Орындаған : Садырхожа Нұрғаным



Дата12.10.2022
өлшемі219,1 Kb.
#42671

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ –түрік университеті


Орындаған : Садырхожа Нұрғаным
Қабылдаған: Р. Хазретәлі
Тақырыбы : Қазақстан және Еуразиялық экономикалық одақ
Түркістан 2022
Бөж
Еуразиялық экономикалық одақ, ЕЭО — Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылған экономикалық одақ. Мүше елдердің парламенттері бекітіп, Одақ 2015 жылдың 1 қаңтарына бастап күшіне енеді. Еуропалық Одақ интегрцациясына сүйенген идея Ресейдің сол кездегі премьер-министрі Владимир Путин тарапынан 2011 жылдың қазан айында көпшіліктің назарына ұсынылған, бірақ тұжырымдама ретінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан 1994 жылы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде тұңғыш таныстырылған болатын
2011 жылдың 18 қарашасында Беларусь, Қазақстан, Ресей президенттері Еуразиялық Экономикалық Одақ 2015 жылға қарай құрылады деген келісімге қол қойған. Бұл келісім болашақ интеграцияның жол картасын қамти отырып, Еуразиялық Экономикалық Комиссияның және 2012 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастаған Еуразиялық Экономикалық Кеңістік негізін қалады.ЕЭО саяси блок емес, тек экономикалық одақ ретінде құрылады деп жоспарланған. Еуразиялық Одақ мүшелері үшін макроэкономикалық әсерлері:Қажетті шикізатты тасымалдауға кететін қаржының азаюы тауарлар құнының төмендеуі алып келедіБәсекелестіктің артуы тауарлар мен қызметтердің сапасын арттырадыҮлкен халқы бар нарықтын кұрылуы
ЕАЭО-тың басты мақсаттары: – мүше мемлекеттер халқының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесінде олардың экономикаларын тұрақты дамыту үшін жағдайлар жасау; – тауарлар, қызметтер, капитал және еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын қалыптастыруға ұмтылу; – жаһандық экономика жағдайында ұлттық экономикаларды жан-жақты жаңғырту, кооперациялау және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Қазіргі таңда ЕАЭО бірыңғай қызметтер нарығына 49 сектор кіреді, олар жиынтығында өндірілетін қызметтер көлемінің 55%-ға жуығын құрайды. Мысалы, бұл секторлардың қатарына құрылыс жұмыстары, қонақ үй және қоғамдық тамақтану қызметтері, консультациялық, компьютерлік қызметтер, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен байланысты қызметтер жатады.ЕАЭО-да бірыңғай қызметтер нарығын қалыптастыру бизнестің дамуына, қосымша жұмыс орындарын құруға, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін, азаматтардың нақты ақшалай табыстарын арттыруға ықпал етеді, бұл әлеуметтік тұрақтылықты нығайтудың маңызды факторы болып табылады. Келешекте ЕАЭО-да бірыңғай қызметтер нарығын қалыптастыру кедейшілікті жою, лайықты жұмыс және экономикалық өсу, сондай-ақ теңсіздікті азайту секілді тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге алып келеді.
Еркін сауда аймағын құру жөніндегі табысты вьетнамдық кейске тағы бірнешеуі қосылды. Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге және Иран, Сингапур және Сербиямен еркін сауда туралы келісімдерге қол қойылды. Израиль, Мысырмен диалог дәйекті түрде ілгерілеуде. Үндістанмен еркін сауда аймағы туралы келіссөздер жүргізілуде. Грекиямен, Корея Республикасымен, Индонезиямен, Камбоджа, Чили, Моңғолия, Перу, Иордания, Марокко, Куба және басқа да көптеген елдермен, сондай-ақ АСЕАН, МЕРКОСУР, Анд қоғамдастығын, Латынамерикалық экономикалық жүйесін, Африка одағын қоса алғанда, ірі интеграциялық бірлестіктермен өзара іс-қимыл туралы меморандумдар жасалды.Айта кету керек, Еуропалық одақ ЕАЭО-ның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып қала бермек. 2018 жылы ЕО-мен тауар айналымы 20,1%-ға, ал ЕО-ға экспорт 28,5%-ға өсті. Ынтымақтастықты күшейтудің үлкен әлеуеті бар. Сонымен, 2017 жылы Еуропалық комиссияның өкілі Венадағы ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің отырысында алғаш рет техникалық реттеу және өзара сауда секілді бағыттар бойынша ЕАЭО мен ЕО арасындағы өзара іс-қимылға дайындықты мойындады

Назарларыңызға рахмет !



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет