Өнердің қай саласы болмасын уақыт өте келе сапалық құбылыстарға ұшырап, даму-өрбу нәтижесінде түрлене, бұтақ жая түсетіні белгілі



Дата14.12.2022
өлшемі16,29 Kb.
#57347

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
ОСӨЖ
Тақырыбы:  Қазіргі қазақ әңгімелері.
Орындаған: Мұхаметжан Рабиусұлтанбегім
Тобы: Қазақ тілі мен әдебиеті-301
Ақтөбе 2022
Өнердің қай саласы болмасын уақыт өте келе сапалық құбылыстарға ұшырап, даму-өрбу нәтижесінде түрлене, бұтақ жая түсетіні белгілі.Көркем әдебиет мазмұндық-идеялық сапаларының дамуымен қатар формалық жағынан да жетілу процесін бастан өткеретіні туралы аз айтылмаған.
Қазіргі қазақ прозасындағы әңгіме жанры өзінің тақырыптықидеялық тереңдігі, эстетикалық көркемдігі жағынан өзіне дейінгі әдеби кезең жемістерін жан-жақты игергендігін байқатты.Кешегі тоталитарлық кезеңді басынан өткеріп, бүгінгі демократиялық қоғамда өмір сүріп жатқан ел өміріне шағын жанрдың бір түрі әңгіме сыншылдық тұрғыдан келе бастады.Өйткені өтпелі кезеңнің бел қайыстыратын ауыртпалығы мен қоғамға жан-жақты қаумалап енген өзгерістері жаңалыққа тез бой алдыратын, ұшқыр жанр әңгіме назарын бірден өзіне аударған еді. Елдің қоғамдық саяси-әлеуметтік жағдайы адам өміріне, оның санасезіміне, дүниетанымына әсер ететіні белгілі құбылыс.Осы орайда, адам тағдырын өзіне арқау ететін көркем әдебиет оны жаңа қырынан тануға талпынды.Қаламгерлер бұрынғы қалыптасқан көркемдік тәжірибеден оза шығып өз мүмкіндіктерінің кеңдігін байқата бастады.Баспасөз беттерінде өздерінің алғашқы үнін танытып, өзіндік қолтаңбасын ала келген жас қаламгерлер көрініп жатты.Олар өздері өмір сүріп отырған қоғам тынысын зерттеп, зерделеп, адам мен қоғам, адам мен табиғат, адам мен тарих сияқты келелі мәселелерге, қоғам өміріндегі «қабылданған» немесе «қабылдатқызылған» бұлжымас заңдардың мәңгілік емес екенін танытуға, ашып көрсетуге ден қойды.Жас суреткерлер қаламынан туындаған әңгіме өзегінде шым-шымдап айтылған осындай өмір шындықтары көзі қарақты оқырман санасына жетіп қалып жатты.Сондықтан да, өзінің «мөлшері» жағынан дайын тұрған қалыпқа сыя бермейтін, идеялық нысанасы философиялық ауқымдылықты танытқан туындылар әдеби процесте өзінің сонылығымен ерекшеленген еді.
ХХ ғасыр – адамзат тарихындағы ерекше дәуір болып саналады.Адам баласы өзінің керемет жасампаз күшін ерекше сезінген кез болатын.Дегенмен, ХХ ғасырдың ең дәуірлеу сәті адамға оның жасампаздық күшін де, әлсіздігін де дәлелдеп бергенін өмір өзі көрсетіп отыр.Ғасыр аяғында тамаша, жасампаз адамгершілік пен рухани құлдырау тоқайласып отырғаны туралы айтылып та, жазылып та жатыр.Социалистік «Жұмақта», капитализм кездеріндегі «демократияның» еркіндік дәмін татып үлгерген адам ғасыр соңында өзімен-өзі, өзінің ғаламдық проблемаларымен жалғыз қалуы, яғни адам өмірінің әртүрлі іс-әрекеттерінен туындаған әлеуметтік ғаламдық жағдайлармен бетпе-бет кездесіп мен осы кіммін қайда барам, қайдан шықтым деген сұрақтарға қайта-қайта үңіліп, өзінің көңіл көкжиегіне ойлы көзін тігіп жауап іздей бастауы әдебиетке жаңа көркемдік ізденісерді әкелген еді.
Барлық қоғам мүшелерінен жарқын болашаққа сену, тек қана партияны тану, қалау және ерекше күш иесі ретінде партия мен өкіметке бар жақсылығы үшін шексіз алғыс білдіру, жеке тұлғаны «халық» пен «ұжым» алдында өзін кінәлі сезінуге, тіпті болашақ үшін құрбандыққа шалынуға дейін жеткізуді көздеген социализм мен мәңгілік сенім, табыну қирағанмен оған деген ұмтылыс қалды, бұл жағдайды одан сайын шиеленістіріп отыр.
Соңғы жылдардағы әдебиетімізде болып жатқан өзгеріс, құбылыстардың барлығы бір тарихи кезеңнің басталып, екіншісінің аяқталуымен байланысты болып жатқаны баршаға түсінікті.
Қоғамның жай-күйін өзгелерден бұрын алдымен суреткер көреді, алдымен сезінеді.Ал оны қалай суреттейді, қай философияны басшылыққа алады, қалай ұғындырады, ол-суреткердің ісі.
Көркемдік ойлау жүйесінің негізі болып табылатын реалистік және романтикалық әдістерде қалам тарта отырып, образ жасауда авторлық тұрғыны беруде өрнекті поэтика элементтерін қолданып жүрген қаламгерлеріміздің қатарына Роза Мұқанованы, Асқар Алтайды, Нұрғали Оразды, Қасым Аманжолды, Қуандық Түменбайды, Сейітқұл
Оспановты, Қуаныш Жиенбайды,Талаптан Ахметжанды, Думан Рамазанды, Айгүл Кемелбаеваны, Дидар Аматтайды жатқызар едік.Бұлар әдебиетке тыңнан қосылған күш.Әрине белгілі қоғамдық құрылыстың күні жетіп, құлдырап бара жатқанын, ел өмірінде өздері сезе отырып, оны халыққа шығарма өзегі арқылы жеткізбек болған қаламгерлер әртүрлі әлемдік әдебиеттегі көркемдік ізденістерді қолданғаны белгілі.Бұл туралы зерттеуші Ш.Ыбыраев былай деп пікір білдіреді: «Қазіргі кезде дүние жүзі көркем әдебиетінде өмірді бейнелеудің әдіс-
тәсілдері, көркемдік машықтары, әдеби-тәжірибелер бой көрсетті.Олардың бірқатары қалыптасу үстінде.Модернизм, авангардизм, мифологизм, эксизтенциализм, сюрреализм сияқты ағымдар өркениетті елдер әдебиетінің тарихында өз ізін қалдырды.Енді осы әдіс-тәсілдерге үрке қарауды қою керек сияқты. Көркемдік ізденістері алуан түрлі егемен еліміздің ешкімге ұқсамайтын жаңа дәуірінің ұлттық әдебиетін жасау алдымызда тұрған зор міндет»[1: 3].
Әрине әр жанр өзінің табиғатымен жаратылысына орай қоғам келбеті мен қазіргі өмір әр алуан дәреже деңгейде өрнектейтіні анық. Ойы терең, айтары мол бірақ көлемі шағын әңгіме жанры өз мүмкіндігін аталмыш кезеңде көрсете білді.
Адам тіршілік етіп отырған қоғам өмірі кез келген көркемдік түрден және әдеби процестен әрқашан бай болып келеді. Уақыт, адамдар ұғымының, қоғамның саяси-әлеуметтік, ұждандық құрамына қарай өнердегі көркемдік әдістер де өзгеретіні аян.
Көркемдік әдіс көркем образы арқылы сана-сезімді қалыптастырудың тәсілі және образдар жасаудың жолы. Бұл түсінікке көркемдік әдістің көптеген қасиеттері мен сипаттары жатады. Атап айтсақ, әдеби әдістің нақты болмысқа тәуелділігі, суреткердің өз жеке басының ролі, көркемдік әдістің эстетикалық көзқарастар мен дәуір мұраттарына тәуелділігі жоғарыдағы ұғымға жатады, ал осылар жинала келе көркемдік ойлаудың белгілі бір бағытын, дүниені бейнелі түрде көре білудің қасиеттерін дарытады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет