Орындаған: Асылбек Сара Халық өлеңдерінің жиналуы мен зерттелуі, жариялануы



Дата07.04.2023
өлшемі18,42 Kb.
#80395

Орындаған:Асылбек Сара

1.Халық өлеңдерінің жиналуы мен зерттелуі, жариялануы


2.Тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар (Төрт түлік мал, аңшылық, наурыз өлеңдері, бесік жыры жаңылтпаш, өтірік өлеңдер)
3.Халық өлеңдері жайында Ш.Уәлиханов, В.Радлов зерттеулерінің маңызы

1.Халық өлеңдерінің жиналуы мен зерттелуі,жариялану ісі XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастау алады.Халық өлеңдерін жинау,Ресейдің Қазақстанды толық өз қарамағына алуы үшін өте маңызды істердің бірі еді,сондықтан Ресейден шыққан арнайы ғалымдар,оқымыстылар қазақтың әдет-ғұрып,салт-дәстүр, тарихы, мәдениеті, ән-күйі туралы мәліметтерді жинау басты мақсаттары болды. Бұл шаруа XVIII ғасырдан бастап XX ғасырдың 90 жылдарына дейін жалғасын тапты. Халық өлеңдерінің жиналуы мен зерттелуі былай дәуірлерге бөлінді:


I кезең: ХVІІІ-ХІХ ғасыр.Бұл кезеңнің өзі іштей бірнеше кезеңге бөлінеді. Алғашқысы XIX ғасырдың бірінші жартысына дейін.Бұл кезде халық өлеңдері әлі жинақталмады.XIX ғасырдың екінші жартысынан XX ғасырдың басына дейінгі уақыттарда халық өлеңдерін ғылыми мақсатта жинап, арнайы түрде жариялады. Халық өлеңдерін жинаудың бағдарламасы жасалып, жарыққа шығады . Ресейдің В.Радлов, Г.Потанин, А.Диваев, сияқты зерттеушілерімен қатар қазақтың Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Абай, Мәшһүр Жүсіп, Ә.Бөкейханов сынды ғалымдары да халық өлеңдерін жинап,зерттеумен шұғылданады.
ІІ кезең: XX ғасырдың бірінші жартысы. Бұл жылдары ең басты мәселенің бірі – оқу-ағарту ісі еді.Оқу-ағарту жұмысы қарды етек алды, қазақ тіліндегі баспасөздер көбейді. Ауыз әдебиеті шығармалары баспасөз беттерінде жарияланып,сонымен қатар жеке кітап түрінде жарық көре бастайды.
ІІІ кезең: XX ғасырдың екінші жартысы.Бұл өте күрделі кезеңдердің бірі болды.Бұл кезде халық өлеңдерін жинау,жариялау қыспаққа алынып,көптеген өлең-жырлар халыққа жат деп саналды.

2.Әр халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігі,салт-дәстүрі,әдет-ғұрыпы болады.Қазақтың ауыз әдебиетінде тұрмыс-тіршілік әдет-ғұрыпқа қатысты пайда болған шығаралар тұрмыс-салт жырлары деп аталған. Тұрмыс-салт жырлары мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олар:


1. Төрт түлік малға, аңшылық кәсіпке байланысты туған шығармалар. Наурыз жыры.
2. Баланың дүниеге келуіне, есейіп ержетуіне байланысты туған шығармалар.
3. Үйлену салтына байланысты туған өлең-жырлар.
4. Көңіл күйді білдіретін өлең-жырлар.
5. Бата-тілектер.
Тұрмыс салт жырларының ішінде ең көп таралғаны- төрт түлік малға байланысты туған өлең-жырлар.Төрт түлік малға қатысты жырлар ертеден жырланып келе жатқан жырдың түрі. Ерте кезде адамдарда әр түліктің өзінің иесі бар деп түсінген, оларға ат қойған, әрқайсысының жаратушы иесі бар деп оларға жалбарынған. Мысалы; Қой атасы – Шопаната, Сиыр атасы – Зеңгібаба, Жылқы атасы – Қамбарата, Түйе атасы – Ойсылқара, Ешкі атасы – Шекшеката.
Аңшылықты тұрмысқа қажетті кәсіп деп түсінген халық,бұл тақырыпқа да өлеңдер шығарған. Адам баласының ең ерте кездегі күн көрісі, кәсібі аңшылық болған. Күн көру қажеттілігінен туған аңшылықпен алғашқы қауымдық дәуірде, тіпті ежелгі тас дәуіріндеде адамдар айналысқан.
Ертеден келе жатқан тұрмыс-салт жырларының бір түрі – Наурыз жыры. Қыстың ызғары кетіп, елдің ауыр еңбектен қолы босап, аққа аузы тиеді. Оны кәрі-жастың «құшақтасып көріскен, жаңа ағытқан қозыдай жамырасып өріскен Ұлыстың ұлы күні» дейді.
3. Шоқан Уалиханов қазақ аңыздары, аңыз- әңгімелері, ертегілері, өлеңдері, эпостық жырлары мен тарихи жырлары саласынан көптеген материалдар жинап, алғаш зерттеді. Зерттеу нәтижелерін қазақ халқының өткендегі тарихын танып білуге пайдаланды. Ғалым өз еңбектерінде қазақ ауыз әдебиеті алғашқы рет қазақтың мәдени рухани мұрасы есебінде зерттелді. Шоқан Уәлихановтың басқа еңбектері сияқты әдебиет туралы жазған мақалалары, ғылыми еңбектері, күнделіктері оның ерекше білімділігін,аңғарымпаздығын, ұқыптылығын байқатады. Қай халықтың болса да әдебиеті алдымен фольклордан, халық сөз өнерінен басталатыны белгілі. Бұл заңдылық қазақ халқына да тән екендігін,оның ауыз әдебиеті де бай,әрі өзіндік сипаттары бар екендігін Шоқан Уәлиханов көптеген деректерге сүйене отырып дәлелдейді. Ол қазақ, өлеңдерін: жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең деп беске бөледі. Өлең құрылысын жыршылардың қобыз не домбыраға қосып айтуына қарап жүйелеген. Өлеңге, әсіресе, суырып салма өлеңге шеберлігін,халықтың болмысында бар,көшпелі елдердің өзіне тән ерекшелігі екенін анықтаған.
В.В. Радловты аса көрнекті фольклортанушы ретінде танытқан «Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері» атты 10 томдық еңбегі болды. Бұл көптомдықтың әр кітабы әр түрлі халықтардың фольклорына арналған-ды. Қазақ фольклоры үшін аса қымбат қазына болып табылатын 3-томдағы ел аузынан дәлме-дәл жазып алған шығармалар, ақын-жыршыларға берген мінездеме, халық ауыз әдебиетінің жанрлық құрамын белгілеуі, халық шығармаларының тіл және стиль ерекшеліктерін анықтауы бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ.
Сонымен қатар халық өлеңдері жайында зерттегендерді бірі-М. Әуезов.Ол қазақ әдебиеттану ғылымында алғашқылардың бірі болып, әдебиет тарихына байланысты зерттеу мақалалар, оқулық еңбектер жазып, тыңнан жол салды, мол ғылыми мұра қалдырды. Әуезов әуел бастан әдебиет тарихын халықтың жалпы азаматтық тарихымен бірге қарастыру қажет деп білді. Ол қазақ фольклористикасында ауызша әдебиеттінің түрлерін мынадай типтерге бөлді:
•​1) сыршылдық салт өлеңдері;
•​2) әңгімелі өлендер (батырлар әңгімесі, ел поэмалары, тарихи елеңдер);
•​3) айтыс-тақпақ;
•​4) ертегі, мақал, мәтел, жұмбақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет