Орынбаева Несібелі хб-32 «Мобильді оқыту» білім беруде педагогтердің



Дата17.02.2023
өлшемі281,05 Kb.
#68878
Байланысты:
375532928tapsyrma (1) 2


Орынбаева Несібелі ХБ-32




«Мобильді оқыту» - білім беруде педагогтердің
жұмысын жеңілдетуші, мүмкіндіктерін кеңейтуші,
білім тереңдігін күшейтуші технология және негізгі
оқыту формасына қосымша көмекші құрал деп те
қарастырылады.


Мобильді білім алу


MoLeNet (www.molenet.org.uk) жобасы «мобильді оқыту» ұғымын - оқушының білім алуына оңтайландыру және қолдау көрсету үшін, ақпараттармен жұмыс істеуін қанағаттандыратын, оқу әрекеттерінің тиімділігін арттыруға пайдаланылатын портативті, сымсыз, ыңғайлы және қолжетімді құрал деп қарастырады.








Жиырмасыншы ғасырдың басында, яғни 2000-2001 жылдарда алғаш рет ағылшын тілді ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде «мобильді оқыту» («m-learnng») туралы айтыла бастады. 








2005 жылдан бастап Европада «Мобильді оқыту» (International Conference Mobile Learning) Халықаралық конференциясы, 2002 жылдан басқа «MLearnCon» Халықаралық конференциясы, 2007 жылдан бастап Англияда «The Mobile Learning Network Project» (MoLeNET – мобильді оқыту жүйесі) Халықаралық конференциялары үнемі өткізіліп келеді. 







Мобильді оқытудың дидактикалық принциптері: мультимедиялығы, құрылымдылығы, модульдылығы, интерактивтілігі, қолжетімділігі.






Мобильді оқытуды білім саласына енгізу жобаларын жүзеге асыруда түрлі мобильді құрылғылардың: смартфондар, mp3 плеерлер, планшеттер, дауысты құралдардың дидактикалық мүмкіндіктері зерттеліп, білім алуға оңтайландырыла бастады.






Мысалы: американдық «Mobile Learning Environment Project» (The MoLE – мобильді оқыту ортасы) жобасы мобильді оқыту технологияларын түрлі пәндерді оқытуға бағыттап мобильді білім беру ресурстарын құрастырды және оны меңгеруге арналған қолданылу әдістемесімен бірге бірыңғай платформа жасап, қолданысқа енгізді.








Біздің елімізде қазір «мобильді оқыту» электронды оқытудың қосымша формасы ретінде қолданылуда. Бірақ қолданылу аясы әлі де болса қажетті деңгейде емес. Оған себеп:


1. сапалы білім беретін контенттердің жеткіліксіздігі және оны іске асыруға қажетті алғы шарттардың жеткіліксіздігі;
2. жаппай білім алуға пайдаланылатын біртұтас жүйенің жасалмауы;
3. желілік байланыс қызметінің бағасының жоғарылығы.








Мобильді құрылғыларға бейімделіп әртүрлі пәндерден электронды оқулықтар құрастырылған және оларды арнайы Java-қосымшалары арқылы жүктеп алуға болады. Электронды ағылшын тілінің сөздігі, калькуляторлар, түрлі пәндерге қосымша шпаргалка бағдарламалары бүгінде әрбір оқушының мобильді құрылғысына жүктелген. ҰБТ-ге дайындалу бағдарламаларын да осы топқа жатқызуға болады.







Learning Academy Worldwide швед компаниясының M-Ubuntu жобасы. Компания өзінің қашықтықтан оқыту платформасын білім беруге арналған жаңа технологиялардың озық үлгілерін белсенді пайдалануға алыстағы аймақтардың педагогтерін тарту үшін жасап ұсынды. Жобада мобильді құрылғыларды пайдалануға ерекше көңіл бөлінді. Мобильді құралдарға бағытталып педагогтер үшін арнайы біліктілікті арттыру курстарының қосымшалары, тестілеу және білімді бақылау бағдарламалары жасалды. M-Ubuntu платформасын пайдаланушы оқытушы ірі университет профессорларынан консультация алу мүмкіндігін жасады.






Білім алуға арналған шет тілдерін үйрену бағдарламалары көптеген аудио- және бейне- курстар мен электронды кітаптармен жабдықталған.
Мысалы, Япония және Қытайдың бірқатар университеттері осы бағытта табысты білім беру әдіс-тәсілдерін қолданады. Қоғамды ақпараттануға бағыттайтын оқушы үшін білім алу траекториясын өзі басқаратындай орта жасап шығарған осындай жобалар болашағы зор деп бағалануда. Nokia фирмасының Қытайда ұйымдастырған Mobiledu жобасы ағылшын тілінде түрлі пәндерді оқыту үшін сапалы контенттерімен жасақталып, мобильді нұсқасы 20 млн. астам оқушыларға ұсынылды және олардың білім алуын қамтамасыз етуде.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет