Орындаған: Асилханова Жания Қабылдаған: Жәзира Жұмабаева Жоспар



Pdf көрінісі
Дата05.10.2022
өлшемі4,24 Mb.
#41479


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
"ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА"ИНСТИТУТЫ
Өсімдіктің көбеюі
мен тозаңдану
түрлері
Тобы: 6В01303-Бастауыш білім АКТ-мен,1-курс
Орындаған: Асилханова Жания
Қабылдаған: Жәзира Жұмабаева


Жоспар:
Өсімдіктің
жынысты көбеюі
Өсімдіктің
тозаңдануы
Тозаңданудың
түрлері
Өсімдіктің
ұрықтануы


Өсімдіктің
жынысты көбеюі
Гүлде арнайы жыныс жасушалар
- аталық пен аналық жыныс
жасушалары түзіледі . Аналық
жыныс жасушасы - жұмыртқа
жасушасы аналықтың түйініндегі
тұқымбүршікте түзіледі . Аталық
жыныс жасушалары -
аталықтағы тозаңқапта түзілген
тозаңда орналасады.


Өсімдіктің
тозаңдануы
Тозаңдану – аталық
тозаңының аналықтың
аузына түсуі. Тозаңдану
өздігінен және айқас
тозаңдану деп екіге бөлінеді.
Өздігінен тозаңдану 
Бір гүлдің өз аталық тозаңының сол
гүлдің аналығының аузына (қос
жынысты гүл) түсуі. 
Айқас тозаңдану 
бір гүлдің аталық тозаңының екінші
гүлдің аналығының аузына түсуі. Айқас
тозаңдануды – бунақденелілер арқылы
және жел арқылы айқас тозаңдану деп
екіге бөледі.


Бунақденелілер
арқылы айқас
тозаңданатын
өсімдіктер
Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын
өсімдіктердің гүлдері ашық реңді, хош иісті,
тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі
Балара, жабайы ара, шыбын, көбелек, қоңыз,
құмырсқалар гүлдің тозаңымен, шірнесімен қоректенеді.
Қорегін іздеп, бір гүлден екінші гүлге қонғанда денесіне
тозаңдар жабысады. Екінші гүлге қонғанда жабысқан тозаңдар
аналықтың аузында қалып, тозаңдануға себепші болады.
Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын
өсімдіктер: шие, алхоры, алма ағаштары, лимон,
шай, асқабақ.


Жел арқылы айқас
тозаңданатын өсімдіктер
ЖЕЛ АРҚЫЛЫ АЙҚАС ТОЗАҢДАНАТЫН
ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТОЗАҢДАРЫ ӨТЕ МАЙДА,
ЖЕҢІЛ, КӨП БОЛАДЫ. ГҮЛДІҢ
АТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖІПШЕЛЕРІ ӨТЕ ҰЗЫН
ӘРІ ТӨМЕН ҚАРАЙ ИІЛІП ТҰРАДЫ. СОҚҚАН
ЖЕЛГЕ ТЕРБЕЛІП, ТОЗАҢДАРЫНЫҢ
ТАРАЛУЫНА БЕЙІМДЕЛГЕН.
АНАЛЫҒЫНЫҢ АУЗЫ ҚАУЫРСЫН ТӘРІЗДІ
ҮЛПІЛДЕП, ТОЗАҢДЫ ТЕЗ ҚАБЫЛДАУҒА
ЛАЙЫҚТАНҒАН.
Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер: қант
қызылшасы, құлмақ, қарасора, жүгері, қарабидай,
қайың, емен. Тозаңдануы ауа райына
байланысты. Бұлтты, жаңбырлы күнде жаңбыр
суы тозаңдарды шайып, өсімдік түсімін кемітеді.


Өсімдіктің_ұрықтануы_Ұрықтану_–_аталық_және_аналық_жыныс_жасушаларының_қосылуы._Ұрықтану_тозаңданудан_кейін_болады.'>Өсімдіктің ұрықтануы
Ұрықтану – аталық және аналық
жыныс жасушаларының қосылуы.
Ұрықтану тозаңданудан кейін
болады.


Өсімдіктің
ұрықтануы
1. Жарып көрсетілген гүлдің бөлімдері.
2. Аталық тозаңдарының аналық аузына
түсуі, тозаңның өне бастауы. 
3. Өнген тозаңның жатындағы тұқым
бүршігіне енуі. Тозаң түтігінің
ұшындағы спермийдің (ірі ядролы
жасуша) тұқым бүршігіндегі аналық
жұмыртқажасушасымен қосылуы. 
4. Жеміс пен тұқымның түзілуі.


Аналықтан жабысқақ сұйықтық бөлінгенде аналық
аузына түскен тозаң жіңішке түтікше шығарып,
өнеді. Тозаң түтікшесі ұзарып, аналықтың жатынына
жетеді.
Жатындағы көпжасушалы тұқымбүршігінің ішінде жұмыртқажасушасы және ең ірі
жасуша болады. Тозаң түтікшесінің ұшында ірі ядролы 2 жасуша (спермий) бар. Тозаң
түтікшесінің ұшы тұқым бүршігімен түйіскенде 2 жасушаның (спермий) біреуі
жұмыртқажасушасымен қосылып ұрықтанады. Екінші жасуша (спермий) тұқым бүршігінің
ең ірі жасушасымен қосылады. Мұны қосарлы ұрықтану дейді, бұл құбылысты ашқан
ғалым С. Г. Навашин. Ұрықтанған соң тұқым бүршігінен тұқым, жатыннан жеміс дамиды.


https://quizizz.com/join/quiz/62
89fe9afbf5d5001d88ed77/start?
studentShare=true


Назарларыңызға
рахмет!!!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет