Осылардың ішіндегі ең маңыздысы - ол ұзақ уақытқа созылған ультракүлгін сәуленің зиянды әсері.
Ультракүлгін күн сәулесінің қуаттылығы тәуліктің 12-16 сағат арасында артады,осы уақытта күнге қақталу қауіпті.Бұған қосымша техникалық лас заттардың зиянды әсерінен ауадағы озон қабаты тесіліп,одан ультракүлгін сәуленің көп мөлшерде өтуіне мүмкіндік туады.Бұлжағдай тері рагының пайда болуына қолайлы кез болып саналады.
Тері рагы рентген сәулесінің әсерінен де пайда болады.Бұған өткен ғасырдың басындағы тіркеуге алынған рентгенологтардың кәсіптік тері рагы мысал бола алады.
Тері рагы рентген сәулесінің әсерінен де пайда болады.Бұған өткен ғасырдың басындағы тіркеуге алынған рентгенологтардың кәсіптік тері рагы мысал бола алады.
Ұзақ уақытқа созылған термикалық фактордың әсерінен үнді тұрғындарының шап аймағындағы терілерінде рак ауруы анықталған.Бұлар,суық биік таулы суық жерде (Гималай)тұратындықтан шап аймағына,өздерінжылыту үшін,түбекке(“кангри")оттың шоғын салып жүрген.
Кейбір химиялық заттардың –мышьяк,көмір майы,жанып кеткен отын қалдықтары,бояулар,күл-қоқыстар т.б да,әсері бар өндірістерде жұмыс істергендердің арасындатері рагы жиі байқалған.
Темекінің де әсері бар,оны шекпегендерге қарағанда,темекі тартқандардың арасында тері рагы екі есе жиі тіргелген.