О. П. Суник сөз таптарын классификациялауда тіл білімінде негізгі алынып жүрген заттық,атрибутивтік,іс-әрекет(процесс) тәрізділерді лексикалық мағына емес,жалпы грамматикалық мағына деп есептейді. Оның пікірінше



бет1/2
Дата17.02.2023
өлшемі29,39 Kb.
#68736
  1   2

Билет № 1

  1. Грамматикалық мағына қандай тәсіл арқылы беріледі, түсінік беріңіз.

.Грамматикалық мағынаны білдірудің ең бірінші тәсілі – семантикалық тәсіл. Ол — сөздің лексикалық мағынасының абстракцияланып жалпылануы арқылы іске асады. Сөйтіп, жалпы грамматикалық мағына пайда болады. Екінші – синтетикалық тәсіл. Грамматикалық мағынаның синтетикалық тәсіл арқылы берілуінің тіл білімінде бірнеше жолы бар. Олар: қосымша қосылу жолы, яғни грамматикалық тұлғалардың (формалардың) үстелуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, префикс қосылу жолы, яғни сөзге префикс — приставка қосылу арқылы грамматикалық мағынаның берілуі; ішкі флексия жолы, яғни сөздің ішкі кейбір дыбыстарының өзгеруі, алмасуы, қосылуы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі; екпін арқылы, яғни екпіннің өзгеруімен грамматикалық мағынаның берілуі; супплетивті жол, яғни грамматикалық мағынаның жеке-жеке сөздер арқылы берілуі. Үшінші – аналитикалық тәсіл. Аналитикалық тәсілдің бірнеше түрі, жолы бар. Олар: негізгі сөздердің тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі (мысалы, алтын сағат, темір күрек, ағаш үй, шәкірт бала сияқты тіркестерде алғашқы зат атаулары алтын, темір, ағаш, шәкірт, екінші зат атауын білдіретін сөздермен тіркесу арқылы заттық мағынада емес, қатыстық-сындық мәнде қолданылған) негізгі сөз бен көмекші сөздің (көмекші етістік, шылау, т.б.) тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің қосарлануы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің орын тәртібі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, дауыс ырғағы, интонация арқылы грамматикалық мағынаның берілуі.
2. Сөз таптарын классификациялауда тіл білімінде негізге алынып жүрген заттылық, атрибутивтік,іс-әрекет тәрізділерді лексикалық мағына емес,жалпы грамматикалық мағына деген пікір туралыжазыңыз, ойыңызды дәлелдеңіз.мысалдар келтіріңіз.

  1. О.П. Суник сөз таптарын классификациялауда тіл білімінде негізгі алынып жүрген заттық,атрибутивтік ,іс-әрекет(процесс) тәрізділерді лексикалық мағына емес,жалпы грамматикалық мағына деп есептейді. Оның пікірінше,заттылық-зат есімдерге тән және оны басқа сөз таптарынан ажырататын жалпы грамматикалық мағына. О.П Суник сөз таптарының әрқайсысына тән жеке грамматикалық категориялар мен мағыналарды,грамматикалық формаларды сөз таптарын ажырататын белгілер ретінде емес, сөз таптарының әрқайсысының өзіне тән жалпы грамматикалық мағынасынан туатын, соған бағынышты құбылыстар деп қарайды.

Билет № 2



  1. Түркі тілдері типологиялық тұрғыдан қай түрге жатады, оны анықтау туралы түсіндіріңіз

Түркі тілдері типологиялқы тұрғыдан агглютинативті тілдерге жатады.Агглютинация дегеніміз – сөз түбіріне бір аффикстен соң екінші бір немесе бірнеше аффикстердің бірінен соң бірінің жалғануы. Түбірге аффикстер жалғау арқылы грамма-тикалық мағынаның берілу тәсілі аффикса-ция тәсілі деп аталады. Аффиксация тәсілі – грамматикалық тілдердің ішіндегі ең кең тараған тәсілі.

  1. Сөйлеу мүшелерінің бірлігіне бейвербалды амалдардың да қоса-қабат қолданылуын жатқызуға болатындығын дәлелдеңіздер. Бейвербалды амалдар қажетіне қарай қарым-қатынас құралы да бола алады, қандай ақпараттың алмасуына қатысты коммуникативтік мақсатты көздейді, ойыңызды дәлелдеңіз.мысалдар келтіріңі


Австралиялық ғалым А.Пиздың пікірінше, адамдар арасындағы қарым-қатынастың 7% вербалды (сөздер, сөйлемдер); 33% вокалды (интонация, дауыс ырғағы, дауыс немесе дыбыс әуезділігі, екпіні мен қарқыны, т.б.) және 55% бейвербалды элементтер арқылы жүзеге асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет