7-дәріс. Монополия. Монополистің тепе-теңдігі Монополияға тән сипаттар Монополия



бет1/6
Дата08.02.2023
өлшемі121,08 Kb.
#66259
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
7-ä?ð³ñ. Ìîíîïîëèÿ. Ìîíîïîëèñò³? òåïå-òå?ä³ã³ Ìîíîïîëèÿ?à ò?í ñè


7-дәріс. Монополия. Монополистің тепе-теңдігі

1. Монополияға тән сипаттар


Монополия – нарық үлгісі, оның негізгі сипаттамалары: бір сатушының қолында нарық ұсынысының шоғырлануы, субтитут – тауарлардың, салаға кіру үшін кедергілердің жоғы. Дүниежүзінің дамыған елдерінде ХІХ ғасырдың аяғында монополиялар (трестер) пайда бола бастады, әсіресе көлік пен коммуникациялар, ауыр өнеркәсібі, кең өнеркәсібі салаларында. Олар қазіргі заманда да пайда болады, негізінде компаниялардың қосылу, яғни бірігу жолымен. Бірігу, қосылу себебі: нарық үлесі айтарлықтай үлкееді де ауқым әсері қосылады (ауқым әсері монополияның өмір сүру себебі ретінде кейінірек қаралады). Бірігудің (қосылудың) бірнеше түрлерін айырады. Көлденең бірігубір салада, бір нарықта қызмет жасайтын, яғни бәсекелес компаниялардың қосылуы. Тік бірігу – бір салада, бірақ әр түрлі өндіріс сатыларында қызмет жасайтын компаниялардың қосылуы. Конгломераттық бірігу – технологиялық бір-бірімен байланысы жоқ, әр салада қызмет жасайтын компаниялардың бірігуі.
Монополиялық биліктің негізгі көздері ретінде әдетте айырады:

  1. Заңды, яғни қызметтің осы түрін жүргізуге айрықша құқық. Біріншіден, олар мемлекеттік және жергілікті органдарымен коммуналдық (шаруашылық аясындағы қызмет) немесе коммерциялық ұйымдармен беріледі (франшиза – бір фирманың екінші фирмаға белгіленген қызмет жасауға берілетін монополиялық құқық), екіншіден, авторлық құқық аясында заңнамамен қамтамасыз етіледі (патенттер, лицензиялар). АҚШ заңнамасы бойынша өнертапқыш өзіне берілген заң жүзінде бекітілген айрықша құқығын 17 жыл бойы сақтайды. Дәл осы жағдай «Ксерокс», «Ай-би-эм», «Майкрософт» сияқты алыптардың өсіп, орнығып, дамуында басты рөл атқарады.

  2. Экономикалық – олар бөлінеді:

а) ауқым әсеріне – қызметтің кейбір аяларында тұрақты жағымды әсері байқалады; бұл жағдайда баға бәсекесі мынаған әкеледі: салада ең аз ұзақ мерзімді орташа шығындарды қамтамасыз етуге қабілетті бір ғана фирма қалады. Мысал ретінде ауыр машина жасау, өнеркәсіптің алюминий, болат балқыту салалары, оларды барлық елдерге бір компания – өндіруші жібереді.
б) ресурстарды (қорларды) бақылау – бір ресурстың (қордың) өндірісіне монополиялық құқығы бар фирма автоматты түрде басқа фирмалардың өндірісін жаба алады (оларға осы ресурс қажет болса да). Осылай, кейбір трансұлттық корпорациялар өз монополиялық орнын ұстап тұр, шикізаттың негізгі көздерін бақылаудың арқасында, мысалы, «Де Бирс» компаниясы дүниежүзілік алмаз рудниктерінің көбіне ие болушы.
в) тұтынушылардың ұнатымдары – кейде тұтынушылар бір ғана сауда маркасының өнімдерін тұрақты түрде ұнатады. Монополия, сонымен бірге, нарықтағы адал емес (арам) бәсекелестіктің нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Монополиялық биліктің көздеріне байланысты монополияның әр түрлерін айырады:
1 жабық монополия – оның пайда болу себебі: егер монополиялық жағдай заңнамамен қорғалса
2 ашық монополия – инновациялық (жаңалықтар) әзірлемелерімен байланысты: бір уақытта фирма бірегей тауардың жалғыз өндірушісі болып қалады – (өз жаңалығының нәтижесінде).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет