Орындаған: дбож-22-01: Бекова Л. М. Пән бойынша: Когнитивті оқыту технологиясы Тапсырма



бет1/2
Дата21.10.2023
өлшемі445,78 Kb.
#120162
  1   2

Орындаған:
ДБОЖ-22-01: Бекова Л.М.
Пән бойынша: Когнитивті оқыту технологиясы
Тапсырма: Қазіргі таңдағы белгілі технологиялар түрлері
СӨЖ № 2
Білім берудегі педагогикалық технологиялардың негізгі қызметі – оқу үдерісінің білімдік мақсаты мен міндеттерін іске асыру және жеке тұлғаны дамыту екендігін ғалымдар педагогикалық-психологиялық негіздерін анықтап, оларды философиялық тұрғыдан дәлелдеген. Педагогикалық технологиялар оқушыларға нәтижелі білім беруге бағытталған тиімді құрал болуымен қатар, мұғалімді де сапалы қызметке, нақты нәтижеге жетелейтін механизм болып табылады Ең бастысы оқыту үдерісінде қолданылатын пед.технологиялар сабақтың сапасын арттыруға, дара тұлғаны дамытуға және түпкі нәтижеге жетуге ықпал етуі қажет.
Қазіргі оқыту үдерісінде қолданылып жүрген білім берудегі тиімді педагогикалық технологиялар ретінде мынадай педагогикалық технологиялар
Оқушыны объект ретiнде емес, субъект ретiнде қарастырып, оның дара тұлға ретiнде қалыптасуына жан-жақты әсер ететiн, қарым-қатынастың демократиялық, iзгiлендiру бағытын негiзге алған – оқытуды демократияландыру мен iзгiлендiру негiзiндегi педагогикалық технологиялар
(оған: Е.В. Бондаревский, Д.Б. Серикова, Ю.И. Турчанинова, И.С.Якиманский, Ш.А.Амонашвилидiң iзгiлiктi-жеке тұлғалық технологиясы, Е.Н. Ильинаның гуманитарлық пәндерді адам қалыптастырушы пән ретiнде оқыту жүйесi және т.б. жатады)
Оқушының белсендi болуына, проблемалық жағдайда одан шығуды үйрететiн – оқушы әрекетiн белсендiру мен интенсификациялау негiзiндегi педагогикалық технологиялар (оған Е.И.Пассовтың коммуникативтiк оқыту технологоиялары, В.Ф. Шаталовтың тiрек сигнал конспектiлерi негiзiндегі оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиялары жатады)
Балаға сырттан әсер етпей өзiнiң табиғий дамуына ықпал жасайтын, баланың жаны мен жүрегiне жылулық ұялататын – халықтық педагогиканың әдiстерiне сүйене отырып баланың табиғи дамуына негiзделген педагогикалық технологиялар (Л.Н. Толстой, А.Кушнир, М.Монтессори технологиялары жатады)
Оқушының туа бiткен ақыл-ой қабiлетiнiң жеке дамуына негiзделген –саралап оқыту технологиясы (Н.Гузик, И.Первин, В.Фирсов т.б.)
Оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынастың тең дәрежеде жүзеге асуын қамтамассыз ететiн – ынтымақтастық педагогикалық технологиясы;
әр оқушының жеке қасиетiн аша отырып, оның қабiлетi мен мүмкiндiк деңгейiне қарай оқыту, тәрбиелеу бағытында жүзеге асатын технологияның түрi – деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
Оқушылардың өз бетiмен жұмыс жасауына және қоғамдық белсендiлiгiнiң артуына әсер ететiн – дамыта оқыту технологиясы (Эльконин-Давыдов, Л.В. Занков, Г.Д. Кириллова, Г.И.Щукина т.б.)
Білім алушыларды ұжымда жұмыс iстеуге үйретуде, тiлдесiмде болуына, бiрiн-бiрi үйретуiне үлкен әсер ететiн технология – оқытудың ұжымдық тәсiлi жатады (В.Дьяченко, А.Соколов, А.Ривин, Н.Суртаева т.б.)
Бұл технологиялардың философиялық негiзiнде дамытушы, проблемалық, тұлғаға бағдарланған оқыту жатады. Олар білім алушыларға бiлiмдi дайын күйiнде бермей, тек баланың өз алдына iзденiп өзiндiк дамуына жағдай жасатуға, белсендiлiкке, мәселеге сыни көз қараспен қарауға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет