Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықарлық Қазақ-Түрік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдістерінің дамуы
Орындаған: Тұрғанбек А.
Тобы: ЖХБ-312
Туркестан 2023
Қабылдаған: Маг оқ. Үмбетова А.
Жоспар:
1. Мектепке дейінгі таным туралы түсінік
2. Мектеп жасына дейінгі баланың дүниені тану арқылы тілі даму үрдісі.
3. Танымдық үрдісін дамытуға арналған әдістер.
4. Қорытынды
5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Мектепке дейінгі «Таным» білім беру саласында баланың танымдық құзыреттілігін, сенсорлық эталондар жүйесін, зерттеушілік, заттық әрекетті қалыпы баланың қоршаған ортада бағдарлануын кеңейту және молайту бойынша педагогикалық жұмыстардың мазмұны, міндеттері мен мақсаттары көрсетілген. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:
- сенсорика;
- құрастыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде - қоршаған ортамен таныстыру жүзеге асады.
Қоршаған ортамен таныстыру – балаларды қоршаған заттардың көп түрлі қызметін айқындауға және олардың адам өмірі, табиғат құбылыстары туралы тусініктерін толықтыру. Өзі және айналасындағы адамдар туралы түсініктерін қалыптастыру. Балаларда өзі, өзінің аты-жөні, сыртқы түрі («Қолың қайда?, «Көзің қайда?», «Мұрның қайда?»), өзінің іс-әрекеті (қолын жуды, жеді, ойнады, шомылды, т.б.) ниеттері (қыдыру, ойнау, тамақ жеу, т.б.) туралы қарапайым түсініктерін калыптастыру. Жақын адамдары мен отбасы мүшелері (ата-әже, әке, ана) туралы түсініктерін бекіту. Балаларда когамдық өмірдің пы жагдайлары жайлы қарапайым түсініктерін қалыптастыру «Сатушы тәте», «Дәрігер аға», «Жүргізуші аға», т.б.). болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, ол танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып санала Танымдық белсенділікті психологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыр жағдай. мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту дале тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.
Ойлау адам өмірінде аса қымбат заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларда бар себептерді табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады. Сондықтан тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне күш жұмсауы керек. Өйткені дұрыс ойлау ұрпақтан ұрпаққа табиғи түрде беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы да қалыптасады .Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі - логикалық ойындар. Логикалык ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді. Мектепалды даярлық, балаларын логикалық ойлауларын дамытудың негізгі кезеңіне жатқызуға болады екені балалардың ойлары осы кезде нақты бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды. Сондықтан мектепалды даярлықта балалардың ой - өрісі қалыптасып және заттарды тиісті ұғымда өздерінің ойларын дәлелдеуге үйрене бастайды. ұғымдарға жақының, Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйе логикалық ойлануға сүйенеді дейді Г. Жолтаева. Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз карапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек қателеспейміз. Оны жүйелі түрде шыңдау тәрбиешінің басты міндеті. Педагогика және психология зерттеулері бойынша балалық шақ баланың жеке тұлға болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік қасиеттер, ақыл-ойы, логикалық және баскалай қалыптастырудың ең негізгі кезеңі болып табылады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе,ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.
Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.
Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты жұмыс істеу де өте маңызды.
Үшіншіден, балабақшада еңбек толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибе пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты тұлғаны оқыту дамыту. Бұл мақсаттар өзара тыгыз байланыста болганда гана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін маңызы ерекше. Даму барысы:
1. Зердесін дамыту
2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту
3. Құрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту
4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту
5. Танымдық үрдісін дамыту
6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту
7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту
А. Есенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді.
Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені кумартып луге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар ете байқағыш стегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ерекше сұрақтар балалардың и Муллах ережен ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жон. Себе сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін. В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейінгі және жасындағы балаларда мінез-құлық мотивациясы: мінез-құлықтың саналы регуляциясы күшейеді, мотивтер мен кажеттіліктер көлемі ұлғаяды, рухани және материалды қарым-қатынасқа деген қажеттілік нығая түседі. Көп білу, басқалардан жоғары болу, өзі жасай алу сияқты карапайым қажеттіліктер пайда болады .
Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниені тану арқылы тілін дамыту үшін балалардың сезімдік тәжірибиесінің орасан молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың балаға тән түрлерін игеру, киялды дамуы, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамаларының қалыптасу кезеңі болып табылады. Баланың сөйлеу тілін дамыту, меңгеруге бағытталған материалдарды жинақтай отырып, тілін дамытуды ұйымдастыру, баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру зіл дамытуда әдіс тәсілді тиімді пайдаланып, оны түрлендіру болып табылады.
Мектепке дейінгі балаларды айналамен таныстыру- бұл олардың санасына қоршаған орта, табиғат турал сезілетін тәжірибесіне негізделген шындық тұрғысынагы білім қалыптастыру және оған деген дұрыс қарым-қатынасқа тәрбиелеу ісі. Балалар ересектердің әсері арқылы адамгершілік қарым- қатынаста бола отырып, қоршаған ортаны, ондағы табиғат құбылыстарын және басқа өмірді тани біледі. Айналамен таныстыру барысында кеңістік, уақыт, заттың пішіні, түсі, сапасы, салыстырмалы түрде үлкен-кіші, қатты, сұйық деген ұғымдар қалыптасады. Қоршаған ортамен және оның түрлерімен таныстыра отырып, балалардын ұғымын кеңейтеміз. Әрбір бала өзінің қоршаған ортасын айнала құбылыстарды тану арқылы жетіледі.
Коршаған ортамен таныстыру арқылы тілін дамыту. Қоршаған ортамен таныстыру бойынша балалар өзінің аты-жөнін, жасын, жанұясын, балабақшадағы тәрбиешілермен топтағы балалардың аты-жөніндерін тани бастайды. Балабақшаның ішкі құрылысымен таныстырылып, топ бөлме, асхана, дәрігер бөлмесі, т.б айырмашылықтарын ажырата бастайды.Сонымен қатар әр бөлмеде жұмыс түрін қажетті құралдарды, олардың аты, не үшін кажет, неден жасағаны, қайда, кімде, қандай, кім не істейді сұрақтарына дұрыс беруге балабақшада өздері немен шұғылданатыны туралы әңгімелейді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. танымдық үрдісін дамыту; өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту; өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту.
Баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі, 4-5 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады
Баланың ойында не бар, ол не істей алады, жасы өскен сайын ол қалай өзгеріп, нені үйреніп келеді дегенді анықтау, оған әсер ететін себептерді іздестіру балалар психологиясының маңызды міндеті. Сол себепті балалардың физиологиялық-психологиялық дамуына ерекше көңіл бөлініп, жағдай жасалынуы қажет.
Балабақша оқыту-тәрбиелеу бағдарламасының мазмұны мен талаптарын орындау мақсатында төмендегі қағидаларды негізге алады:
Бала өмірін сақтау, денсаулығын нығайту, толыққанды дене бітімін
дамыту, ұлттық дәстүр негізінде салауатты өмір салты құндылығын қалыптастыру;
Баланың танымдық дамуы, интеллектуалдық іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастыру, танып білуге қызығушылығын арттыру;
Баланың бойында эстетикалық сезімді дамыту, бейнелеу, көркемдік-тілдік, музыкалық іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту;
Баланың сөйлеуін және ана тілін, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;
Халықтық салт-дәстүр негізінде ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Балабақша табалдырығын аттап келген әр баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау, оған заман талабына сай тәрбие мен білім беру — кез-келген педагогтың басты міндеті.
Ал, бұл міндет кез-келген балабақшада жетекші бағдарлама, сонымен қатар жалпыға міндетті мемлекеттік стандарт көмегімен жүзеге асады.
Қазіргі таңдағы кез-келген педагогтың алдына қойылатын негізгі міндет — баланың танымдық әрекетін ұйымдастыру және оны басқаруды үйрену, балаға белгілі нәтижелерге қол жеткізу үшін оның өздігінше еңбектенуін ұйымдастыру.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында– баланың танымдық үрдістері: тілі (сөйлеу), қабылдауы, ойлауы, зейіні, есте сақтауы, қиялы дамиды.
Балаларға экологиялық тәрбие беруде педагогтың ұйымдастырған жылулық шеңбері арқылы баланың сөздік қоры молаяды. Достарының қойған сұрағына ойланып жауап беруге талпынады, серіктерінің ой-пікіріне зейін аударады.
Ал қоршаған ортамен таныстыруда кеңінен қолданылатын тәжірибе жұмысын жүргізу баланың логикалық ойлауын дамытып, ой өрісін кеңейтеді. Одан алған әсерін үйдегі ересектерге хабарлап айту арқылы баланың есте сақтау қаблетінің көлемі ұлғаяды, әңгіме, ертегілерді оқып, әңгімелеп беру арқылы бала тілі жаттығады, ойдан ертегі немесе өлең, әңгіме құрау барысында қиялы дамиды.
Балаларды әңгімелесуге тарту арқылы педагог шығарманың мазмұнын толық және терең қабылдауына көмектеседі. Қандай да бір ойыншықты немесе көрнекі құралдарды қолдану арқылы бала зейінін шоғырландыра алады.
Апта бойы қабылдаған ақпаратты ой елігінен өткізіп, есінде қалған тұстарын айту арқылы құрбыларымен пікір-таласқа түсіп, шығарма кейіпкерін елестетіп, оған өз қиялын қосып кейіптендіруге жаңаша рең береді. Бала өзінің барлық ойлағанын, қоршаған ортадан алған әсерлерін тірі бейнеге немесе әрекетке енгізуге тырысады.
Балалардың кейіпкерлер сөздерін жаттанды түрде айтуы, шығарма мазмұнын нақты әңгімелеу – басты мақсат болмағандықтан, балаға өз сөзімен, білгенімен, сөздік қорының мөлшеріне қарай әңгімелеуге мүмкіндік туады. Бала өзіне түсінікті сөздерді қолдана отырып серіктерінің ортасында өзін жақсы сезінеді.
Педагогтың шебер басқаруымен балалар есте сақтаған материалдарын дамытуға, әңгімелеуге, тілін ертегі желісін басқаша аяқтап дамытуға, шығарма кейіпкерінің жақсы мен жаман мінез-құлқын ой елегінен өткізіп қорытынды жасай білуге үйренеді.
Балалардың психикалық үрдісін дамыту, оны тиімді арнаға бұруда ұсынылатын ұсыныстар:
жылулық шеңберінде дайын өлең тақпақтарды жатқа айтып қана қоймай, баланы ойландыруға, сөйлеуге жетелейтін көрнекі құралдар қолдану;
шығарманы талдағанда мүмкіндігінше баланың жауаптарын толық тыңдау;
қойылған сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру;
кейіпкер сөзін өз сөзімен әңгімелеуге итермелеу;
бала жауабын толық тыңдау, өзі айтып беріп оны қайталатпау;
баланың кез-келген жұмысын бағаламастан бұрын оның өз ойын білу;
Қазіргі уақытта танымдық үрдістерін дамытатын ойын жаттығуларды, әнгімелерді көптеп кездестіруге болады.
«Таным» балалардың қоршаған ортаға қызығушылығын арттырып, экологиялық білімді меңгеруге, экология — тірі организмдердің тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін, биологиялық ғылым екенін түсіндірумен қатар, адам табиғатты, оның байлығын сақтай білуге, жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарларды қорғап, адамдардың рахымсыз іс-әрекеттерге бармауына, табиғат тазалығын сақтауға үйретеді.
Егер сөйлеу, ойлау, қабылдау процестерінің дамуы қалыпты жағдайда жүрмесе баланың ой-өрісінің дамуы да кейін қалады. Бала бұл жаста өзін еркін ұстап, өз бетімен әркет жасап үйрене алмайды, олардың дамуында жол көрсететін, өмірге бейімделуіне жағдай жасайтын адам болу керек. Қандай адамзат баласы болмасын баланың әлеуметтік жағдайына бейімдейтін, үйрететін ата-анасы болып табылады.
Бүгінгі күні мектепке дейінгі жастағы балалардың толық интеллектуалды даму мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Интеллектуалды толық дамыған мектеп жасына дейінгі бала сабақты жақсы оқиды, берілген материалды тез қабылдайды, өзінің күшіне сенімді, айналасындағылармен тез тіл табысады. Сол себепті мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ұйымдастырылған оқу – тәрбие үрдісінде зейін, есте сақтау, ойлау қабілеті, елестету, сөздік қорын дамытатын және жаттықтыратын жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар арқылы балалардың ойлау қабілеттері дамиды, сабаққа деген қызығушылықтары артады.
Ойын арқылы балалардың танымдық қабілеттілігін дамыту
Баланың ақыл –ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс -әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау, ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау аса күрделі психологиялық процесс. Бұлардың ішінде психология мен логиканың орны ерекше. Психология бірнеше жас ерекшеліктердің ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшелігі мен заңдылығын қарастырса логика –бүкіл адамзатқа ортақ ой-әрекет заңдары мен формаларын айқындайды, ол адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пайым, дәлел сияқты ой формаларының табиғатын зерттейді.
Ойынның бірнеше түрлері бар: қимыл- әрекеті, логикалық, ұлттық, грамматикалық, дидактикалық, рөлді- сюжетті. Тиімді қолданылған ойынның түрлері оқытушының түсіндіріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласпен орындайды.
Ойын арқылы ұйымдастырылатын сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады. Оқытудың түпкі мақсаты- оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге, оның әдіскерлік, танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру.Ойын түрін оқу үдерісінде пысықтау, жаңа сабақты пайдалану тиімді.Ойын түрі сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі.Баланың әдепті, көрегенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім. Ойын қызметінің тағы бір ерекшелігі- оның өз әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар,ойынды жасаушылар болып табылады. Білім мен тәрбие бастауын балалар балабақшадан алады. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие саласы мамандарының алдында жан - жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орыны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Бүлдіршіндердің білімді, білікті, саналы болуында ойынның алатын орны ерекше.
3-4 жастағы баланың танымдық дамуына арналған ойындар
Ойын : «Не артық?»
Мақсаты:суреттерді салыстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Психолог балаларға үш қатар суреттері бар бетшелерді ұсынады.Әр қатардағы бейнеленген заттарды сипатына қарай мұқият қарап ,басқаларынан өзгеше біреуін табуын өтінеді.Осылайша әр қатардағы заттардан бала артығын табады.
Ойын: «Не жетіспейді?»
Мақсаты: көзбен қабылдау және ойлау қабілетін дамыту.
Психолог балаларға бірнеше заттардың суреті бар бетшелерді ұсынады.Суретті мұқият қарап,әр заттың жетіспейтін бөлшегін табуын сұра йды.
4-5 жастағы баланың танымдық дамуына арналған ойындар
Ойын: «Жұбын тап»
Мақсаты:заттардың арасындағы байланысын таба білуге үйрету.
Психолог балаларға бірнеше заттың бейнесі бар суреттерді береді.Оларды мұқият қарап,екі-екіден жұптастырып қарындашпен сызып көрсетуін өтінеді.
Ойын: «Есіңде сақта»
Мақсаты:есте сақтау қабілетін дамыту.
Психолог балаларға пішін бейнеленген карточканы ұсынып, мұқият қарап алуын сұрайды.Балалар оны есінде сақтап, содан соң суретін салады.
Ойын: «Бір сөзбен ата»
Мақсаты:ойлау қабілетін дамыту.
Психолог балаларға әртүрлі суреттері бар карточка ұсынады.Балалар әр қатардағы заттарды бір сөзбен атауы қажет.
Нәтижесінде, ойын:
1. Әр түрлі жастағы балаларды өз еркімен дамыту әрекетінің түрі;
2. Бала әрекеттерінің ішіндегі ең еркін түрі, онда айналаны қоршаған әлемді тани, сезіне білуі, өзін – өзі тануы, өзін – өзі көрсетуі белсенді түрде жүзеге асады.
3. Даму тәжірибесі, бала ойын үстінде дамиды, даму үшін ойнайды.
4. Балалар қарым – қатынасының негізгі ортасы, ойын барысында құрдастарына, үлкендерге деген өзара қарым – қатынас қалыптасады.
Балалардың танымдық іс-әрекетін дамыту, олардың жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыруда оқу-зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор. Танымдық іс-әрекеттің шығармашылыққа ұмтылу арқылы сипатталады.Өз бетімен білім алуға ұмтылу танымдық ізденімпаздықты қажет етеді .Зерттеу жұмыстары оқу үдірісімен қатар жүре отырып ,оқушының танымдық біліктерінің дамуына негіз болады.Әсіресе ,бұл жұмыстарда әр оқушының жеке мүмкіндіктері мен қасиеттері айқындалады.
Ендігі жерде мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның денсаулығын нығайту, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде мектепке даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді
Қорытынды бөлім
Мектепке дейінгі балалық – адам өміріндегі қысқа кезең, бар болғаны алғашқы жеті жыл. Бірақ баланы ересектерден бөлетін дәл осы кезең, қамқорсыз сәбидің біршама толыққанды, белсенді тұлғағ айналады.
Мектепке дейінгі балаларда ойлау қабілетін дамыту мәселесі жалпы білім беру саласында маңызды орынға ие болатын мәселелердің бірі болып табылады, себебі, ойлау қабілетінің даму деңгейі баланың келешекте мектепте оқытудың нәтижелілігіне ықпалын тигізеді.
Мектепке дейінгі балаларда өз өмір тіршілігі мен күнделікті іс-әрекетінде әр алуан мәселелерді шешіп отыруына тура келеді. Осындай мәселелер мен күрделі істерді шешу жолында кездесіп отыратын қиыншылықтар қоршаған ортамызда бізге әлі де беймәлім құбылыстар мен, сыры ашылмаған нәрселердің көп екендігін көрсетеді.
Айналадағы дүниедегі заттар мен құбылыстар еш уақытта жеке-дара ұшырамайды. Олар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста, байланыста болып отырады, бірақ осы байланыс, қарым-қатынастың барлығы бірдей әр уақытта адам санасында сәулелене бермейді. Ал мектепке дейінгі балаларда қабылдауы дүниедегі жеке-жеке нақты заттарды ғана қабылдайтын болса ойлауда кісі олардың арасыңдағы қатынас, байланыстарды танып-білуі керек.
Психологиялық ғылымда ойлау деп ақиқат дүниені өзара барлық байланыс, қатынастарымен сәулелендіретін психикалық процесті айтады. Ойлау біткеннің барлығы дұрыс бола бермейді, кейде адамның ойы айналасындағы дүниені сәулелендіруде қателесіп отыра-ды, Ақиқаттық дүниені объективтік үрдс дұрыс сәулелендіретін ой ғана дұрыс болып шығады
\
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Бейсенбекова Г.Б,Молдабаева Р.А,Нұрғалиева С.М. Жас ерекшелік психологиясы
Ахметов Ж. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу жолдары. //Қазақстан мұғалімі, А., 1994.
Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. Астана, 1998. 7. Е.Сағындықұлы. Педагогика. А, 1999.
Айтмаметова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.-А., 1991.
Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. А.. 1999.
Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Окулық, Алматы-2005-1236.
М.Қалиева. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісінде енгізу жолдары. Алматы 2002.
Коянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы.0
Достарыңызбен бөлісу: |