Кафедра: Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы
С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Кафедра: Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы СӨЖ Тақырыбы:Жаһанданудың негізгі процесстері.
Қазіргі қоғамдық ғылымдарда,идеология мен саясатта ұлттық, жаһандық және адамзатық деген түсініктердің маңызы арта түсуде. Себебі, қай мемлекет болмасын, оның қазіргі таңдағы ұстанған даму үрдісі осы үш тұғырға соқпай өтпейді. Қазіргі таңдағы белгілі саясаткерлермен экономистердің сөзінен аңғаратынымыз, “қырғиқабақ соғыс”, “қарулану жарысы” үдерістері жаңа арнаға ұласып, “энергетикалық соғыс” атын алып, жаңа тартыстар мен шиеленістерге желеу болуда.
Жаһандану, глобализация (ағылш.Global-әлемдік,дүниежүзілік, жалпы)-жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үдерісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген 1983 жылы америкалық экономист Т.Левита.
Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр.