Оранжевый и Кремовый Органические Домашние Продукты Маркетинговая Презентация



Pdf көрінісі
Дата22.11.2022
өлшемі133,76 Kb.
#51664


Тәрбие әдістері. Тәрбие әдістерінің
жіктелуі және оларды жасаудың
критерийлері.
ПМНО-208
Мәнісбек Нұрай


 Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін
қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен
тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс
тәсілдері.
Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың
жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай
іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды
қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-
қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык; өзгерістерге байланысты
тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін
жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар,
олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық
маңызы басымырақ.


Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-
әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал
ету әдістері.
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие
әдістері:
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған
түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар
тудыратын әдістер.
• әдептілікті және тәртіптілікті
қалыптастыратын әдістер. 


А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқабөліп, бірінші тобына
педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші
тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже
беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда
ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады.
Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің
жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам
түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина
жәнеВ.С.Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде
бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде
қолданылады.


Тәрбие тәсілдері дегеніміз - әдістің бір бөлігі.
Тәрбие тәсілдері:
1. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға
жетудің жолдарын ұсыну.
2. Ақпараттық - ағартушылық.
3. Бағдарлау - іс-қызмет.
4. Қатынас.
5. Бағалау.


Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін және оларға жетудің
жолдарын ұсыну тәсілін қолданып мұғалім оқушыларды
идеялық адамгершілік көзқарастармен қаруландырып, өз еңбегі
мен ұжым еңбегін жоспарлауға, ұйымдастыруға, еңбекпен іс-
қызметтің мақсаттарына жету жолдарын таңдауға, іс-
қызметтің сапасы мен нәтижелерін олардың алдағы
мақсаттарға сәйкестігін анықтатуға үйретеді.
Бағдарлау - іс-қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға
қызмет етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс-қызметке
жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін молайту жолында
еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады. Балалар
күнделікті іс-қызметке қатысып, қоғамның материалдық
саласында адамгершілік және еңбек бағдарларын дұрыс таңдап
дамытады.


 Тәрбие әдістеріне қойылатын педагогикалық-психологиялық
талаптар:
• оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеп, оқу-
тәрбие процесін бала дамуының заңдылықтарына сүйеніп
ұйымдастыру.
• тәрбие процесінің үздіксіз, әрі кешенді ерекшелігін ескеру.
• педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениетінің
жоғары дәрежеде болуы.
Тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады, олардың бірлігі
тәрбие жұмысына игі әсер етіп, балалардың білімін, іскерлігі
мен дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбекке
баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады. Әдістермен
бірге мұғалім тәрбиенің тәсілдерін және құралдарын
қолданады.


Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет