Дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың
“ұқсастануының” кешендік үрдісі.
Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді.
Соның ішінде америкалық мәдени дәстүр “планетарлық” деп аталынып жүр.
Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалық, америкалық, шығыстық,
мұсылмандық және үнділік) синтезі көріне бастады.
Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді
Экономикалық жаһандану
Екі үрдістің жиынтығын — нарықтардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың,фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі.
Жаһанданудың нақты сипаттары бар: а) үлкен компаниялардың жетекші рөлі; ә) жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі; в) жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі; г) барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы т.б.
Ақпараттық-коммуникациялық жаһандану
Коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады.
Өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен бөлігін компьютрлендіру мен роботтау
жүреді
Этникалық жаһандану
Негізгі екі үрдістен тұрады —планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы.
Әлемдік экономикамен бірігу өзімен бірге жаңа технологиялар мен идеяларды ала жүреді, халықаралық сауданы дамытады, инфляцияны жұмсартады, инновацияларды жеделдетеді;
Ашықтық адамдық факторға инвестицияларды ұйғарады: білім беруге, денсаулықты сақтауға, инфрақұрылымға;
Өзгерістер билікті саяси және экономикалық реформаларды жүргізуге мәжбүрлейді;
Электрондық сауда, ақпаратқа сүйенетін «жаңа экономика» адамдардың басты қор бола бастайтынын көрсетеді. Теңдік идеясы әрбір адамның өзіндік құндылығымен ауыстырылды, әрбір адамның мүмкіндігін дамыту міндеті қойылды;
Сепаратизм мен діни экстремизмге қарсы әрекеттену мүмкіндігі.
Жаһанданудың жағымсыз жағы
Дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі.
Қай ұлттың рухани мәдениеті күшті болса, сол ұлт өмір сүруге бейім болады да, рухани мәдениеті әлсіз елдер ассимиляцияға ұшырап, өз-өзінен жойылып отырады.
Қирату құралы – әскери потенциалдың шамадан тыс артуы және жетілуі.