Орындаған: Гүлнұр ҚоқанМадина қабылдаған: Сайдахметов Бауыржан. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институты Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
СӨЖ
Әрбір халық өзінің дүниеге келу жолында әртүрлі мифтерді ойлап шығарды. Дүниенің пайда болуы мен тәртібі, жақсылық пен жамандық, көркемдік пен түрсіздік, адам өмірінің мәні мен құндылығы т.с.с. сұрақтардың жауаптары халықтар аңыздарында әртүрлі дәрежеде берілген. Ол жағалай қоршаған табиғаттың ерекшелігіне және соған сәйкес қалыптасқан халық тіліне байла-
нысты болса керек.
Бірақ тереңірек қарасақ, әртүрлі халықтардың дүниеге қойған сұрақтары, ізденістерінің бір- біріне ұқсас жақтарын да көруге болады. Олар: Дүние қалай пайда болды? Кім адамды тудырды? Адам неге өледі? Адамдардың сөйлейтін тілдері неге әртүрлі? Аспан мен жер неге бір- бірінен бөлінген? т.с.с.
Мифтер — адамзаттың « балалық тарихындағы» туынды- лары. - Әрине, бұл сұрақтарға берілген жауптар бүгінгі адамдарды қанағаттандырмайды, оған ол тұрпайы болып көрінеді, өйткені мифтерде табиғаттың құбылыстары сиқырлы күштер арқылы түсін-діріледі. Мифтер — адамзаттың « балалық тарихындағы» туынды- лары. Сол кездегі адамдар мифтердегі айтылатын сиқырлы күштер- ге өзінің ықпалын тигізе алатынына кәміл сенді. Сонымен олар жағалай қоршаған ортаны, табиғаттың зор күштерін қиялдық жолмен түсінуге және игеруге тырысты.
- Жалпылай келе, әртүрлі халықтардың мифтерін белгілібір топтарға бөлуге болады. Мифтердің ең үлкен бөлігінің бірі космо-гониялық (cosmos- грек сөзі, әлем, genesis- грек сөзі, дүниеге келу, пайда болу) аңыздар. Оларда көбінесе Дүниенің алғашқы жағдайы хаос (chaos- грек сөзі, шексіз шашылған бытыраңқы дүние) арқылы көрсетіледі. Сиқырлы құдіретті күштің іс- әрекеті арқылы хаос жер мен көкке бөлініп, Дүниеге тәртіп келіп, әртүрлі табиғаттың құбылыстары дүниеге келеді.
Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады? - Біріншіден, миф алғашқы пайда болған қоғамдық сананың формасы ретінде өзінің ішінде болашақта дүниеге келетін өнер, дін, саясат, мораль сияқты құбылыстардың элементтерін бойында сақтайды. Сондықтан мифті ғалдымдар қоғңамдық сананың синкре- тикалық түрі деп есептейді (synkretismos- герк сөзі, қосылған, араласқан, бөлінбеген деген мағына береді).
- Екінші ерекшелігі- мифтегі адам мен табиғаттың бірлігі, жағалай қоршаған ортаны антроморфизациялау, адамның өзін- дік мәндік қасиеттерін бүкіл табиғатқа таратуы, табиғаттың құбы-лыстары мен заттарын олардың адам сияқты жаны, ойы, сезімі, іңкәрі бар деп түсінуі, Мысалы, жерге нәр беретін аспаннан жауған нөсердің мифте Құдайлардың жыныс қатынасынан шығатыны жөніндегі қияли ойлары.
- Үшіншіден, мифте әлі ғылыми ұғымдар жоқ, онда қоршаған орта, әлеуметтік қатынастар көркем сөз арқылы бейнеленеді.
Әлемнің пайда болуы жөнінде кейбір Шығыс халықтарының аңыздарында антропоцентрлік көзқарас та кездеседі - Әлемнің пайда болуы жөнінде кейбір Шығыс халықтарының аңыздарында антропоцентрлік көзқарас та кездеседі (antropos-грек сөзі, адам, centrum- латын сөзі, орта, әртүрлі қатынастардың бір жүйеге қосылатын нүктесі). бұл мифтер: «Дүниеден бұрын алғашқы еңгезердей адам болған, ал ол өлген кезде оның денесінен Дүние жаратылады»,- деген пікір айтады.
- Көне заманда күн мен ай, аспан мен жұлдыздар жөніндегі аңыздар адамдардың өмірінде кең орын алған. Күннің сәулесінің жер бетіндегі тіршіліктің өміріне тигізетін шешуші рөлі сол заманда- ақ анықталып, Күн Құдайы негізі табынатын құдайлардың біріне айналған. Сонау көне заманда пайда болған дөңгелек күнге ұқсатып жасалған. Мысалы, біздің ертедегі бабаларымыз аспанға (тәңір, қытайша- тян) табынып: «Жер мен тіршілікті, адамды жаратан- сол аспан Құдайы»,- деп есептеген.
- Жағалай қошаған ортадағы өзгерістер, қайталау үрдістері, жыл маусымдарының, күн мен түннің ауысып отыруы, жер сілкінуі, дауыл, топан су,т.с.с құбылыстар көне мифтерде жұлдыздар мен планеталардың орналасуымен, солардың ықпалымен түсіндірілді. Аспандағы жұлдыздардан тұратын фигуралар жердегі ахуалды, болашақта болатын оқиғаларды анықтайды,- деп есептелді. Бүгінгі астрологиялық болжамдар (astron- грек сөзі, жұлдыз) сол көне замандағы пайда болған мифтерге сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |