Орындаған: Қиарыстанова Г. Тексерген: Мәтбек Н. Алматы, 2023



Дата16.03.2023
өлшемі88,6 Kb.
#75026
Байланысты:
Қиарыстанова Г. мөж


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы атындағы Қазақ Ұлттық университеті


Филология факультеті



МӨЖ-2


Тақырыбы: Қазақ әдебиетін дәуірлеудегі Б.Кенжебаев концепциясына талдау жасау


Орындаған: Қиарыстанова Г.
Тексерген: Мәтбек Н.
Алматы, 2023

«Қос жазба күнделігі»





Б.Кенжебаевтың қазақ әдебиетін дәуірлеу концепциясы

Менің тұжырымым

Қазақ ауыз әдебиетінде: «Барар жерің – Балқан тау, ол да – біздің барған тау» деген сөз тіркесі бар. Бұл қазақ руларының бір заманда Балқан түбегіне дейін ығысып барғандығын аңғартады. Яғни қазақ рулары басқа түрік, моңғол ру-тайпаларымен бірге ерте уақыттардан шығыс жағы Орталық Азия, батыс жағы Византия аралығын жайлаған, әр кезде сол араның әр жерінде болған. Осы күнгі Қазақстан жеріне XV ғасырдан, негізінде, өз алдына халық, хандық боп құрылғаннан бастап жайғасқан. Әлгідей әр кезде әр өңірді жайлағанынан болуға тиісті, тарихшылар арасында қазақ рулары түгелдей әуел бастан, өмір бақи көшпелі болды, тек мал шаруашылығымен ғана айналысып, үнемі жөңкіліп көшіп жүрді деген пікір, көзқарас бар. Бұл пікірді түгелдей дұрыс деуге, түбірімен қостауға болмайды.
Қазақ рулары түгелдей өмір бақи көшіп жүрмеген, ерте уақыттан жартылай көшпелі болған. Яғни бірқатары көшпелі, бірқатары отырықшы боп өмір сүрген. Қыстақты, кентті, қалалы жерлерді мекендеген, солардың маңында тұрған. Мал өсірумен қатар, егіншілікпен де, ұсақ қолөнер кәсібімен де айналысқан. Сондай-ақ әлеуметтік, шаруашылық тіршілігіне сай қазақ руларының әр кезде өзіндік мәдениеті де болған. Өйткені тарихта ешқандай мәдениеті болмайтын, әртүрлі өнер, мәдени, әдеби шығарма жасамайтын адам қоғамы, ру-тайпа, халык болған емес, болмайды да.

Сонымен, жинақтап айтқанда, қазақ халқының бұрын-соңды әдебиетінің тарихын былай жүйелеген дұрыс деп білеміз:


I. Бұрынғы әдебиет (V-XV ғасырлар арасы). Қазақ ру-тайпаларының ежелгі ру-ұлыс дәуірлеріндегі әдебиеті. Көбінше сол замандардағы түркі ру-тайпаларымен бірге жасаған ортақ әдебиет.
II. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (XV-XVIII ғасырлар арасы). Қазақтың өзіндік әдебиеті.
III. Қазақтың XIX ғасырдағы жаңа, сыншыл реалистік әдебиеті.
IV. Қазақтың XX ғасыр басындағы (1900-1920 жылдардағы) әдебиеті.
V. Қазақ халқының Қазан төңкерісінен кейінгі әдебиеті.
Біз қазақ халқы әдебиетінің тарихын дәл осы жүйемен жасауды, оқырман көпшілікке осы жүйеде талдап, таныстыруды жөн көреміз.

Тарих – біздің бабамыз. Әдебиет тарихы – көркем өнердін асыл арнасы. Ата-бабалардан қалған асыл қазынасы. Әр халық та өзінің баба тарихымен, көне мәдениет үлгілерімен мактанатын болса керек. Сондай, мұрасына мойынсұнар көне мәдениет үлгісі мол халықтың бірі – көне түркі халқы. Бізде бір жаман әдет бар. Қазақ әдебиеті жас әдебиет деуге кұмармыз. Солай деуге бейім тұрамыз. Әдебиеттің жастығы, әдебиет тарихының кенжелігі мақтаныш болмаса керек. Шын мақтанатын қасиет сонда, егерде халкымыздың рухани мәдениеті тым тереңде жатқан болса, оны қазып, аршып алып, дәлелдеп, бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеуге қызмет еткізе білсек.





Бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Кешегі таих – бүгінгі аңыз. Ел мен жердің, әдебиет пен мәдениеттің қалыптасуы мемлекеттің өркениетінің айқын көрсеткіші. Осы жолда аянбай еңбек еткен Б.Кенжебаев әдебиет тарихының зерттелуіне зор үлес қосты. Ғалымның сүбелі ойлары мен тағлымды тұжырымдарын біз негіз етіп отырған «Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу» және «Әдебиет тарихын зерттеудің кейбір мәселерлері» атты қос мақаласынан көре аламыз.

Алдымен әдебиет тарихын зерттеу деңгейін көтеруді айтады. Кейін қазақ ру-тайпаларының мекен еткен жерлерін, сол мекендеріне қарай даму өркениетін баян етеді. Қазақ руларының өмір бойы көшіп жүрмегенін, жартылай отырықшы болғандығына дәйек келтіреді.


«Қыстақты, кентті, қалалы жерлерді мекендеген, солардың маңында тұрған. Мал өсірумен қатар, егіншілікпен де, ұсақ қолөнер кәсібімен де айналысқан. Сондай-ақ әлеуметтік, шаруашылық тіршілігіне сай қазақ руларының әр кезде өзіндік мәдениеті де болған. Өйткені тарихта ешқандай мәдениеті болмайтын, әртүрлі өнер, мәдени, әдеби шығарма жасамайтын адам қоғамы, ру-тайпа, халык болған емес, болмайды да», - дейді.

Б.Кенжебаев әдебиет тарихын 5 кезеңге бөліп қарастырады. «Біз қазақ халқы әдебиетінің тарихын дәл осы жүйемен жасауды, оқырман көпшілікке осы жүйеде талдап, таныстыруды жөн көреміз», - дейді ғалым өз мақаласында.


Тарихымызда шын мақтанатын қасиеттің бар екенін, халкымыздың рухани мәдениеті тым тереңде жатқан, оны қазып, аршып алып, дәлелдеп, бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеуге қызмет еткізе білу керектігін басты назарға алады.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет