Орындаған: Ержан Ақерке Тобы: эк-18-1 Қабылдаған: Тасболатова Ақжарқын



Pdf көрінісі
Дата13.10.2022
өлшемі83,25 Kb.
#42755
Байланысты:
Қазақ тілі. Сұраныс пен ұсыныс



Сұраныс 
пен 
ұсыныс 
Орындаған: Пазилбекова Аружан
Тобы:РКО-301 


Сұраныс
Сұраныс дегеніміз
тұтынушылардың белгілі бір
уақытта, белгілі бір бағамен
тауарлар мен қызметтердің
белгілі бір көлемін сатып алуға
деген дайындығын сипаттайтын
төлем қабілеттілігі бар
қажеттіліктері мен талаптары.
Сұраныс көлемі, яғни
тауарларды сатып алу көлемі –
бұл тұтынушылардың ағымдағы
бағамен берілген уақыт бірлігінде
сатып алғысы келетін сол
игіліктердің максималды саны
.


Сұраныс функциясы
Сұраныс функциясы – бұл сұранысқа əсер ететін
əртүрлі факторлардың өзгеруінен сол сұраныс
көлемінің өзгеру сипатын бейнелейтін тəуелділік.
Əрине сұранысқа əсер ететін маңызды фактор баға
болып табылады. Сонымен қатар, сұранысқа əсер
ететін бағалық емес факторлар да бар: а)
тұтынушылардың табысы; ə) алмастырушы жəне
толықтырушы тауарлардың бағасы; б)
тұтынушылардың талғамы; в) алдағы уақытты немесе
болашақты күту; г) нарықтағы тұтынушылардың саны,
т.б. Сұранысқа жəне сұраныс көлеміне əсер ететін
барлық факторларды сұраныс детерминанттары деп те
атайды
.


Ұсыныс
Ұсыныс дегеніміз – бұл
сатушылардың нарықта белгілі бір
тауар көлемін немесе қызмет түрін
берілген уақыт мезетінде белгілі бір
бағамен сатуға деген даярлығы немесе
сата алу қабілеті. Ұсыныс көлемі – бұл
нарықтағы барлық сатушылардың
берілген уақыт мезетінде сатқысы
келетін немесе сатуға дайын
игіліктерінің жалпы саны. Ал ұсыныс
бағасы – бұл сатушының нарық
жағдайында берілген игіліктің көлемін
сатуға дайын минималды бағасы. 


Икемділік ұғымы
Икемділік дегеніміз – бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты
екінші бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының дəрежесі.
Икемділіктің сандық мəнін есептеу үшін икемділіктің коэффициенті
қолданылады. Ал, икемділік коэффициенті дегеніміз - бір айнымалының 1
пайызға өзгеруі нəтижесінде екінші бір айнымалының соған байланысты
қанша пайызға өзгеретінін көрсететін сандық көрсеткіш. Икемділіктің мəні
нөлден шексіздікке дейін өзгеріп отырады. Икемділік сұранысқа да,
ұсынысқа да əсер етеді. «Икемділік» ұғымын да жоғарыда аталған,
ағылшын экономисі Альфред Маршалл өз зерттеуінде алғаш рет
қолданып микроэкономика ғылымына енгізген болатын. Кейін, бұл ұғым
туралы идеяларды ағылшын экономисі Джон Хикс пен американ
экономисі Пол Самуэльсон жəне тағы басқа да ғалымдар əріқарай
дамыта түсті


Сұраныс икемділігі
Cұраныстың баға бойынша икемділігі – бұл тауар бағасының бір
пайызға өзгергендегі сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеру
реакциясының сезімталдылығын сипаттайтын көрсеткіштік
коэффициент. Тəжірибелік мəні жағынан, икемділіктің абсолюттік
шамалары емес салыстырмалы шамалары ғана маңызды болып
табылады. Бұл айтпаса да түсінікті. Мысалы, біз «сникерстің» бағасы
10 теңгеге өсті десек, онда оның өзгеруін байқамау мүмкін емес,
өйткені ол тауар үшін бағаның осылай өсуі өте маңызды болып
табылады, сондықтан ол сұраныс көлемін айтарлықтай өзгертеді. Ал
«Вольво» автокөлігіне баға 10 теңгеге өсті десек, онда оның өзгеруі
тұтынушының сұраныс көлеміне мүлдем əсер етпейді. 


Ұсыныс икемділігі
Ұсыныс икемділігі – бағалардың пайыздық білінуіндегі ұсыныс
шамасының өзгеру дәрежесі. Баға өзгерген уақытта ұсыныс
көлемі де өзгеріп отырады. Осы байланысты табу үшін 
ұсыныстың бағалық икемділігі деген көрсеткішті қолданамыз.
Ep(S) – баға 1 процентке өзгерген уақытта, ұсыныс көлемі неше
процентке өзгеретінін көрсететін шама.


НАЗАР 
АУДАРҒАНЫҢЫЗҒА 
РАХМЕТ !!!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет