Қорапта барлығы 85 шар бар. Олардың 25-і қызыл, 23-і көк, 24-і сары, ал қалғаны ақ түсті. Сары немесе көк түсті бір шарды қораптан қарамастан алу үшін ең көп дегенде қанша шар алатынын анықтаңыз



Дата27.12.2022
өлшемі16,29 Kb.
#60001
Байланысты:
МОИТ емтихан есептері


Қорапта барлығы 85 шар бар. Олардың 25-і қызыл, 23-і көк, 24-і сары, ал қалғаны ақ түсті. Сары немесе көк түсті бір шарды қораптан қарамастан алу үшін ең көп дегенде қанша шар алатынын анықтаңыз.
Құты мен стаканның жалпы сыйымдылығы құмыраның сыйымдылығына тең. Құтының сыйымдылығы стакан мен кесенің жалпы сыйымдылығына тең. Үш кесенің сыйымдылығы екі құмыраның сыйымдылығына тең. Кесенің сыйымдылығын табыңыз.
Сыныпта 28 бала бар. Олардың 14-і вокалға, 10-ы биге және 3 бала екі үйірмеге де қатысады. Бұл сыныпта осы екі үйірмеге қатыспайтын бала саны қанша?
Кәсіпорын өз өнімдерінің төрттен үшін экспортқа жіберді, ал осы өнімнің бесінші бөлігін өз жұмыстарына таратып берді. Кәсіпорынның қоймасында өнімнің қанша пайызы қалды?
Себеттегі жұмыртқаның әуелі жартысын, одан кейін қалғанының жартысын, одан кейін қалғанының жартысын, ақыр соңында қалғанның тағы жартысын алды. Егер себетте 10 жұмыртқа қалған болса, бастапқыда қанша жұмыртқа болған?
Қасқыр өзінен 83 м қашықтықтағы түлкіні м/с жылдамдықпен қуды. Түлкі қасқырдан м/с жылдамдықпен қашты. Қасқыр түлкіні неше секундтан кейін қуып жетеді?
Сахнаға олимпиада жүлдегерлерін сапқа тұрғызды. Мектеп директоры оларды құттықтап тұрып, жүлдегерлердің ішіндегі ең үздігі Дидардың оң жақтан санағанда бесінші тұрғанын байқады. Ал математика пәнінің мұғалімі Дидардың сол жақтан санағанда тоғызыншы тұрғанына назар аударды. Сахнада қанша оқушы тұрған?
Бірдей заттармен толтырылған жәшіктің салмағы 36,4 кг, ал жартылай толтырылған жәшіктің салмағы 19,6 кг. Бос жәшіктің салмағын табыңыз?
Фарида кітапты ашқанда оң және сол жақ беттегі екі беттің нөмірленген сандарының қосындысы 23-тен үлкен 27-ден кіші сан болатынын байқады. Ал олардың көбейтіндісі нешеге тең болады?
Алдар көсе бір байдың үйіне жұмысқа жалданады. Бір жылдық жұмыс істегені үшін 1 жылқы 100000 теңге алу керек болатын, бірақ ол 7 айдан кейін жұмыс істегісі келмей, жұмыстан кетеді. Өзімен 1 жылқы және 20000 теңге алып кетеді. 1 жылқының құны қанша?
Фермер Алмаста сыйымдылықтары 15,16,18,19,20 және 31 л болатын 6 ыдыс бар. Олардың бірі қаймақпен толтырылған, қалғандары айранмен немесе сүтпен толтырылған. Алмастың айтуы бойынша, сүттің көлемі айранға қарағанда екі есе көп. Онда қаймақ неше л ыдысқа салынған?

Суретші Сарсенбаев бір айда 42 сурет салды. Олардың 17-сінде орман, 29-ында өзен, ал 13-інде орман да, өзен де салынған. Қалған суреттерде түсініксіз бейнелер бар. Қанша түсініксіз сурет бар?


Таразының бір басында үш қалта қызанақ және әрқайсысы 2 кг болатын екі гир тасы бар, ал екінші жағында осындай төрт қалта қызанақ және 1 кг болатын бір гир тасы жатыр. Егер таразы басы тең болып тұрған болса, онда бір қалта қызанақтың салмағын анықтаңыз?
Нұржан нысанаға дәл тигізсе 20 теңге алады, тигізе алмай қалса, 15 теңге береді. Нұржан 20 атыстан соң 225 теңге ақша алды. Ол нысанаға неше рет дәл тигізген?
Үш балықшы бірнеше балық аулады. Бірінші балықшы барлық ауланған балықтардан біреуін лақтырып тастап, қалғанының бөлігін алды. Екінші балықшы осыдан қалған балықтардан біреуін лақтырып тастап, қалғанының бөлігін алды. Үшінші балықшы да дәл осылай жасағанда шелекте 6 балық қалды. Бастапқыда барлығы неше балық аулаған?
Ыдыс-аяқ дүкенінде кастрөлдің бағасы стакан мен шәйнектің бағаларын қосқанға тең. Төрт құмыраның бағасы алты стаканның бағасына, ал кастрөл мен шәйнектің бағасы құмыраның бағасына тең. Бір кастрөлдің бағасы неше шәйнектің бағасына тең?
Алғаш бірінші қоймада 184 қап, екінші қоймада 208 қап ұн болды. Күн сайын бірінші қоймадан 8, ал екіншіден 11 қап ұн алып отырған болса, неше күннен кейін екі қаймада қалған ұнның мөлшері тең болады?
Жасыл, қызыл және сары түсті шарлардан тізбе жасалған. Ондағы сары түсті емес шарлар саны 16, қызыл түсті емес шарлар саны 15. Жасыл түсті емес шарлар саны 17. Тізбеде қанша шар бар? Қызыл түсті шар нешеу?
Ибрагим нысана атып ойнады. Ол 5 оқ сатып алды да әр бір тигізген сайын сыйлыққа 2 оқ қосып алып отырған. Ибрагим қосымша ақша төлемей 17 рет атып ойынды аяқтаған болса, нысанаға неше рет дәл тигізгенін табыңыз.
Қонақтардың 16-сы қымыз, 19-ы шұбат, 14-і айран ішті. 7 қонақ қымыз да, шұбат та, 4 қонақ қымыз да, айран да ішті, 6 кісі шұбат та, айран да ішті. Ал 2 қонақ қымыз да, шұбат та, айран да ішті.Әрбір қонақ аталған үш сусынның кемінде біреуін ішті. Қонақтар санын тап.
Пифагор өз мектебінде оқитын шәкірттері жайында мынадай анықтама берген: «Шәкірттердің жартысы математиканы, төрттен бірі музыка пәнін қызығып оқиды. Жетіден бірі тек тыңдап отырады және тағы үш қыз бар», - деді. Пифагордың қанша шәкірті бар?
Мәди, Еңлік және Ләззат дүкеннен циркуль, транспортир және калькулятор сатып алды. Мәдидің сатып алғаны калькулятор емес, Ләззаттың сатып алғаны циркуль емес. Еңліктің сатып алғаны калькулятор да, циркуль де емес. Кім не сатып алды?
Марат, Қанат, Жанат, Болат және Самат бір сыныпта оқиды. Олардың туған күндері: 17 мамыр, 23 мамыр, 17 маусым, 3 қараша және 3 желтоқсан. Қанат пен Самат әртүрлі айларда туған, бірақ туған күндері бірдей. Ал Қанат пен Жанаттың туған күндері бір айда. Мараттың туған күні қыс айында. Болаттың туған күнін анықтаңыз.
Алтын сағатқа ойып жазылған жазудың алғашқы 5 әрпіне 476 теңге және әрбір келесі қосымша әрпі үшін 14 теңге төленді. 644 теңге төленіп жазылған адамның аты-жөні неше әріптен тұрады?
Ағаштың берілген массасының 20%-інен қағаз дайындалады. Оқушының бір дәптері 30г, ал кітап одан 15 есе ауыр. Сыныпта 28 оқушының әрқайсысына 1 дәптерден және 1 кітаптан дайындау үшін барлығы неше кг ағаш қажет?
Анасы үстелдің үстінде өрікті қойып, өзінің үш ұлына мектептен келгеннен соң бөліп жеңдер деп айтты. Бірінші Мақсат келіп, өзінің үштен бір бөлігін алып кетті. Одан кейін Қанат келіп, үстелдің үстіндегі өріктің үштен бірін алып кетті. Соңынан мектептен Жанат келіп үстел үстіндегі өріктің үштен бірін алды. Жанаттың 4 өрік алғаны белгілі болса, Мақсаттың алған өріктерінің саынн анықтаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет