Орындаған: Ақыбай Амина Ерулік беру



Дата26.04.2023
өлшемі180,49 Kb.
#87119

Ерулік беру





Орындаған:Ақыбай Амина
Ерулік беру


Қазақ жұртының қонақжайлығы ежелгі замандардан бері жоғары деңгейде болған. Бұл дәстүр сонау көшпелілер заманынан келе жатыр. 

Ертеде ауыл тұрғындары арқаларына, аттарына жүк артып келе жатқан адамдарды көргенде олардың көшпелілер екендігін бірден-ақ түсінетін. Олардың бір қоныстан басқасына ауысуы үшін ұзақ қашықтық жүретіндігі де бәріне мәлім болған. Мұндай жағдайда ауыл тұрғындары қонақтарды үйлеріне шақырып, барынша құрметпен қарсы алып, күтетін. Қонақтарды молынан тамақтандырып, демалдырып, жолдарына жігерлендіріп қана жіберетін. Еш көмегін аямай, барынша көмектесіге тырысатын. Бұл қазақ халқының керемет дәстүрлерінің бірі – ерулік берудің негізін қалады. 


Көрші үйге жаңадан қоныс аударғандарды жергілікті тұрғындардың барлығы өз үйлеріне қонаққа шақырады. Көршілер жаңа келіп қоныстанғандарға бар қонақжайлығын көрсетіп, өз қуаныштарын осылай жеткізеді. Бұл көршілерді жақындастырып, берік, жылы қарым-қатынас орнатуына әсер етеді. Енді бір жағынан, қоныс аударғандарды аймаққа тезірек үйренісіп кетуі үшін, оларға барынша көмек көрсету үшін шақырады.


Бүгінгі күнде бұл дәстүр ауылды аймақтарда көбінен тараған. Алайда, қала тұрғындары да ерулік беруді ұмытпай, өздерінің жаңа көршілеріне көңіл бөлуге тырысады. 

Көршілерді ерулік беруге шақырғанда, үй-іші қонақтарына бай дастархан жаяды. Олар танысып, бірге ас ішіп, күліп-ойнап, ән салады, түрлі әнгіме айтысып, жақындасады. 

Егер көшіп келгендер енді отау құрған жастар болса, көршілері оларға ыдыс-аяқ немесе басқа тұрмыста қажетті заттарды сыйлауға тырысады. Ерулік бергеннен кейін, жаңа қоныстанғандарды шығарып салып, олардың үйінде шашу шашады.


«Ерулік» қалай пайда болды?
Көшпелі қазақ халқы үшін шұрайлы қоныс табу аса маңызды. Олар ұзақ жол жүреді. Көшіп бара жатқан үй ұзақ жолдан шаршаған кезде, тынығу үшін жолдағы ауыл жанына аялдайды. Мұндай аялдауды «еру» дейді. Олар үй тікпей абылайшылап (шаңырақты уықпен көтеріп отырып) отырады. Жүк артқан түйеге кілем-сырмақтарын оң бетіне қаратып жауып, салтанат етеді. Осыны байқаған ауыл қоныстаған жұртты қарсы алып, олардың жүгін түсірісіп, үйін тігіседі. Осылайша «ерулік» салты пайда болды. Еру 4-5 күнге созылса, «ерулікке-қарулық» деп бір қой сойып, ауыл ақсақалдары бата берген.
Мұның қоғамдық мәні зор. Көшіп жүрген ауыл жаңа қонысқа тез жетуі үшін жолға көп азық-түлік алмаған. Оларда отын, су болмайды. Соны түсінген халқымыз өзгеге жанашыр болып, бар жақсысын ұсынған. Бұл салтта еліміздің бірлігі мен адамгершілік, сыйластық белгісі жатыр.
«Көршіңмен тату бол»
Кейіннен тек еру қонған ел үшін ғана емес, жаңадан көшіп келгендерге де ерулік беріле бастады. Бұл – жаңа адамдарды өз ортасына тартудың, сыйласудың белгісі. Жаңа көшіп келген үйдің орналасуына біраз уақыт қажет. Қазақ көршілеріне осылай қолғабыс еткен. «Алыстағы ағайыннан қасыңдағы көршің артық» деген сөз осындайдан қалыптасса керек. Көршімен сыйластық қоғам татулығына, ел бірлігіне бастайды. Ислам дінінің өзі көршімен тату болуға үндейді.
Қазіргі кезде бұл дәстүр ұмытылып бара жатқан тәрізді. Мөңке бидің болашақты болжап айтқан толғауында: «Бір-біріне қарыз бермейді, Көрші көршіге кірмейді» деп айтқандай, көршілес үйдің бірін-бірі танымайтын заманына келе жатырмыз. Ата-бабамыз осындай тәрбиелік мәні зор дәстүрлермен қазақтың «қонақжай» кейпін қалыптастыра білді. Ұлтымыздың бұл жазылмаған заңын ардақ тұтып, адамгершілік пен татулықты үндейтін әдемі салтын қайта жаңғыртқанымыз абзал.


Көшпелі қазақ халқы үшін шұрайлы қоныс табу аса маңызды. Олар ұзақ жол жүреді. Көшіп бара жатқан үй ұзақ жолдан шаршаған кезде, тынығу үшін жолдағы ауыл жанына аялдайды. Мұндай аялдауды «еру» дейді.
Ата-бабаларымыз жаңадан көшіп келген көршілерін қонақ қылып, кең дастарқан жайып, мал сойып, дәм татқызатын. Ерулік беру арқылы көршілерін жатсынбай, етене араласып кетуге шақырады. Барлық ауыл болып көшіп келгендердің үйін тігісіп, кезекпе-кезек қоныстанушыларды бала-шағасымен үйлеріне шақырады. Қоныстанушылар жас отбасы болса, оларға ыдыс-аяқ сияқты тұрмысқа қажет заттарды сыйға тартады. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет