Орындаған: Ахмедова Ж. Тексерген: Тұрсынбаева Г. Тобы



бет1/9
Дата02.12.2023
өлшемі2,98 Mb.
#132451
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТҮРІК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
БӨЖ
Пәні: Медициналық практикаға кіріспе
Тақырыбы: Жылу және күн соққысы кезіндегі мейірбикелік қызметтердің алгоритмі
Орындаған: Ахмедова Ж.
Тексерген: Тұрсынбаева Г.
Тобы: ЖМ 201-F
Түркістан-2023ж.
Жоспар
  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім:
  • Күн өту туралы түсінік
  • Бастан күн өту және ыстық өту қалай іске асады?
  • Күн өту және ыстық өтудің белгілері.
  • Күннен дұрыс қорғану.
  • Күн өткен кездегі алғашқы көмек
  • Күн соққысы кезіндегі мейірбикелік қызметтердің алгоритмі
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Мақсаты


Күн өту туралы түсінікті санамызда қалыптастырып алып, бастан күн өту және ыстық өту қалай іске асатынын талқылау. Сондай-ақ күн өту және ыстық өтудің белгілеріне тоқталу. Тақырыптың өзектілігіне тоқтала отырып, күн өткен кездегі алғашқы көмек және күн соққысы кезіндегі мейірбикелік қызметтердің алгоритмін айқындау. Күннен дұрыс қорғану жолдарын ұсыну.

Күн өту және ыстық өту


Организмге қызу өтуден пайда болатын сырқат. Балаларға, етженді адамдарға, жүрек-қан тамырлары ауруымен және эндокринді аурулармен ауырған адамдарға қызу өткіш келеді. Әсіресе, шақырайған сәулеге басты қыздырғанда күн өтеді.
Күн өту көбінесе, ыстық қапырық ауадан және күн көзінде көп жүруден болады. Әсіресе ыстыққа төзімсіз немесе ауыр дене еңбегімен айналысатын (құрылыс алаңдарында жұмыс істейтін) адамдарға күн жиі өтеді.
Сондай-ақ күн сәулесімен нашар шағылысатын қара-қоңыр түсті киім немесе ауа өткізбейтін және тердің булануына бөгет жасайтын киім де организмге ыстық өтуіне себепші болады.
Жабық бөлмеде де жоғары температурада және ауаның ылғалдылығы жоғары болғанда да (ыстық цехтарда жұмыс істегенде) ыстық ұруы мүмкін.

Бастан күн өту және ыстық өту қалай іске асады?


Ыстық өту – ағзаның қызуының нәтижесі. Мұндайға жазда ғана емес, кез келген жыл
мезгілінде ұрыну қаупі бар.
Көбіне ыстық өтуге ұзақ уақыт монша немесе саунада отыру, ыстық бөлмеде немесе қапырық ыстықта қалың киіммен физикалық жаттығулар жасау себеп болады.
Мұнда бірінші кезекте ми қан тамырларының кеңеюінен орталық жүйке жүйесіне зақым келеді. Күн өткенде, сонымен қатар, дене күюі де мүмкін.
Күн өткенде күн сәулесінің тікелей басына қарқынды әсер етуі нәтижесінде орталық жүйке жүйесі зақымдалады.
Бастан күн өту – бұл көбіне жаз мезгілінде орын алады. Күн сәулесінің бас аймағына тікелей әсер ету себебінен болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет