Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БОӨЖ
Тақырыбы: Ф. де Соссюрдің лингвистикалық көзқарастары
Тексерген: Самекбаева Эльмира Мақсұтқызы
Орындаған:Адақ Жаныл
Топ:Кя -801
Семей
Жоспар:
1 Ф. де Соссюр
2 Ф. де Соссюрдің лингвистикалық көзқарастары
3 Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Фердинанд де Соссюр — Швейцария тіл ғалымы, Париж, кейін Женева университеттерінің профессоры. Жоғары білімді Лейпциг университетінен алған. Оны әдетте, тіл білімінде социологиялық мектептің негізін салушы деп санайды. Бірақ оның ғылыми мұраларын бір ғана ағым, бір ғана мектеп я көзқарас шеңберінде қарауға болмайды. Оның теориялық өрісі өте кең, әрі жан-жақты. Ол өзінің еңбектері арқылы тіл ғылымы дамуының жаңа дәуірін ашқан, қазіргі заман тіл білімі дамуының ең басты проблемаларын айқындап, оған бағыт-бағдар сілтеген, жан-жақты ойланылған біртұтас жүйелі лингвистикалық концепция жасаған адам. Ғалымның көптеген теориялық тұхырымдары бірсыпыра елдердегі лингвистикалық ой-пікірлер дамуына күні-бүгінге дейін күшті әсерін тигізуде.
Ғалымның тіл біліміне қосқан үлесін, көтерген проблемалары мен өзіндік концепцияларын танытатын еңбегі-«Жалпы лингвистикалық курс» деген еңбегі. Бұл еңбек ғалым қайтыс болғаннан кейін 1916-жылы басылып шықты.
Кітап көп ұзамай-ақ Еуропа халықтарының бірнеше тіліне аударылып, тіл білімінде үлкен қозғалыс , қызу айтыс туғызды. Мұнда көтерілген жеке проблемалар жөніндегі пікірталастары күні бүгінге дейін саябырлаған жоқ.
1977-жылы ғалымның еңбектері «Труды по языкознанию» деген атпен 2-рет орыс тілінде жарияланды.
Фердинаид де Соссюрдың атын бүкіл дүниежүзіне жайған, лингвистика әлемінде оны даңққа бөлеген бұл еңбегі кіріспеден және бес бөлімнен құралған. Оның 1-бөлімі «Жалпы принциптер », 2-бөлімі «Синхрондық лингвистика», 3-бөлімі « Диахрондық лингвистика», 4-бөлімі «Географиялық лингвистика»,5-бөлімі «Ретроспективтік лингвистика мәселелері» деп аталады. Әр бөлім өз ішінен бірнеше тарауларға бөлінеді.
Ф.де Соссюр –Швейцария лингвисі, ірі еңбегі: “Жалпы тіл білімінің курсы”. Де Соссюр алғашында салыстырмалы-тарихи тіл білімін қолдаушы, соның принциптерін дамытушы болса, кейін ол бағытынан қол үзген. Көтерген мәселелері көп: 1.Лингвистиканың объектісі. Де Соссюр даму дәрежесіне, өмір сүру формасына қарамастан тілдердің қай-қайсысының да сөйлеу процесіндегі көріністері тіл біліміне объект бола алады дегенді айтады. Ол тілді зерттегенде оның элементтері арасында болатын қайшылықтар да, ұқсастықтар да естен шықпау керек, бұл екі құбылыстың тілдік механизмді анықтауда мәні ерекше. Зерттеуде бүтіннен бөлшекке қарай жүргізілетін дедуктивтік әдісті қолдануды ұсынады. 2.Тіл –қоғамдық құбылыс, ол коммуникативтік те, экспрес.те қызмет атқарады, алайда маңыздысы – алғашқы қызметі;Тілдің әлеуметтік сыры да осында деп санайды. 3. Тіл – таңбалар жүйесі;Де Соссюр тілдік элементтердің материалдық және идеялық жағы болады,бұлардың біріншісін таңбалаушы, екіншісін таңбаланушы дейді де, осы екеуінің бірлігі таңба деп аталады дейді. 4. Тіл және сөйлеу (сөйлеу – тілді қолданудың нәтижесі, сөйлеу индивидуалдық сипатқа ие,тіл – қоғам мүшелерінің бәріне бірдей дәрежеде міндетті, тіл әлеуметтік сипатқа ие; 5. Ішкі лингвистика және сыртқы лингвистика, бұл мәселелер өзара байланысты, бірақ Соссюр айтқандай, тіл білімінің міндеті – тілдің ішкі жүйесін, құрылымын зерттеу ғана емес, оларды сыртқы факторлармен баланыста қарастырру керек; Де Соссюр сыртқы лингвистика тілді қоғаммен, мәдениет тарихымен, саясатпен, әдебиетпен, географиялық мекенжаймен, т.б. байланыста қарап зерттейді, яғни тілді оның өмір сүруіне қажетті сыртқы жағдайлармен байланыста қарайды. С.л.тіл жүйесінің ішкі механизмін түсіндіре алмайды. Ал ішкі лингвистика тілдің құрылымын, жүйесін, яғни тілдің өзіне ғана тән ішкі мәселелерін,заңдылықтарын зерттейді. 5. Тіл – жүйелі құбылыс, тіл – құрылым, тіл бірліктері өзара синтагматикалық және парадигматикалық қатынаста табылады; тіл-барлық элементтері бірігіп бүтін болып тұратын жүйе. Тілдік таңбалар-сол жүйенің құранды элементтері.Жүйе элементтері өзара байланысты, шартты қатынаста болады. Ол қатынас арқылы олардың мағыналары түрленеді, мәні, құны айқындалады дейді. 6) тіл білімін синхрондық лингвистика және диахрондық лингвистика деп бөлді.Синхрондық лингвистика тілдің ішкі жүйесін зерттейді де, диахрония бір-біріне байланыста алынған тілдік элементтердің тарихын зерттейді.Т.жүйенің сырын ашу тек синхрондық зерттеудің қолынан келеді. Сондықтан ол маңыздырақ.Соссюр тілді зерттеудің сипаттама (синхрония) және тарихи (диахрония) әдістерін бір-біріне қарама-қарсы қояды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
https://massaget.kz/qaarc/qa/11489
Қалиев .Б. Жалпы тіл білімі . Алматы, 2000.
3. Хасенов. Ә. Тіл білімі. Алматы, 1996.
4. Общее языкознание. Внутренняя структура языка. М,1972.
Достарыңызбен бөлісу: |