Орындаған: Жаппасбай Гүлзат Тақырыбы: “Ойлан, тап” Мақсаты



Дата02.12.2023
өлшемі21,75 Kb.
#132741
түріСабақ

Орындаған: Жаппасбай Гүлзат
Тақырыбы: “Ойлан, тап”
Мақсаты: Оқушылар қазіргі білім негізіндегі Қазақстан тарихының өркениет құндылықтарымен байланысын анықтай отырып жан-жақты білімін, ойлау, сөйлеу шешендігін шындау арқылы өз интеллектуалдық қабілетін арттыру.
Міндеттері:

  • Қазақстан тарихы пәнінен білімдерін шындау;

  • Сөйлеу, ойлау, шешендіктерін арттыру;

  • Өз тарихын құрметтеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: интеллектуалдық шоу – «Ойлан, тап!» сайысы.
Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымы, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар, білім нәрін игерген оқушылар! Тәуелсіздік алып келген оң өзгерістер де білім саласындағы Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік өмірдегі барлық табыстар тәуелсіздіктің нәтижесі. 30 жыл толып отырған шақта мектебіміздің білімді оқушылары арасында апталық «Ойлан, тап!» атты интеллектуалдық сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Сан ғасырлар тарихынан кешегі,
Туған жердің шежіресі өседі,
Менің елім – Қазақстаным, Отаным,
Болашағы бізбен, бірге өседі дей келе, талантты, дарынды жастары ойыншылармен таныстырып өтейін. Ортаға «Болашақ»- «Талапкер» тобын шақырамыз.
Жүргізуші: I кезең «Бәйге» ережесі:
Барлық екі топқа 10 сұрақтан қойылады. 1 сұрақ 10 ұпаймен бағаланады.
Бірінші «Болашақ» тобына:

  1. 25 қазан қандай ?(Республика күні)

  2. Қабанбайдың шын аты (Ерасыл)

  3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері (Т.Әубәкіров)

  4. ҚР қандай мемлекеттермен шектеседі (Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Түрікменстан)

  5. Әбу Насыр әл-Фарабидің өмір сүрген кезі (870-950 жж.)

  6. ҚР әнұранының авторлары (Н.Ә.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов)

  7. Абылай хан қай жылдары билік құрды (1771-1781 жж.)

  8. ҚР рәміздері қай жылы қабылданды (1992 ж.)

  9. Тәуелсіз Қазақстанды Ең алғаш таныған мемлекет (Түркия)

  10. Украинадағы конкурста «Әлия» әнімен бас жүлде алған әнші (Р. Рымбаева)

Екінші «Талапкер» тобына:

  1. Тұңғыш ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды (1993 ж.)

  2. ҚР «Халық Қаһарманы» және «Ғасыр адамы» жоғары атағын алған кім (Т.Әубәкіров)

  3. Шоқанның тәрбиесіне әсер еткен адам (әжесі Айғаным)

  4. Абылай неше жасынан бастап жоңғарларға қарсы күреске қатысты (15 жас)

  5. Тарих атасы (Геродот)

  6. Кенесары Қасымұлының көтерілісі қай жылдары болды (1837-1847 жж.)

  7. «Қазақстан — 2030» стратегиялық бағдарламасы қай жылы жарияланды (1997ж.)

  8. Абылайдың лақап аты (Сабалақ)

  9. Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек (Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Сейфулин)

  10. «Шежіре» дегенімізді қалай түсінесіңдер

Жүргізуші: II кезең «Көкпар» ережесі:
Мақал-мәтелдің……көп нүктенің орнындағы сөзді тауып, ол сөздің қазақ, орыс және ағылшын тіліне аударып айту керек. Қазақша, орысша – 20 ұпай, ағылшын тіліне 30 ұпай беріледі.

  1. Туған жердей……болмас, туған елдей ел болмас (жер,земля,earth)

  2. Еріншек……істейді (екі, два, two)

  3. ……пейілді болса, шәкірті зейінді келеді (ұстаз,учитель,teacher)

  4. Білім теңіз, мектеп…….(кеме,корабль,ship)

  5. Отансыз……ормансыз бұлбұл (адам,человек,human)

  6. Ұяда не……..ұшқанда соны ілерсің (көру,видеть,see)

Жүргізуші: III кезең «Егер де мен…..»
Бірнеше тақырыптар ұсынылады. Соның біреуін алып, оқушылар өз ойын айтады. Уақыты 5 мин, онда оқушы шешендік өнерін, ой қорын, тілдік байлығын байқату қажет. 50 ұпай беріледі.
«Білгенге білім – байлық, бағасы артық,
Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.
Үйренсең өнер білім, өнеге мұра,
Таусылмас тау кенінің қордасында» деп Омар ақын айтқандай, сайысшыларымыздың шешендігін байқайық.

  • «Егер де мен………мектеп директоры болсам»

  • «Егер де мен………білім министрі болсам»

  • «Егер де мен……….қала әкімі болсам»

  • «Егер де мен……….спортшы болсам»

  • «Егер де мен ……….мұғалім болсам»

Жүргізуші: IV кезең «Білім ағашы»
Көңілін халқынның таптын бүгін
Елес қой мынау бізге жат күн бүгін
Бір бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық
Байқайық оқушылардың тапқырлығын.
Бұл айналымда оқушылар сұрақтарға жылдам жауап беруі керек, сұраққа тез және дәл жауап бергендеріңіз есептелінеді. 10 ұпай беріледі.

  1. Қазақтың үш биі (Қазыбек, Әйтеке, Төле)

  2. «Жеті жарғы» заңдар жинағын кім шығарды (Тәуке хан)

  3. ҚР рәміздерін ата (Ту, Елтаңба, Әнұран)

  4. «Пайғамбар» сөзі қандай мағына береді (Алланың жердегі өкілі)

  5. Абылайханның өмір сүрген жылдары (1711-1781 жж.)

  6. Ел астанасы Астанаға қашан көшірілді (1997 ж.)

  7. Төл теңгеміз айналымға қашан енді (1993 ж. 15 қараша)

  8. «Алтын киімді» адам қай жерде жерленген (Есік)

  9. Сақтармен соғысқан парсы патшасы (Кир)

  10.  Сақтар неше топқа бөлінеді (3)

  11.  Абайдың шын есімі (Ибраһим)

  12.  Абылайдың шын есімі (Әбілмансұр)

  13.  «Тарих» сөзін алғаш кімдер қолданды (арабтар)

  14.  Абайдың анасы (Ұлжан)

  15.  Ең алғаш қағазды ойлап тапқан кімдер (Қытайлар)

Жүргізуші: V кезең «Бекет»
Хандар мен ақындардың билік еткен жылдары мен өмір сүргені. Әр қайсысына 20 ұпай беріледі. Берілген тапсырманы сәйкестендіру керек.
1841-1847 Абылай хан
Б.з.б. 484-425 жж. Кенесары хан
1771-1781 Ш.Уалиханов
1680-1778 Тәуке хан
1845-1904 А.Құнанбаев
1680-1718 Бөгенбай батыр
1835-1865 Геродот
Жүргізуші: Қорытынды
Кімдер жүйрік , өнерпаз білейікші
Оқушылар үйінің дарабозы деп жүрейікші
Әділқазыларға тек әділдікті
Ал, білімді жастарға сәттілік тілейікші
Құттықтайық ал енді
Жеңімпаз болған ұланды
Өнерге жүзіп өнері
Тауға өрлесін талабы
Қуаныштан жанары,-дей отырып бүгінгі «Ойлан, тап!» атты интеллектуалдық сайысымызды аяқтаймыз.
Қолданылған әдебиет:
1. Мақал-мәтелдер. ErKeTai.KZ
2. Қазақ тілі мен әдебиеті. ШЫҢ кітабы Қ. Ибрагимов Алматы 2010
3. «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» журналы. Алматы №5 2018 4. Қазақстан тарихы өқу-әдістемелік құрал. Іргебаева Ғ.Д. Алматы 2018

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет