Орындаған: Мырзабаева Нұргүл Тексерген: Сарсенбаев Ақылбек



бет1/2
Дата20.10.2022
өлшемі0,5 Mb.
#44444
  1   2

ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ КӨЛІК АКАДЕМИЯСЫ Саяси ойлар тарихындағы басқарудың дұрыс және бұрыс формалары

Орындаған:Мырзабаева Нұргүл

Тексерген:Сарсенбаев Ақылбек


Жоспары:

Батыс елдер ішінде саяси идеялар ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда қоғам шығыс елдер мен салыстырғанда онда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді.Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып қалған калалар құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық жəне құл иеленушілік демократиялық орын алды. Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар өте көп. Олардың ішінде ең көрнекті Платон мен Аристотель
Платон (б.з.б. 427-347 ж.ж.)
Шын аты – Аристокл Платон атақты фəлсафашы Сократтың шəкірті Платонның 200-ден астам еңбектері бар Олардың ішінде саясаттаану ғылымына қатысы бар шығармалар “Мемлекет”, “Саясатшы”, “Заңдар”, “Софист”, “Парменид”.
Платон қоғамды үш сословиеге бөлді:
Əкімдер
Қорғаушылар
Өндірушілер
Əкімдерге - фəлсафашыларды жатқызды. Олар табиғатынан шындықты, ақиқатты, игілік идеясын саралап, танып-білуге қабілетті, икемді болуы керек.к
Қорғаушылар- олар әкімдердің ой, ниеттерін іске асырады, мемлекетті қорғайды.
Өндірушілер- өмірге керекті қаржыларды тауып, мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Олар билеу ісіне араласпайды.
Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді:
Тирания
Аристократия
Олигархия
Тимократия
Демократия
Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақылестілік, парасаттылық билейді, оның прициптері-адамгершілік ар-намыс деп санады. Платонның ойынша адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар бірігудің арқасында ғана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады
Аристотель
Ежелгі грек философы Аристотельдің түсінігінде мемлекет отбасы секілді табиғи даму нəтижесінде пайда болған. Отбасы мен ауылдар –адамдардың өзара араласуының алғашқысы формасы. Мемлекет – араласудың жоғары формасы. Адам – саяси жануар жəне ол өзінің дамуын мемлекетке келіп тоқтатады. Ғалымның айтуынша, мұндай деңгейге барлық халықтар жете қойған жоқ. Мəселен, варварлар өмірдің саяси формасын жасауға қабілетсіз, өйткені олардың адами табиғаты жеткілікті деңгейде дамымаған еді. Платонның идеалды мемлекет туралы жобасымен келіспеген Аристотель саяси құрылымдар түрлерінің өзіндік классификациясын ұсынды. Ол мемлекеттің 3 дұрыс жəне 3 бұрыс түрін ерекшеледі. Аристотельдің мемлекеттерді дұрыс жəне бұрыс деп анықтау қағидасы адамдарға бақыт сыйлау үшін мемлекетке не қажет екендігіне негізделген. Мемлекетте заңдар болады жəне ол заңдарды билік мемлекет пен оның азаматтарын қорғау үшін пайдалануы тиіс. Ал азамат болу үшін бірқатар азаматтық құқықтарға ие болып, өзі тұратын елдегі мемлекеттік құрылымның негізгі қызметтерін атқаруы қажет, яғни заң шығару, əкімшілік жəне сот қызметтерінде жұмыс істеп, мемлекетте бекітілген құдайға сыйыну
Аристотель
Дұрыс
Монархия
Аристократия
Полития
Бұрыс
Тирания
Олигархия
Демократия



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет