  жинағы  жеке  кітап 
болып көзінің тірісінде жарық көрмеді. Тек 1969 жылы ғана ақынның 
таңдамалы  өлеңдері  бір  том  болып,  «Айтшы,  ақ  қайың»  деген  атпен 
жарық көрді.  
Бернияз  –  көркемдік  болмысы  тереңде  жатқан  талантты  ақын. 
Оның  өлеңдерінің  тақырыбы-  көбіне  көңіл-күй  сезімдерімен 
байланысты.  Көңіл-күй  сезімдерін  жырлау  арқылы  ол  махаббат, 
табиғат,  философиялық  лирикаға  барды.  Әсіресе,  ол  махаббат 
лирикасын  шабытпен  жырлаған  үлкен  лирик  ақын  болды.  Замана 
талабына сай, уақыт пен үндеу ниетінде саяси лирикалар да жазды.  
Б.Күлеев  махаббат,  көңіл-күй  тақырыбындағы  өлеңдерінде  жазба 
поэзияның  үрдісінде  шабыттан  жыр  толғаса,  ал  саяси  лирикаға 


келгенде кібіртіктей беретінін байқаймыз. Мұның бірнеше себебі бар. 
Біріншіден, 
ақын 
тақырыптың 
тосындағы, 
бұрын 
жазып 
жаттықпағаны,  уақыт  сұранымынан  туғандығы.  Екіншіден,  ақынның 
ескі  форманы  пайдалана  отырып,  тақырыпты  өзінше  көркем  игеруі 
болып табылады. Сондықтан да ақынның саяси  лирикаларында образ 
сомдауда,  көркем  тіл  кестесі  мен  өрнегінде  ауыз  әдебиетінің 
поэтикалық  формасын  қолданушылық  бар.  Ақын  өзінің  көркемдік 
тәжірибесінде  әр  түрлі  үйрену  жолдарынан  өтті.  Әсіресе,  Б.Күлеев 
ауыз  әдебиетінің  дәстүр  үлгілерінен  мол  үйреніп,  сол  үлгілерді 
шығармашылықпен  өз  поэзиясында  шебер  қолдана  білген  ақын. 
Батырлар  жырындағы  образ,  тіл  өрнегі,  мақал-мәтелдердің  ішкі 
мазмұнын  шығармашылықпен  өлең  өрнегіне  айналдыру,  сан  алуан 
теңеу,  эпитет,  метафораларды  ақындық  стильге  сай  құлпырта 
қолданып, көркем игеру осының айғағы.  
Б.Күлеев  -  ұлы  Абай  үлгісіндегі  ақын.  Бернияз  Абайдың 
поэтикалық  үлгісін  қолдана  отырып,  біршама  өлеңдер  жазды. 
Мысалға,  Абайдың  «Сегіз  аяқ»,  «Алты  аяқ»  үлгілерін  өз  өлеңдерінде 
шебер қолдан білді. Көп өлеңдері, негізінен қара өлең ұйқасы, шалыс 
ұйқас түрімен жазылған. Мысалы, «Алты аяқ» және «Сегіз аяқ» түрін 
пайдаланып, ақын  «Сүйікті қайғылыға»,  «Гүләндамға»,  «Жалғыз өзім 
жат  жерде»,  «Алалық»,  «Бостандық  күнінде»,  «Шындық»,Мен», 
«Жүрегім жанып», «Жазғы дала» өлеңдері мен «Жердң жүзі жаз еді», 
«Қайда екен?», «Жорық» поэмаларын жазды.  
Бернияз - өз заманының, дәуірінің тынысын ақындық сезім-күймен 
кемел толғап, көркем өрнектеген ақын.  
Бернияздың  шеберлік  деңгейі  өз  өлеңдерінде  заманның,  дәуірдің 
келбетін, оларға деген ақынның көркемдік қатынасының, заман, дәуір 
тынысын  өзінің  толғағынан  өткізген  күрделі  ішкі  әлемін,  ақындық 
болмысын  терең,  шынайы  көрсете  алуымен  таразыланады.  Түйіндей 
айтар  болсақ,  Бернияз  Күлеев  қазақ  поэзиясында  өзіндік  көркемдік 
өрнегі  мен  ақындық  үні  бар  шебер  таланттардың  қатарынан  орын 
алады. Оған өз дәуірін көркем өрнектеген ақын шығармалары айғақ.  


Бернияз Күлеев - көркемдік қарымы мол, сырлы да сыршыл ақын. 
Ол  көркем  образ,  бейнелі  сурет-сезім  тудыруға  шебер.  Оның 
суреткерлік қаламының көркемдік бояуы қанық. Ақынның поэтикалық 
тілінде  әртүрлі  ауыстырулар,  құлпыртулар,  көркемдік  айшықтаулар 
жиі  кездеседі.  Оның  өлеңдерінде  сан  алуан  ұтымды  теңеулер  мен 
метафорлар сәтті жарасым  тапқан.  Ақын  теңеулерінің  бір ерекшелігі, 
суреттеліп,  бір-біріне  теңеліп  отырған  екі  құбылыс  арқылы  ұсақ 
детальдарға  дейін  ақау  жібермей,  шебер  пайдаланып,  бір  ғана 
поэтикалық сурет жасауында. Екі құбылыстың ұтымды теңеу арқылы 
бір-біріне  кірігіп,  білінбей  жымдасып  кетуінде.  Ақын  абстрактілі 
дерексіз  ұғымдар  ой  мен  сезім  құбылыстарын  метафоралық  тәсіл 
арқылы көркем өрнектеуге де шебер. Ақындық контексте поэтикалық 
метафорлар  ұтымды  пайдаланады.  Мұның  барлығы  ақынның 
көркемдік көкжиегін айқындай түсетін қасиеттер екені даусыз.  
Қорыта  келгенде,  Бернияз  өлеңдерінде  заман  тынысын  кемел 
тұрғыда  көркем  кестелеген  ақын  болып,  өз  дәуірі  мен  кезеңінің  үні 
бола білді.  
Бернияз  Күлеевті  сыршыл  лирик  ақын  дедік.  Қиыннан 
қиыстырылған  ақындық  ой,  халық  даналығына  ұласатын  шешендік 
сөз,  терең  толғаныстан  туған  сан  қилы  бейнелеулер  Бернияз  Күлеев 
поэзиясының ең басты көркемдік ерекшеліктерінен саналады. Ақын өзі 
дүниеге,  өмірге  көзқарастарын  да  осы  сыршылдық  толғаныстары 
арқылы  аңғартады.  Б.  Күлеев  поэзиясы  –  шынайы  көркемдік 
дәрежесіне көтерілген поэзия.  
«Шынында  да  оның  сөзі  күшті,  әсерлі  болып  отыратыны 
байқалады. Қайратты, жігерлі сөздің, батыл тілдің қожасы – Бернияз» 
[28],  – 
деп            Ә.  Ақдәулетұлы  айтқандай  сырлы  да,  сұлу  да  әсем 
лирикаларымен  кезеңінде  үлкен  із  қалдырған  талант.  Ол  буырқанған 
сезім  мен  құштарлыққа  толы  жырлар  жазған  үлкен  романтик  ақын. 
Ақынның стилі толығымен романтикалық, поэзиясында медитациялық 
мотивтер жоқ. Б. Күлеевтің самал желдей таза, кәусардай мөлдір әсем 
жырлары бүгінгі ұрпақтардың да көкейінде жатталып қалып, ұлтының 


сөз өнерінің алтын қазынасына қомақты үлес болып қосылып, мәңгілік 
жәдігер болып қала бермек.  
Бернияз  өлеңдерінде  заман  тынысын  кемел  тұрғыда  көркем 
кестелеген  ақын  болып,  өз  дәуірінің,  кезеңінің  үні  бола  білді.  Ол  – 
шын  мәнінде  халықтық  әдебиеттің  алтын  қазынасын  аршып,  ұлттық 
дәстүрдің озығын өлеңіне өзек еткен ақын. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет